Нұр аясында (5)
Қасиетті Рамазан айы адам үшін өзін тәрбиелейтін маңызды мүмкіндік және ол өзін-өзі танудан басталады.
Қасиетті Рамазан айы адам үшін өзін тәрбиелейтін маңызды мүмкіндік және ол өзін-өзі танудан басталады. Адам өзін өзгертіп, тәрбиелеу үшін алдымен өзін жақсы білуі керек. Адам өзін тануымен бірге Алланы да таниды. Ал Алланы таныған адам, Оған қарай жақындауға талпынып, істері де Алланың ризалығына себеп болады. Жаратушы да адамға рухани ақиқатты түсінуге жол ашады. Адам жолға шыққан көлік жүргізушісі сынды, алға жүрген сайын жаңа көріністерді тамашалайды. Адам Аллаға қарай қадам басқан сайын, ол үшін көбірек ақиқаттар ашылады және аллаға деген иманы да арта береді.
Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз адамның өз болмысына ерекше назар аударуды, материалдық заттардың маңыздылығын төмендетуді білдіреді, сондай-ақ адамды адамгершілік қасиеттерге қарай жетелейді. Осы себептен қасиетті Рамазан айы - адам үшін өзінің болмысына қайта оралуына және өзінің адами мәртебесі мен мәнін түсінуге және Алланы еске алуға мүмкіндік береді. рауаяттарда кейбір адамдардың илаһи әулиелердің біріне: «Уа, шейх! Бір ер адам судың бетінен жүреді, бірақ батпайды»,- деген кезде, шейх: «Бұл оңай, өйткені құрбақа да солай жасайды»,- деді. Келесі жолы: «Біз ауада ұшатын біреуді білеміз»,- деген жағдайда: «Бұл да оңай, өйткені шыбындар мен масалар осылай жасайды»,- деді. Тағы бір кезде: «Уа, шейх! Мен қаладан қалаға көзді ашып-жұмғанша жететін біреуді білемін»,- деген де, шейх күлімдеп: «Бұл басқаларға қарағанда оңай, өйткені шайтан көзді ашып-жұмғанша Шығыстан Батысқа жетеді. Мұндай нәрседердің маңызы жоқ»,- деді. содан соң орынынан тұрып, барша еститіндей: «Ер адам өз құрдастарының арасында отырып-тұры, ұйықтап, тамақтанып, және нарықтағы құрдастарының арасында сауда жасайтын адам. Адамдармен араласыңыз және бір сәтке де Құдайды ұмытпаңыз»,- деді.
Ораза ұстау келесі шараларға ие адамдарға парыз. 1. Балиғатқа толған; 2. Ақыл-есі дұрыс, өйткені ақыл-есі дұрыс емес адам ораза ұстай алмайды; 3. Дәрмені бар адам, өйткені ораза ұстау дәрмені жоқ қарт адамдар үшін ораза тұту – парыз емес; 4. Ес-түссіз болмау; 5. Жолаушы болмау, өйткені жолаушы адам намазын қысқартып оқиды және ораза ұстамайды; 6. Етеккірі болмау; 7. Ораза зиян келтірмеуі керек; 8. Ораза ұстау қиындық тудырмауы қажет. Сондықтан, балиғатқа толмаған, ес-түссіз, есінен танған адамға немесе дәрменсіз адамға, жолаушы, етеккірі келген әйелге, сондай-ақ ораза зиян келтіретін немесе шығын (көптеген қиындық) әкелетін адам үшін ораза парыз емес. Ауызашар кезіндегі дұға өте маңызды және ауызашар сәті тілектердің орындалуы үшін өте маңызды уақыт. Хазірет Әли (ғ.с.) ауызашар кезінде мына дұғаны оқитын: «Уа, Алла, Сен үшін ораза ұстадым және Сенің ырзығыңмен ауызымды ашып отырмын. Сондықтан оны бізден қабыл ал, расында Сен Данасың». Ауызашар кезінде «Қадр» сүресін оқу, сонымен бірге бірнеше құрма болсада, садақа беру де насихатталды. Имам Садық (ғ.с.): «Рамазан айында мүмінді тамақтандырған кез келген мүмінге Алла Тағала 30 мүмінді босатқандай сый жібіреді және оның дұғасы орындалады»,- деді.
Күндердің бірінде Алла елшісі (с.ғ.с.) көкесінің баласы хазірет Әлиге (ғ.с.) былай деді: «Аба әл-Хасан! Рамазан айын жақындады, ауызашар алдында дұға жаса. Жебрейіл менің қасыма келіп: «Уа, Мұхаммад! Рамазан айында ауызашар алдында мына дұғаны оқыған адам үшін Алла дұғасын, намазы мен оразасын және тағы 10 дұғасын қабыл етеді, күнәләрін кешіреді, уайым-қайғысын кетіріп, қиындықтарын шешіп, тілектерін орындап, мақсатына жеткізеді. Сондай-ақ оның амалын пайғамбарлар мен адал адамдардың амалдарымен бірге жоғары көтеріп, қиямет күні оның жүзін он төртінші түннің айынан жарықтау етеді. Бұл дұға мына дұға»,- деді».
«Уа, Алла, уа, нұрдың Иесі және уа, Жаратушы, уа, сарқырап жатқан теңіз бен ұлы шапағат пен жеңілмейтін нұрдың Иесі! Уа, Тәураттың, Інжілдің, Забурдың Раббысы, Сен көктегі барлық нәрселердің Жаратушысысың, аспан мен жерде өзіннен басқа Алла жоқ. Сен көк пен жердегі кез келген адамның Иесісің! Уа, барлық тіршілік иелерінен бұрын тірі болған және барлық тіршілік иелерінен кейін мәңгі қалатын. Уа, өзіңнен басқа сенен басқа Құдай жоқ, Алла хазірет Мұхаммад пен хазреттің отбасына сәлем жолда, күнәларымды кешір, менің істерімді оңай етіп, алдымнан жолды аша гөр. Амалымды қабыл етіп, дін мен хазірет Мұхаммад пен хазіреттің әулетінің сүннетіне жол нұсқа. Әулиелер мен Өзіңе иман келтірген адамдарғы берген сыйыннан маған да жібер, мен де саған иман келтіріп, бір Өзіңне жабарынып, сұраймын. Тағдырым Өзіңнің қолында. Аспандар мен жердің Жаратушысы, жақсылықты бергін келген адамға беруші, нығметтерді сый етуші мені де жақсылық жіберетіндеріннің қатарына енгізе гөр. Уа, мейірімділердің Мейірімдісі рақымына үміттімін».