Сәу 23, 2021 00:38 Asia/Almaty
  • Хазірет Хадиджаның дүниеден озған күні

Қасиетті Рамазан айының 10 жұлдызы ислам әлемінің әйгілі бануының Исламның ұлық пайғамбарымен қоштасуын еске салады.

Бұл күні хазірет Хадиджаның ауруы күшейді. Алдағы жол оны қайғыдан арылтқанымен, оны ұзақ жылдар бойы, өмірдің құлдырау мен шарықтауында оған күш-қуат беріп келген ежелден келе жатқан досынан кету – оңай емес. Сүйікті әрі ұлы Пайғамбардан кету туралы ойы хазірет Хадиджа үшін азап болды. Ауру оған сондай әсерін тигізіп, ол кейбір уақыттарда ес-түсінен айрылды. Хазірет Хадиджаның жолының ауыртпалықтарды түсінген Пайғамбар (с.ғ.с.), хазірет Хадиджаға жақындап, құлағына: «Көп ұзамай теңдессіз банулардың қонағы боласын, оларға сәлемімді жеткіз»,- деді.  Хазірет Хадиджа қайта тірілгендей, көздері қуаныштан жарқырап: «Айтқан адамдарың кімдер?»- деп сұрады. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Хазірет Исаның анасы – Мәриәм, хазірет Мұсаның қарындасы – Күлсүм, Перғауынның әйелі – Әсия және ...». Хаірет Хадиджа сөзінің жалғасын естімеді. Ол хазірет Фатима (ғ.с.) туған кездегі көмекшілерін еске алып, оларды көруге асықты. Пайғамбар хазірет Хадиджаның құлағына өзін жәннәтқа кіруге дайындау туралы айтты.

 

Қасиетті Рамазан айының 10 жұлдызы ислам әлемінің әйгілі бануының Исламның ұлық пайғамбарымен қоштасуын еске салады. Хазірет Хадиджа – Алла елшісінің қайғылары мен қуаныштарында бірге болған және хазіреттің пайғамбарлық міндетін орындау жолында көмекшісі болған әйел.  Пайғамбар (с.ғ.с.) хазірет Хадиджаны кеңесшісі деп санады және оның жанқияр адалдығы, даналығы мен таңданарлық басқаруын пайдаланды. Пайғамбар (с.ғ.с.) хазірет Хадиджа туралы: «Алла Хадиджаға рақым етсін, басқалар кәпір болған кезде ол маған иман келтірді. Ол мені мені растады. Басқалар бас тартқан кезде, бүкіл мүлкін менің ықтиярыма тапсырды»,- деді. 

 

Хазірет Хадиджа - хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) адал өмірлік серігі, ол өзінің бүкіл байлығын ислам жолына сый еткен. Ол Пайғамбардың жалғыздығының көмекшісі болды және әрдайым хазірет Мұхаммадпен (с.ғ.с.) бірге даңқ, абырой және қауіпсіздік әлеміне кіргенін сезінді.  Сондықтан хазірет Хадиджа Пайғамбардың (с.ғ.с.) илаһи жолында барын салды. Уахһи періште Пайғамбарға (с.ғ.с.) түсіп,   оған пайғамбарлық міндетті жүктеген кезде, хазірет Хадиджа күйеуінің пайғамбарлығына иман келтірген және әйелдер арасында Исламды қабылдаған бірінші адам болды. Алла елшісі (с.ғ.с.) бұл туралы: «Әлемде Алла мен Мұхаммадқа (с.ғ.с.) иман келтірген әйелдердің көшбасшысы – Хадиджа»,- деген.

Хазірет Хадиджа сол кезде нәзік көшет болған Исламның дамуына және нығаюына маңызды рөл атқарды. Бұл әйгілі ханым өзінің бүкіл байлығы мен мүлкін Ислам дінінің жолында жұмсады. Басқа жағынан, Алла елшісі (с.ғ.с.) мүшріктердің азап-қорлығымен бетпе-бет келген кезде, хазірет Хадиджа өз махаббаты және мейірімімен Пайғамбарды жарық келешегіне үміттендіріп, күнделікті өмірін жүрекке қонымды етті. Суннит ғалымы Ибн Хаджар Асқалани былай деп жазады: «Хадиджаның бір артықшылығы - ол әрдайым Пайғамбарды құрметтеп, хазіреттің беғсатқа дейінге және одан кейінгі сөздерін мойындады».

Хазірет Хадиджаның лақабтарының бірі «Мүбараке», яғни «берекеге толы». Марқұм хадисшы Құми хазірет Хадиджаның Алланың алдындағы орны мен ұстанымына байланысты хазірет Исаға Алладан келген хабарында: «Ол жәннәта Мәрияммен бірге болады»,- деп айтылды. Інжілде еркіндік пен әділеттілік Пайғамбарының белгілері мен сипаттамалары туралы: «Алланың соңғы елшісінің ұрпағы жәннәта анаң хазірет Мәриәммен бірге болатын  «Мүбараке» банудан тарайды»,- деп айтылды.

Надандық дәуірінде және Пайғамбардың (с.ғ.с.) беғсатына дейін әйелдер өз құқықтарынан айырылып қана қоймай, ең аянышты жағдайда өмір сүріп, кейбір тайпалар оларды масқара санап, тірідей көмген. Осындай кезде Хадиджа ислам дінін қолдана отырып, әйелдің өмір сүруге ғана емес, сонымен бірге оның ажырамас құқықтарын талап етуге де құқылы екенін дәлелдеді. Осындай жағдайда хазірет  Хадиджа Ислам дінін қолдана отырып, әйелдің өмір сүруге ғана емес, сонымен бірге өзінің заңды құқықтарын талап ете алатынын және талпынысы арқылы жоғары деңгейге жете алатынын дәлелдеді. Алла елшісі: «Миғраж түні қайтып келе жатқанымда Жебрейіл қасыма келді. Мен: «Уа, Жебрейіл! Ісің бар ма?»- деп сұрадым. Жебрейіл. «Алланың және менің атымнан Хадиджаға сәлем айт»,- деді. Жебрейілдің айтқан сәлемін Хадиджаға жеткізнген кезімде, ол: «Алла сәлем айтқандай, сәлем мен саулық Оның қолында, Аллаға және Жебрейілге – сәлем»,- деп жауап берді»,- деген болатын. Хазірет Хадиджа – Пайғамбар (с.ғ.с.) айтқан жұмақтағы әйелдердің төртеуінің қатарына кіреді. Хазірет Хадиджа соншалықты құрметті әрі сүйікті болғаны соншалық, ол босанған кезде құрайыш әйелдері оны жалғыз қалдырғанда, Алла Тағала оған көмекке Әсия мен Мәриям сияқты пәк әйелдерді жіберіп, кімде-кім Аллаға иман келтірсе, Алланың ол үшін ең жақсы көмекші екенін көрсетті. Исламның ұлық пайғамбары өмірінің 25 жылын өзінің үлгілі және адал әйелі Хадиджамен өткізді. Бұл екі ұлы тұлға өмірінің үш жылын Әбиталиб аңғарында жаулардың қоршауында өткізді. Абиталиб аңғарында мұсылмандар қоршауға алынған кезде хазірет Хадиджа есімі мәңгі есте қалатындай талпыныс жасады.  Мұсылмандар қатты экономикалық дағдарысқа ұшыраған уақытта, ол қоршауға түскендердің қаржысын төлеуді өз мойнына алды.  Хазірет Хадиджа мұсылмандарға қажетті нәрселерді бірнеше есе қымбат бағамен сатып алды. Ақыры мүшріктердің жоспары жүзеге аспай, мұсылмандар қоршаудан босатылды.

Хиджраттан үш жыл бұрын, Пайғамбар (с.ғ.с.) мен сахабаларының  Абиталеб аңғарындағы қоршаудан шығуға әлі де көп уақыт қалған жағдайда, хазірет Хадиджа ауырып қалды. Алла елшісі адал әйеліне: «Уа, Хадиджа, Алла сені жұмақта менің әйелім ететінін білесің бе?»-деді. Содан соң Пайғамбар (с.ғ.с.) хазірет Хадиджаны жұбатты. Хазірет оған жұмақты уәде етіп, қызметтері үшін алғыс ретінде жұмақтың жоғары дәрежелерін сипаттады. Хазірет Хадиджа Ислам пайғамбарына: «Уа, Алланың елшісі! Менің бірнеше өсиетім бар: Сені үшін орындай алмаған істерім үшін мені кешір»,- деді. Пайғамбар: «Мен ешқашан сеніі кінәнді көрмедім, қолдан келгенінді жасадың. Менің үйімде қатты шаршап, мүлкіңді Алланың жолында жұмсадың»,- деді. хазірет Хадиджа: «Уа, Алла елшісі! Келесі өсиетім - мына қызға (Фатимаға) қамқор болыңыз. Өйткені ол менен кейін жетім қалады. Құрайыш әйелдерінің ешқайсысы оны қорламасың. Еш уақытта ешкім оған қол көтермесің. Ешкім оған  айқайламасың. Ешбір адам оған дөрекі қарамасын»,- деді.

 

Хазірет Хадиджаның қабірі (саудиялықтардың қиратуына дейінгі және одан кейінгі жағдайы)

Беғсаттың оныншы жылының Рамазан айында Исламды қолдаушы жанкеш бану хазірет Хадиджа 65 жасында дүниеден озды. Алланың елшісі (с.ғ.с.) хазірет Хадиджаны ғұсл құйып, Жәбірейіл Хадижаға Алла Тағаладан алып келген матамен орады. Пайғамбар қабірдің ішіне өзі түсіп, содан соң хазірет Хадиджаны жатқызды. Хазірет жылап, дұға жасап, Алладан оны кешіруді сұрады.  Исламның ұлық пайғамбары үшін ең қайғылы оқиға  адал әйелі Хадиджадан айрылуы болды деп айтуға болады. Хазірет Хадиджаның дүниеден озуы хазірет Әбу Талиб  қайтыс болуымен сәйкес болғандықтан, бұл жыл қайғы жылы деп аталды. Содан бастап хазірет Хадиджаның есімі айтылған сайын Пайғамбардың көзі жасқа толып, хазірет сәлемін жолдайтын. Пайғамбар әрдайым: «Барлығы мені қабылдамаған кезде, ол маған көмектесті», - деді.

Ислам әлемінің әйгілі бануы, Исламның ұлық пайғамбарының өмірлік адал серігі хазірет Хадиджаның дүниеден озған күніне байланысты көңіл айтамыз.

 

Тегтер