Құлшылық түндері (1)
(last modified Sat, 01 May 2021 13:22:22 GMT )
Maм 01, 2021 19:22 Asia/Almaty
  • Құлшылық түндері (1)

Рамазан жолаушысы енді бұл қасиетті айдың берекелі күндері мен түндерінен кейін құнды түнге жетті.

Рамазан жолаушысы енді бұл қасиетті айдың берекелі күндері мен түндерінен кейін құнды түнге жетті. Бұл мыңдаған айлардан артық түн. Енді қонақтарды күту үшін мейірімді Алланың тағы бір ерекше дастарханы жайылды. Рамазан мерекесінің Иесі өзінің шынайы уәделерінде осы түндегі сыйлықтарды қаншалықты әдемі сипаттаған.  Бүгін түнде көктегілер   жердегілере қонаққа келді, ал періштелер мүміндерге сәлем жолдайды. 

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Негізінен Құранды Қадір түнінде түсірдік. (Мұхаммад с.ғ.с.). Қадір түнінің не екенін білесің бе?  Қадір түні мың айдан хайырлы. Періштелер және Жебрейіл (ғ.с.) ол кеште Раббыларының рұқсаты бойынша барлық іс үшін түседі.  Ол бейбітшілік кеші, таң рауандағанға дейін жалғасады. («Қадір» сүресі).

Құран Кәрімнің көзқарасы бойынша, түн - адамның миғражына мүмкіндік. Себебі, бұл материалдық табиғат көзден жасырылып, әсем де шексіз аспан  құпия әлемді көрсететін уақыт. Құранда Алла Тағала Пайғамбарынан түнді ғибадатпен және құлшылықпен өткізуді сұрайды және  түнді ғибадат жасап ояу өткізгендерге берекелі және қалаулы жағдайды уәде еткен. Басқаша айтқанда, түн – илаһи әлемнен береке алатын уақыт. Түнгі тыныштық және бұл түндегі дұға адамды басқа әлеммен байланыстырады. Осы уақыттың маңыздылығына байланысты Жаратушы түнмен ант беріп, қасиетті Құранды түнде түсірді. Исламның ұлық пайғамбарының  миғражы түнде өтті, осы түндердің ең көрнектісі – Қадір түндері.

Ислам ғұламалары Құран Кәрімнің аяттарына сүйене отырып, осы илаһи кітаптың Қадір түнінде түсуін баса айтады. «Қадір» сүресінен басқа, «Духан» сүресінің 3-ші аятында және «Бақара» сүресінің 185-ші аятында Алла Тағала Құранды Рамазанның түндерінің бірі болып табылатын Қадір түнінде түсіргенін қуаттады. Нұр, нұсқаулық, даналық пен бақыттың қайнар көзі болып табылатын кітап өмір сыйлайтын заңдармен тағдыр шешілетін Қадір түнінде сыйға тартылды және бұл Алланың адамға берген ең жақсы сыйы. Бұл түнде Алланың сөзіне жақындап, оның шексіз нұры мен білімінен ләззат алу орынды. Өздеріңіз білетіндей, Құран екі жолмен түсірілген. Біріншісі – толығымен бірден Қадір түні деп аталатын белгілі түнде жіберілген. Екіншісі – Құран бірте-бірте түсірілді.  Ислам тарихы Құран Кәрімнің біртіндеп 23 жыл ішінде Ислам пайғамбарының міндеті кезінде және түрлі оқиғаларға байланысты түскендігін көрсетеді және уахи ақиқаттар Ислам пайғамбарының таза жүрегіне сәуле шашты. Жаратушы Қадір түні туралы не білетінін Пайғамбардан сұрай отырып, бұл түннің қасиеттілігі, ұлылығы мен маңыздылығына назар аударады.

Ислам рауаяттарында Рамазанның он тоғызыншы, жиырма бірінші, жиырма үшінші және жиырма жетінші түні Қадір түні деп аталады. Осы түндердің бірінде кеңістік иманды адамдардың Жаратушысымен сырласып отырған дауыстарына бөленіп, олар мен Алланың арасында байланыс орнатылады. Иранда тағдырын шешілетін Қадір түндерінде әртүрлі қалалардағы мешіттерде дұға оқу және Алланы мадақтау рәсімдер өтеді. Иран халқы Қадір түні кез келген адамның тағдыры белгіленеді дем сенеді. Сондықтан Қадір түндері мешіттерде Алланың пенделерінің дұға оқып, Алладан тілеу тілеген дауыстары естіледі. Олар Алланың мың есімін еске салатын «Джоушан Кабир» дұғасын оқиды. Діни және моральдық ақыл-кеңестерді естігеннен кейін адамдар Құранды басына көтеріп, Аллаға Құранның, Пайғамбардың және хазіреттің әулетінің ұлылығы мен қасиеттілігіне ант береді.

Биыл да көптеген адамдар өткен жылдағыдай коронавирустың өршуіне және санитарлық-гигиеналық ережелерді орындау қажеттілігіне байланысты өздерінің ғибадаттарын үйде жасаса да, олардың жүректері  әлем халықтарының денсаулықтарының саулығы үшін дұға етеді. Қадір түнінде Алланың нығметтері адамдарға бірінен соң бірі түседі. Бірақ нығметтерден әркім өзінің мүмкіндіктері мен күш-жігеріне сай пайда көреді. Бұл түнде адамның Аллаға деген сүйіспеншілігі қаншалықты терең болса, соғұрлым өмірінде сындарлы әсерін тигізеді. Рауаяттарда бұл түн Қадір түні деп аталды, өйткені Алла Тағала бұл түнде жаратылыстардың мөлшерлерін белгілейді. Сондықтан адам осы құнды сәттерде бүкіл болмысымен ояу болып, немқұрайлықтан алыс болып, өзі үшін ең жақсы тағдыр тілеуі керек. Әрине, адамдардың тағдырын белгілеуге олардың сенімі мен әрекеті және ниетінің тазалығы әсерін тигізеді. Басқаша айтқанда, олар әр кімге не лайық екенін анықтайды. Сондықтан Қадір түнінің мәні мен ақиқатын түсіну арқылы бұл түнде ең жақсы материалдық және рухани сыйлықтар алуға болады. Бұл түндегі Алладан сұрайтын ең маңызды нәрселердің бірі – денсаулық. Алла елшісі (с.ғ.с.) сөзінің бірінде: «Егер Қадір түнін түсінсеңіз, Алладан кешірім мен денсаулық сұраңыз»,- деген.

Қадір түніндегі ең маңызды амалдардың бірі - Құран оқу. Осындай түнде Құранның жіберілуіне шүкіршілік білдіріп, оны оқып, аяттары туралы ойлануға уақыт бөлген қандай жақсы. Құран - адамзаттың бақыты мен амандығы үшін Мейірімді Алла Тағаланың тарапынан жіберілген ең жақсы өмір сүру тәсілі. Оның нұсқауларын орындау, әсіресе қазіргі әлемдегі дағдарыстардан, кедергілер мен қиындықтардан шығаратын ең жақсы жол. Имам Бақер (ғ.с.) Қадір түнінде Құран оқу туралы: «Құранды қолына алып, өз алдына ашып қойып: «Уа, Алла, Өзің жіберген кітабыңмен шақыраып, бізді өрттен аман қалатындар қатарына қоса гөр»,- деді. Сондай-ақ, бұл түнде Құран мен ұсынылған дұғаларды оқу - адамның Алламен байланысу тәсілі. Қасиетті Құран соңғы илаһи кітаб ретінде адамның жүрегінде бейбітшілік пен сенімді және тыныштық тудыратын ерекше нұсқа болып табылады. Алла Тағала Құранды дерт шеккен жандардың емдік рецепті деп атайды. Бұл илаһи кітап Алланы еске алуды тыныштық пен сенімділікке жетудің жалғыз жолы деп санайды. «Рағыд» сүресінің 28-ші аятында: «... Естеріңде болсын; Алланы еске алумен жүректер орнығады»,- деп айтылды. Бұл қасиетті аят Алланы жалғыз тірек және бүкіл істер Оның қолында деп санайды. Әрине, материалдық және табиғи күштерден жоғары күшке сену және Онымен байланыс адамның жаратылған ғаламға деген көзқарасын өзгертеді. Егер адам Алланың шексіз құдіретіне сүйене отырып, әлемде теңдессіз Қолдаушыны тапқанын білсе, ешқашан қиын проблемалар мен оқиғалар кезінде дағдарыс пен мазасыздыққа душар болмайды. Адамдар түні бойы ояу болуға талпынып, сүйікті және мейірімді Алламен сырласып, қажеттіліктерін тілеп, мейірімділік пен кешірім сұрайды. Жаратушының ізгі құлдарымен бірге бұл түннің жүрекке қонымды кеңістігінде Алланың рақымының хош иісін сезініп, шексіз мұхитқа қосылатын тамшы сияқты Оған жақындайық.

Қазір әлемде коронавирустың пандемиясы сынды үлкен мәселе туындаған кезде, көптеген адамдар жақындарынан айырылу қайғысына ұшырады. Дұға етіп, осы үлкен қайғыны адамзат қоғамынан тамырынан жоюды сұрайық. Расында, өмірдің күндері мен айларының жалғасында келетін мұндай түн қайырымдылық, жақсылық, ойлану және әрекеттер мен істерді қайта қарау үшін ерекше мүмкіндік болып табылады.