Maм 25, 2021 16:00 Asia/Almaty
  • Хоррамшахр: қантөгістен қуанышқа дейін

3-ші хордад, 1982-ші жылдың 23-ші мамыр күні - Иранның оңтүстік-батысындағы Хоррамшаһр қаласы азат етілген күн.

 

Ирандық жауынгерлердің Ирак диктаторы Саддамның армиясының жан-жақты шабуылдарына қарсы сегіз жылдық қорғанысы ерліктің көрінісі болды. Алайда Хоррамшахрды қайтып алу Алланың жолындағы жиһад рухы мен ерліктің және жанкештіліктің шыңы деп атауға болады.   Иранның оңтүстік-батысындағы шекарасында  және маңызды Арванд өзенінің су жолымен іргелес орналасқан бұл қала стратегиялық қала болып саналады. Осы себепті Саддам Хусейннің 1980 жылы 22 қыркүйекте Иранды басып кіріп, сол кездегі Иранның ең ірі сауда порты болған Хоррамшахрды  басып алынуын қуаттады. Ол бұл мақсатқа үш күнде қол жеткізуге болады деп санады. Ол ержүрек ирандық жауынгерлердің Ирактың БААС режимінің жаппай шабуылдарына ең аз мүмкіндіктермен 34 күн бойы қарсыласатынын білмеді.  Әскери және азаматтық күштер Хоррамшахрды қорғау үшін көшелерінде ерлікпен шайқасты және бірнеше рет Саддам Хусейннің ауыр шабуылдарының алдын алды. Сөйтіп, Хоррамшахр «қарсыласу символы» атанды. Ақырында, қала толығымен қоршауға алынып, жолдастарының қанымен боялған кезде  ирандық жауынгерлер Хоррамшахрдан шегінді.

Хоррамшахрдың Орталық мешіті - қала қорғаушыларының орталығы

1980 жылы 28 қазанда Хоррамшахр құлағаннан бері Иранның жауынгерлері, қолбасшылары мен халқы бұл маңызды қаланы азат ету туралы ойлады. Бірақ бұл арманның орындалуы үшін 19 ай қажет болды. Осы кезеңде армия мен Ислам революциясының Сақшылар корпусы әртүрлі операцияларда Саддамның әскерлеріне үлкен шығын келтірді, оның ең маңыздысы – «Самен әл-Аиме» операциясы және Хорамшахрдың оңтүстігіндегі Абадан қаласының қоршауын тоқтату. Хоррамшахрды басып алғаннан кейін он бір айдан кейін жеңіске жеткен бұл операциядан кейін қаланы аза ету үміт артты. Бірақ жау бұл стратегиялық қаладан шегінуге дайын болмады. Хоррамшахрдың айналасындағы мықты әскери бекіністер орнатылып, ирактық әскерилер оның қабырғаларына «біз қалуға келдік» деп жазды. Ирактықтар Иран қаласында Басра-Хоррамшахр автобусы мен такси бағытын орнатып, Бағдад радиосы Ирактың қалаларының бірі ретінде Хоррамшахрдағы ауа-райын хабарлайтын болды. Бірақ ирандық әскери қолбасшылар бұл үгіт-насихатқа қарамастан, елдің бұл аймағын азат ету үшін мұқият және қырағылықпен жоспар құрды.

Ирандық жауынгерлер "Бейт әл-Мұқадас" операциясының басталуынан бұрын

1982 жылдың көктемі келді және қаланы азат ету жоба аяқталды. Ислам жауынгерлерінің  стратегиялық қаланы қайтарып алу үшін шара қолданатынын білген Саддам режимі қаланың қорғаныс бекіністерін күшейтті. Саддамның ойынша, Хоррамшахр  жаулап алуға мүмкін емес әскери бекініске айналды. Саддам: «Егер ирандықтар Хоррамшахрды қайтарып ала алса, мен оларға Басраның кілтін беруге дайынмын»,- деді. Бірақ 30 сәуірде Ислам революциясы Сақшылар корпусы мен Иран армиясының бірлескен күштері қала мен оның айналасындағы аймақтарды азат ету үшін төрт кезеңмен «Бейт әл-Мұқадас» операциясын бастады.

Сол кезде Саддамның армиясы бұл аймаққа шамамен 40 000 жаяу әскер, 2700 танк пен 500 артиллерияны орналастырды. Бірақ   ирандық жауынгерлер операцияны жау ойлмаған жерден бастады. Карун өзенінен өтіп, жауға шабуыл жасау өте қауіпті және ерекше міндет болды. Бұл операция тек Алланың көмегімен және ислам жауынгерлерінің жоғары рухы мен жанқиярлығы арқасында мүмкін болды. Шәһид Хасан Бақери, жас қолбасшы және Иранның көрнекті әскери стратегі: «Өзеннен өту - әскери бөлімдер үшін бөлек операция. Шабуылдың маңыздылығы мынада: ені 230 метр өзеннен өтіп, бір түнде жаудың 30 шақырым тереңдігіне енді. Бұл жаяу әскерді қолданумен бір уақытта жасалды. Ал Ирак Абаданды қоршауға алғысы келгенде Карунды кесіп өтуге үш күн кетті»,- деді.

Карун өзенінің үстіндегі көпір

Иран жауынгерлері өзендер мен батпақтар және жаудың қорғаныс бекіністері сияқты кедергілерден өтіп, қолайсыз ауа-райында Хоррамшахрдан Хузестан провинциясының орталығы Ахвазға дейінгі маңызды жолға жетті. Бұл хабар Ирактың диктаторы Саддамның үрейін тудырды. Ол: «Бұл жолды тез арада кері қайтарып алу керек, әйтпесе шегінетін күштер әскери сотталады»,- деді.

Хоррамшахрды қайтарып алу кезіндегі ИИР-ның жеңісінің маңызды факторларының бірі күштердің екі елдің шекарасына қарай алға жылжуы және Ирактың Басра қаласына жақындауы болды. Саддам әскерінің қолбасшылары Иран Басраны басып алғысы келеді деп ойлап, әскери орналасуын өзгертті. Бірақ Иранның ержүрек жауынгерлері Хоррамшахрға қарай бағыттарын өзгертті және   1982 жылдың 24 мамырында қаланы жау армиясының қолынан босатты. Саддамның бұл амбициясы мен агрессиясы 16000 сарбазының өлімі мен жарақатталуына және тағы 19000 адамның тұтқындалуымен аяқталды. Сондай-ақ, Ирактың 40 әскери ұшағы мен 280 танк жойылып, көптеген ауыр және жеңіл қарулар ислам жауынгерлерінің қолына түсті.

Операция кезінде исламның жауынгерлері өздерінің әскери техникалары мен соғыс жобаларынан гөрі Алланың шексіз күшіне арқа сүйеді. Бұл рух сегіз жылдық қасиетті қорғаныс кезіндегі Иранның барлық әскери операцияларында болды және өзін «Бейт әл-Мұқадас» операциясында бұрынғыдан көбірек байқалды.  Бұл көңіл-күй Саддам армиясының әскерилерінің үрейін ұшырды.

Ирактық тұтқындар

Ирандық жауынгерлердің шайқас кезінде және одан  кейінгі жомарттылығы сабақ алатындай болды. Ирак тұтқындарының айтуынша, ирандықтар оларға мүлдем гуманистік және исламдық қатынас жасады. Ирандық жауынгерлердің бірі: «Хоррамшахрды азат ету операцияларының бірінде жеңіске жетіп, көптеген тұтқындарды алғаннан кейін біз оларды жаралыларды майданның артқы жағына тасымалдау үшін пайдаланғымыз келді. Бірақ батальон командирі мұны білгенде, қарсылығын білдіріп: «Бұл ирактықтар өз еркімен өздерін бізге тапсырды, олар жұмыс істегісі келмеуі мүмкін»,- деді.  Содан кейін ол дереу ирактық тұтқындар сапының алдыңғы жағына шығып, оларға: «Зембілдер мен жаралыларды жерге қойыңыздар», - деп, бірінші тұтқынның қолынан зембілді алып, жерге қойды. Содан соң тұтқынды сүйіп, лдарға алға жүруді бұйырды.

Материалдық есептеулер бойынша Хоррамшахрды жаулап алу мүмкін емес болып көрінгенімен, ирандық жауынгерлердің рухани күйі мен жанкештілігінің арқасында бұл  мақсатқа қол жеткізілді. Имам Хомейни: «Хоррамшахрды Алла азат етті», - деген.

Хоррамшахр азат етілгеннен кейінгі Иран халқының қуанышы

 

  

 

Тегтер