Имам Хомейни - мәңгілік шындық
(last modified Thu, 03 Jun 2021 11:54:25 GMT )
Маусым 03, 2021 17:54 Asia/Almaty

Маусым айы Иранның мұсылман халқын өз жетекшілігімен азаттық пен мақтанышқа жеткізген ұлы адамды еске салады.

Маусым айы Иранның мұсылман халқын өз жетекшілігімен азаттық пен мақтанышқа жеткізген ұлы адамды еске салады.  Ол заманауи адамның шиелі қарым-қатынастарын шынайы түсінуі және оның өмірінің іргелі мәселелеріне назар аудару арқылы   өзінің ұлы және дана жеке басымен халықты езгі мен диктатура құрсауынан босату үшін қорқыныш пен өзін-өзі жою ой-пікірді бұзды. Ол қазіргі заманның маңызды құбылысы деп аталған Ислам революциясының жетекшісі, ұстазы және негізін қалаушы. Ислам революциясының ұлы сәулетшісі имам Хомейнидің қайтыс болғанынан бері 32 жыл өтті. Кейбіреулер уақыт өткен сайын, имам Хомейниді еске алу азаяды деп ойлайды, бірақ әлемдегі жаңа өзгерістердің тенденциясы оның  жолы мен тәсілінің көбірек еске алынатынын көрсетті. Адамзат ХХІ ғасырдың шарықтауы мен құлдырауынан өтіп,  шынайы бақытқа, бостандық пен бейбітшілікке қол жеткізеді деп ойлады. Бірақ өзімшілдік  пен топтық үстемдік адамзат қоғамын  бұл мүмкіндіктен айырды. Осы кезде имам Хомейнидің: «Адамдарды азат етудің жалғыз жолы - илаһи пайғамбарлар, яғни хазірет Ибраһим, хазірет Мұса, хазірет Иса және хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) жолына жақындауы»,- деген сөзі еске түседі.  Имам Хомейнидің пікірінше, адамзат тарихындағы ең үлкен қылмыстардың тамырын билік пен мансапқа деген сүйіспеншіліктен іздеу керек. Адам әрқашан даналық пен білімге ие, сондай-ақ Аллаға иман келтірген және халықты жақсы көретін көшбасшыларды қажет етеді. Имам Хомейни осындай қадір-қасиеттерімен ХХ ғасырдағы ең ірі революциялардың бірін ұйымдастырып, халықтың арасында шындықтың талап ету және адамгершілік рухын  ең жоғарғы дәрежеде қайта жандандырды.

Имам Хомейнидің көзқарасы, әдісі және өмірі ерекше болды. Жас кезінен және білім алуынан бастап, имамның рухани және интеллектуалды ортасы басқа саяси басшылардан өзгеше болды. Ол қарапайым өмірді қиындықпен бастады. Жастық шағында ол нәпсісін тазарту кезеңдерінен өтіп, мистицизм мен рухани мінез-құлықтың жоғары деңгейіне қол жеткізді. Ол ондаған жылдар бойы білім алу, зерттеу мен жазумен айналысты. Көптеген кітаптар жазып, көптеген шәкірттер тәрбиеледі. Имам саяси күресі кезінде ешбір саяси партияға мүше болмады және оның ешбіреуінде қызмет етпеді. Ол барлық адамдарды Алланы, шындықты және әділеттілікті іздейтін сипатқа ие болғандықтан шайтан сипаттылар, алдап-арбайтындар және залымдармен күресуге шақырды және оларды тағдыры үшін жауапті деп білді. Ол халықтармен сөйлесіп, халықтармен  жүзеге асырылған жағдайда  әлемдегі ұлы өзгерістердің сәтсіздікке ұшырамайтынына сенді. Егер халық оянса, әлемді өзгерте алады және зорлық-зомбылық пен әділетсіздікті жоя алады. Көптеген саяси басшылардан керісінше имам Хомейни өзі мен өзінің жеке мүддесі туралы ойлаудың орнына халықтың бақытты болуын ойлады. 

Ислам революциясының марқұм жетекшісінің  жағдайға қарсы көтерілуіне сол кездегі Иран қоғамының  діни ілімдерден алыстау себеп болды. Қоғам илаһи және діни наным-сенім тұрғысынан айтарлықтай зиян көрген болатын. Ислам туралы тәпсірлер діннің қоғамның кез-келген саяси, әлеуметтік және мәдени істерімен ешқандай байланысы жоқ және кейбір жеке адамдардың ғибадаттар мен істермен ғана шектеледі деп жасалды. Дін туралы мұндай түсінікті әрқашан жемқор және диктаторлық билеушілер қолдайтын және олардың талпынысымен халық арасында кең таралған. Имам Хомейнидің пікірінше, ислам қоғамы Пайғамбар (с.ғ.с.) қайтыс болғаннан кейін көптеген зардап шекті және бұл мәселе соңғы кезеңде өзінің шарықтау шегіне жетті. Имам Хомейни: «Бұл амеядтар мен аббасидтер дәуірінен бері жоспарланған зұлым жоспар болды және олардан кейін келген әрбір үкімет оны растаған.   Шығыс пен Батыстың исламдық мемлекеттерге жол ашылғаннан бері  Ислам діні пенде адам мен Алланың арасындағы жеке мәселе, ал саясат исламнан бөлек, сондықтан мұсылмандар саясатқа араласпауы және дін қызметкерлері саясатқа кірмеуі керек деген ой-пікір таралды»,- деді. Имам исламнан алыстататын факторлармен күресіп: «Исламның алғашқы кезеңінде, Алла Елшісінің кезінен бастап, ауытқу болмағанға дейін, саясат пен дін қатар өмір сүрді»,- деді. Басқа бір сөзінде ол діннің тиімділігін оның жеке және қоғамдық істерге араласуымен байланыстырып: «Саясат ұраны діннен бөлек, мұсылман халықтарының өз тағдырларына араласуына жол бермеуге бағытталған отарлық насихаттан бөлек»,- деді.

Имам Хомейнидің (ғ.с.) сөздері таза исламнан және адамдардың табиғи тілінен алынған. Оның айтқаны - табиғат пен халықтың қалың бұқарасынан шыққан жүрек сөзі. Оның сөздері белгілі бір ағымдар мен топтарға емес, барша халыққа түсінікті болды.  Имам Хомейни мақрұм және азап шеккен адамдарға түсінікті  қарапайым  және қисынды тілмен сөйлесетін. Осы себепті бұл дискурс адамзат қоғамдары арасында көп қабылданды және танымал болды. Имам Хомейнидің зорлық-зомбылыққа қарсылығы мен қарсыласу рухы, күш-жігері, адамның қадір-қасиетін, халықтар мен құқықтарды құрметтеу - қазіргі әлемді қызықтыратын имам Хомейни қозғаған тақырыптар. Имам Хомейни діни үкімет құру және дінді саясат пен үкімет сахнасына қайтару үшін  ислам ережелері кез келген уақытта ішкі және практикалық құндылыққа ие деген сенімді таратты. Өйткені бұл заңдар адамның табиғатына қайшы келмейді.   тарихтың барлық кезеңдеріндегі ананың баласын жақсы көргендей,   адамзаттың жаратылысына сәйкес келетін шариғатта тұрақты.

Имам Хомейни исламдық үмбеттің ояну ойы ретінде рухани тұлға болды. Ол исламтанушы заңгер, Аллаға иман келтірген мистик және батыл әрі ақылды жетекші ретінде Иран қоғамының негіздерін реформалауға бет бұрды және революцияның жеңісімен ислам ілімі әсер еткен жүйенің негізін қалады. Иран Ислам Республикасы деп аталатын бұл жүйені бүгін көптеген халықтар біледі және бұл жүйе оларды қызықтырады. Ол өзінің көрегендігімен мұсылмандардың қадір-қасиеті мен әлемдегі езілгендердің күш-қуатын арттыру теориясын ұсынған ойшыл болды. Имам Хомейни мен бұл кісінің әлемдік үстемдікке қарсы күрестегі нұсқаулары   залымдарды жеңу жолды көрсетеді.  Имам Хомейни ақырында жеңіске жету туралы: «Алла Тағала  жердегі әлсіздердің өзінің рақымы және  жетістігімен тәкаппарларды жеңетініне уәде берді. Мен бұл уәденің орындалып, әлсілердің  үстемшілердің жеңетініне үміттімін»,- деді.

 

 

Бүгін 32 жылдан кейін имам Хомейни орнатқан исламдық жүйенің позициясы соншалықты айқындалып, Ислам революциясының режимді құлатқан көтерілістен жоғары болғандығын  дәлелдеудің қажеті жоқ. Қазіргі кезде әлемдік саяси әдебиетте және  ойшылдар мен саясаткерлердің ғылыми кездесулерінде, тіпті әлемнің ірі мемлекет қайраткерлерінің ресми пікірталастары деңгейінде Ислам революциясының саяси және мәдени салаларда тудырған дағдарысы туралы айтылады.  Діни сәйкестіктің қайта өркендеуі, мұсылмандардың халықаралық теңдеулердегі маңызды позициясы және ислам ұлтының қайта тірілу белгілерінің пайда болуы - бұл ислам қоғамдары мен қазіргі әлемде әсерлері айқын көрініп тұрған революцияның іс жүзіндегі көрінісі. Имам Хомейни мәңгілік шындық,  бұлкісінің жолын жалғастыру адамға тәуелсіздік, еркіндік және шындыққа негізделген өмірді сыйлайды. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің айтуынша,   мәңгілік ақиқат болып табылатын имам Хомейнидің жолын еске алып, барша мұсылмандарға имамның қайтыс болған күнінде көңіл айтамыз.

 

Тегтер