15 хордад көтерілісінің Ислам революциясының қалыптасуындағы маңызы мен әсері
(last modified Fri, 04 Jun 2021 21:26:09 GMT )
Маусым 05, 2021 03:26 Asia/Almaty
  • 15 хордад көтерілісінің Ислам революциясының қалыптасуындағы маңызы мен әсері

Күрес төзімділік пен табандылықты қажет етеді. Тұрақтылық пен табандылық болмаса, ешқандай күрес қалаған нәтижеге жете алмайды. 1342 жылғы 15-ші хордад (6 маусым) оқиғасы - Иран халқының шах режиміне қарсы күрестері тарихында тіркелген күндердің бірі.

 

15-хордад көтерілісіне себеп болған мәселелердің бірі облыстар деңгейінде қоғамдастықтар құру жобасын қабылдау және «Ақ революцияның»  астарында бірнеше мәселені көтеру болды. Отаршылдық мақсатындағы бұл мәселелер халық пен діни күштердің наразылығын тудырды. Имам Хомейни Құм қаласында үлемдер мен діни тұлғалармен өткізген отырыста олардың әрқайсысына Ашура күні имам Хұсейнді (ғ.с.) жоқтаушылар мен халық алдында сөз сөйлеп, режимнің нағыз бейнесін әшкерелеуді ұсынды. Өзі де режимнің қоқан‑лоққыларына қарамастан, 1342 жылы 13-ші хордадта Фейзие медресесінде сөз сөйлеп, шахтың жеке басы мен АҚШ пен Израильге қарсы өткір шабуыл жасады. Сол себепті хазірет шахтың бұйрығымен Құм қаласындағы өз үйінде тұтқынға алынды.

15-ші хордад қозғалысының туындау себептері мен тамырын зерттеп, революцияның жеңіске дейін жалғасу себептерін сараптағанда осы үдерісте үш маңызды фактордың рөл атқарғанын айту керек.

Бірінші фактор – Иран халқы мен исламдық құндылықтардың астасуы. Сол себепті Иран халқы осы бағытқа қайшы әрекетке жылдам реакция танытты. Революциялық қозғалыс барысындағы екінші маңызды фактор – Иран халқының АҚШ‑тың қолсұғушылық әрекеттерінің шынайы болмысын тануы.  Бұған 1332 жылғы 28‑ші мордадтағы, яғни 1953 жылғы америкалық-британдық төңкеріс тәжірибе боллды. 28‑ші мордад төңкерісінен кейінгі  АҚШ‑тың Иранға қатысты сыртқы саясаты да сол күйінде қалды. Өйткені, шахтың деспоттық режимі АҚШ пен Англияның аймақтағы және Ирандағы орындаушысы болды. Шын мәнінде, сол кезеңдегі саяси-әлеуметтік өзгерістердің тізбегі Иранда 15‑ші хордад көтерілісі мен Ислам Революциясының пайда болуына себеп болды. Бұл оқиға мен одан кейінгі жағдайлар Иран халқының революциялық қозғалысына терең әсерін тигізіп, 15‑ші хордад көтерілісінде Иран халқының АҚШ‑тың үстемшіл жүйесіне қарсы күресінің қалыптасуындағы бетбұрыс нүктесіне айналды. Алайда, осы көтерілістің қалыптасуы мен сақталуында өте маңызды болған үшінші фактор имам Хомейнидің үстемшілдікпен күрестегі кесімді табандылығы мен биік рухы еді. Деспоттық шах режимі Иранда ешқандай сын мен наразылыққа жол бермей отырған шақта 15‑ші хордад тарихи қозғалысы АҚШ‑тың Иранмен үстемшіл қатынасын еш қорқынышсыз түйткілге ұшыратты. Сол себепті  бұл революциялық қозғалыс Ирандағы саяси-әлеуметтік өзгерістерді сезімтал кезеңге енгізді. Шах режимі басып-жаншыса да, бұл қозғалыс тоқтап қалмай, имам Хомейнидің шетелге жер  аударылған кезеңінде Ислам революциясы жеңіске жеткенге дейін өзінің дамуы мен ықпал ету жағдайын сақтап, ақырында шах режимімен күрестің негізіне айналды.

Сол себепті имам Хомейни 15‑ші хордад көтерілісін Ислам революциясының бастамасы деп бірнеше рет баса айтты. Шын мәнінде, 15‑ші хордадтағы революциялық қозғалыстың негізгі түп-тамырын АҚШ-тың Иранға қарсы үстемшіл саясаттары мен ішкі іске араласушылығында деп санау қажет. Бұл Иранның саяси тарихында бірнеше рет қайталанған.  Сол себепті Иран халқы әрдайым АҚШ‑тың дұшпандық әрекеттеріне қарсы қырағылық танытып келеді. Осы қырағылықтың арқасында Иран халқының АҚШ‑тың мақсаттарына қарсы тұруы мен табандылығы Иран Ислам революциясының ажырағысыз бөлігіне айналды. Осылайша Иран Ислам революциясының жеңісіне қырық жылға таяп қалғанымен, бір жағынан АҚШ‑тың қитұрқы әрекеттеріне, екінші жағынан дұшпандардың талпыныстарын жеңіліске ұшыратуға бағытталған Иран халқының табандылығына куә болып келеміз.

ИИР-ның Конституциясында бұл оқиға Ислам революциясы тарихындағы тұрақты оқиға ретінде көрсетілген және бұл тағдырды шешкен бұл күннің маңыздылығы туралы: «Имам Хомейнидің авторитарлық басқару негіздерін нығайтуға және Иранның әлемдік империализмге саяси, мәдени және экономикалық тәуелділігін күшейтуге бағытталған АҚШ-тың «Ақ революция» қастандығына қарсы наразылығы халықтың біріккен қозғалысына себеп болды. 1942 жылдың 15-ші хордады шын мәнінде  көтерілістің өркендеуінің бастамасы болды және имамның  исламдық басшылығын мықтады. Атышулы капитуляция заңына қарсы наразылықтардан кейін Ираннан қудаланғанына қарамастан, халықтың имаммен берік байланыстары жалғасты және зиялы қауым мен күресшіл дінбасылар қудалану мен тұтқын, азап-қорлық пен өлімге жазаланулыраның арасында өз күресін жалғастырды»,- деп жазылды.

Деректер шах режимінің 15 хордад күніндегі басып-жаншулар мен  қырғында жалғыз болмағанын көрсетті. Бұл қанды басып жаншуларда АҚШ-тан басқа сионистік режимнің де рөлі болды. Бірақ басып-жаншулар, тұтқындаулар, имам Хомейнидің қудалануына қарамастан 15 хордад көтерілісі өшпеді.  Имам Хомейни   өзінің тактикалық және саяси идеяларымен Иран халқының абыройы мен өзіне деген сенімділігін туғызды.   1342 жылғы 15 хордад көтеріліс намыс пен мақтаныш жолындағы түбегейлі бетбұрыс және 1357 жылғы (1978 ж.) Иран халқынының революциясының жеңісінің негізі ретінде қарастырылуы керек.