Хорасан жерінде жарқыраған жұлдыз
(last modified Mon, 21 Jun 2021 13:14:15 GMT )
Маусым 21, 2021 19:14 Asia/Almaty
  • Хорасан жерінде жарқыраған жұлдыз

Исламның ұлық пайғамбарының ұрпақтарының бірі имам Әли бен Мұса Резаның (ғ.с.) туған күні құтты болсын!

Осы күндері Мешхед қаласындағы имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесі ерекше нұрланып, жарыққа толы. Исламның ұлық пайғамбарының ғашықтары мен жақтастары Иранның әртүрлі аймақтарынан 250 мың түрлі-түсті гүлдерімен Мешхедте жиналды. Олар гүлдерімен бірге «Керамат» онкүндігінде имам Резаның (ғ.с.) кесенесіне армандары мен тілектерін алып келді.  

Исламның ұлық пайғамбарының ұрпақтарының бірі имам Әли бен Мұса Резаның (ғ.с.) туған күні құтты болсын!

Илаһи имамдар қоғамның тұрақтылығы мен сабақтастығының негізі болып табылады, және олардың тіршілігі қараңғы түнде керуендерге жол көрсететін жарық сияқты. Хазірет Реза (ғ.с.) - әлемді нұрға бөлеген күн. Ол хиджридің 148 жылы зилқаеда айының 11 жұлдызында  Медина қаласында   дүниеге келген. Хазірет Әли бен Мұсаның (ғ.с.) әкесі имам Казем (ғ.с.) және анасы ақылды және пәк Наджме бану болды. Имам Казем (ғ.с.) сәбиді құшағына алып, сүйіп: «Қандай хош иісті және әдемісін. Көп ұзамай қадір-қасиеттерін барша үшін ашылады»,- деді.

 

Имам Резаның (ғ.с.) қасиетті есімі - Әли, күние аты – Әбу әл-Хасан. Хазірет өмірінің  35 жылын  тауһид пен шыңдық туын қорғап, әкесі имам Мұса Каземнің (ғ.с.) қасында қызмет етті. Әкесі шәһид болған соң имамат пен мұсылмандардың басшылығын өз мойнына алды. Имам Реза (ғ.с.) 20 жыл халықты дұрыс жолға нұсқады. Хазірет  имаматы кезеңің Ислам дінің және оның негіздерін сақтау мен діни құндылықтарды таратумен өткізді. Имам Реза (ғ.с.) сабырлылық, мейірімділік пен кешірімділік, білім мен даналық тұрғысынан теңдессіз болды. Қиын және қолайсыз саяси-әлеуметтік жағдайларда хазірет өзінің тақуалығы мен кең біліміне сүйене отырып міндетін жүзеге асырды. Хазірет Әли бен Мұса Реза (ғ.с.) өз жақтастарын басқаларға көмектесуге шақырмастан бұрын, өз амалдарымен мектебінің шәкірттеріне  жанашырлықты үйретті. Хорасанның адамдарының бірі: «Бір күні имамның (ғ.с.) қонағы болдым. Тамақтанатын уақыт келді. Дастархан жайылып, үстіне тамақтар қойылды. Хазірет (ғ.с.) үйдегі барлық адамдарды, қызметшісіне дейін дастархан басына шақырды. Менің көзіме түскен келесі жәйт, имам Реза (ғ.с.) үлкен ыдыс сұратты, содан соң әртүрлі дәмнен оған  салды. Қасымда отырған адам таңғалғанымды байқап: «Досым неге таңғалдың?»- деп сұрады. Мен: «Имамның (ғ.с.) не істейтінін көргім келеді»,- дедім. Ол: «Имам дастарханның басына отырсымен, алдымен мұқтаждар үшін ыдысты түрлі тамаққа толтырады, содан соң тамақтанады»,- деп жауап берді. Имамның ісі ұнады, мен үшін сабақ болды. Имам Резадан (ғ.с.) Алланың ең жақсы пендесі кім деп сұраған кезде, ол: «Жақсылық жасаған сайын қуанып, күнә жасаған кезде кешірім сұрайтындар»,- деді.

Имам Резаның (ғ.с.) терең білімі баршаға танымал болды. Имам Реза (ғ.с.) пікірталастарда әртүрлі діндер мен мазхабтардың өкілдерімен бетпе-бет келіп, олардың бұрмалауларын исламдық қоғамнан  алыстатты және Құранның ақиқаттарын қорғады. Сол кездегі қоғамда көптеген ғылыми жұмыстар атқарылып, бұл кезең кітаптарды аудару мен жазу кезеңі деп саналды. Сол кезде әртүрлі пікірлер мен мектептер бір-біріне қарама-қарсы және өзара әрекеттесіп, ғалымдар өз пікірлерін білдіріп, оларды жариялап отырды. Осы себепті имам Резаның (ғ.с.) ойшылдармен ғылыми пікірталастары қызықты және маңызды кездесулерге айналды. Қалай болғанда да, бұл кездесулерде имам Резаның (ғ.с.) білімі күннен күнге одан сайын жарқырады.

 

Имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесі

Имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесі – ислам әлемінің ең маңызды зиярат жерлерінің бірі. Ол Иранның солтүстік-шығысында орналасқан. Бірнеше жылдан бері шын мәнінде бұл жер жұмақтың бір бөлігі сынды.  Хазірет Резаның (ғ.с.) туған күнін бұл жерде әртүрлі бағдарламалар мен  рәсімдер өткізіліп, имамның (ғ.с.) иләһи білімі таратылып келеді. Тіпті коронавирус кезінде әлем имам Резаның (ғ.с.) ахлағы мен адамгершілігінің куәсі болды. Имам Резаның (ғ.с.) туған күні кезінде мұқтаж жандарға жанашырлық пен көмек көрсетуге бағытталған  «Имамның мейірімділігімен» деп атанған халықаралық науқан өткізіледі. Әртүрлі елдерден жиналған қарилердің Құран оқуы кесененің кеңістігін зияратшылар үшін ерекше көңіл күйге бөлейді. Мұсылмандардың көбі бұл қасиетті жерге асығып, имаммен (ғ.с.) сырласады. Испаниялық Сохейл Асад (Эдгардо Рубин): «Қасиетті кесенеге кіргенімде өзімді ерекше сезіндім. Бұл жерде имам (ғ.с.) түсінсін деп, араб тілінде сөйлеу қажет емес.  Мен мұсылман болған кезде,  менің бірінші тавасул еткен имамым хазірет Реза (ғ.с.) болды, мен бірінші зиярат еткен қасиетті жерім  имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кеенесі болды.Иранға келгенімде, мұсылман болудың әдемілігін сезінген жерім – имам Резаның (ғ.с.) кесенесі еді. Иран халқымен парсы тілінде дұрыс сөйлесе алмадым, бірақ хазірет Резаға (ғ.с.) бүкіл сырымды айта алдым. Бейтаныс елде біреумен таныс болу сезім адам үшін өте маңызды және оның көңілді болуына себеп болады. Имам Реза (ғ.с.) менің бүкіл өмірімдегі ең маңызды және ықпалды тұлға болды деп айта аламын»,- деді.

Имам  Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесіне келген келесі зияратшы: «Кесененің шабистанына енген кезде, оның ортасында күннің көзінен де жарық жұлдыз жарқырайды. Егер мұқият болсаңыз, біреудің өзіне қарай шақырып жатқанын сезесіз. Біреу қолыңыздан ұстап, қабірге қарай жетектеп апарғандай болады. Кесене қауіпсіз сезіндіріп, алаңдаған жанынызды тыныштанады. Көздеріңіз жасқа толады, зияратнаманы оқисыз.  Ол шаршаған рухыңызды тыныштатып, шөліңізді қандырады. Бұл жерден кеткіңіз келмейді. «Ассаламу әлейкум Пайғамбар (с.ғ.с.) әулеті. Ассаламу әлейкум Әли бен Мұса Реза (ғ.с.)».