Шіл 17, 2021 20:11 Asia/Almaty

Зильхадже айының жетінші жұлдызы – имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.) шәһид болған күн.

 

Зильхадже айының жетінші жұлдызы – имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.) шәһид болған күн. Хазіретті «Бақер» – білім теңзінің құпияларын ашушы деп атайтын.  Имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.) хидри-қамаридің 57 жылы Медина қаласында дүниеге келді. Ол Кербала оқиғасында әкесі имам Саджад (ғ.с.) және атасы имам Хұсейннің (ғ.с.)қасында болды. сол кезде имам төрт жастағы бала еді.  Имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.) әкесі имам Саджад (ғ.с.) шәһид болған соң хиджри-қамаридің 95 жылы исламдық үмбеттің басшылығын өз мойнына алыды.  Имам Бақер (ғ.с.) 19 жыл имаматты өз міндетіне алып, хиджри-қамаридің 114 жылы 57 жаста Умайе әулетінің халифасы Хишам бен Абдлмалектің бұйрығымен уландырылды. Имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.) Мәдинеде шәһид болды және Бақи зиратында жерленді .Әлемнің барша мұсылмандарына көңіл айтамыз.

Алла елшісінің (ғ.с.) адал сахбаларының бірі Джабен бен Абдолла ұзақ өмірінде имам Мұхаммад Бақерді (ғ.с.) кездестірді. Имамды (ғ.с.) көрген кезде Джабер ерекше көңіл күйге бөленді. Ол қуанышын жасыра алмады, имамды (ғ.с.) көріп: «Маған сізді көрәп, Алла елшісінің (ғ.с.) сәлемін жеткізуге уақыт берген Аллаға алғысымды айтамын. Мен күндердің бірінде Пайғамбардың (с.ғ.с.) қасында болдым, хазірет маған: «Уа, Джабер, сен бір күні имам Хұсейннің (ғ.с.) немересін көресін. Оның есімі – Мұхаммад, ғылым дінің жарып ашушы, ол Бақер деп танымал болады, оны көрген кезде сәлемімді жеткіз»,- деді. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) және оның отбасына сәлем, қараңғылық пен надандықты адам өмірінен алып тастаған және адамдарды саналыққа, сенім мен табандылыққа жетелеген жарық шыраққа сәлем!

Имам Бақер (ғ.с.) Құранға сүйеніп, білімның ерекше орнына  назар аудартып, ислам қоғамын ғылым мен дінді  және өмірге қажетті басқа да білімдерді білуге ​​шақырды. Даналық пен хабардарлыққа сүйенудің орнына мұсылмандарды оқшаулану мен қатаңдыққа шақырған адасқан ағымдардан керісінще, имам Бақер (ғ.с.) адамдарды білімге қарай бағыттады. Имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.): «Білімді іздеңіз, өйткені білім іздеу - сауапты іс және ғибадат, ғылыми мәселелер туралы сөйлесу - тасбих, ал білім табуға тырысу - жиһад.  Білім - жұмақтың жемісі, қараңғылықта жолбасшы және қиыншылықта көмекші және адам үшін асыл дос». 

Имам Бақердің (ғ.с.) заманындағы исламдық ғылымдардың таралуы ешбір ғалымнан тыс қалмады.  Исламдық ғылымдардың таралуымен бірге  дәуірдің әлеуметтік және мәдени жағдайы да тиімді болды. Уәлид бин Абдул Малик кезіндегі ислам елінің географиялық аймағы және Омар бен Абдул Азиз халифалығы кезіндегі хадистерді тіркеуге тыйымның алынып тасталуы имамға ислам ғылымдары және мұсылмандардың ғылыми негіздерін нығайту үшін қолайлы   мүмкіндік берді.  Имамның бұл үлкен қозғалысы оны Пайғамбар (с.ғ.с.)  қайтыс болғаннан кейін ислам әлеміндегі шиіттер пен сунниттердің ұлы ғалымдары  мойындайтындай ең көрнекті ғылыми қайраткерге айналдырды. Сүнниттердің ұлы жазушыларының бірі Ибн Холкан өзінің ырымшылдығына қарамастан имамның ғылыми ұлылығын мойындап: «Бақер лақаб атымен танылған Әбу Джафар Мұхаммад ибн Зейн әл-Абедин – шиіттер наным-сеніміндегі он екі имамының бірі  және Джафар Садықтың (ғ.с.) әкесі.  Ол білімді ашып, дамытқаны үшін «Бақер» деп атанды»,- деп жазды. Ханафи ғалымы Мұхаммад ибн Абд әл-Фаттах та имам Мұхаммад әл-Бақер (ғ.с.) туралы: «Мұхаммад ибн Әлиге «Бақер» есімі берілді. Бақер сөзінің   мағынасы  жердің қазынасы мен құпияларын ашушы»,- деді.

Имам Бақер (ғ.с.)  ғылым дәрежесімен үлкнен басшы болғанымен, адамдар арасында және олармен бірге болды. Өзінің өмірінде, әсіресе 18 жылдық имамат кезінде ол өзін тәкаппар адам тәрізді ұстамады. Ол халықтың төменгі және әлсіз топтарымен бірге болып, кейде ең белгісіздерімен бірге отырып, оларға жаны ашып, олардың мәселелерін шешіп, сенімдерін түзететін. Имам  әрдайым халыққа сөзін айтуға кедергі болмады және өзі мен адамдардың арасында  қашықтықты сезінуге жол бермеді. Имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.) әрдайым таза киім киіп, әтір пайдаланып, баяу жол жүретін. Бір күні ой-өрісі тар адамдар имамды (ғ.с.); «Атаң Әли (ғ.с.) ескі, арзан киім киген»,- деп сынады. Имам Бақер (ғ.с.): «Сол кезде халық кедей болды, сондықтан Әли (ғ.с.) еске киім киіп, жақсы тамақтанбады. Алайда қазір халықтың тұрмысы жақсарып, тыныштықта өмір сүруде, сондықтан мен атам сынды киім киуім қажет емес. Атамның өз заманындағы ісі әділет мен имаматқа лайықты болды, бүгін менің ісімде дәл сондай»,- деп жауап берді.

Шиіттердің бесінші имамы хазірет Мұхаммад Бақер (ғ.с.) Қағбаның табалдырығында тұрған кезде, бір араб адам қасына келіп: «Құлшылық ететін Алланы көрдің бе?»- деп сұрады. Хазірет пен қасында тұрған адамдар бастарын төмен иді. Сол кезде хазірет басын көтеріп: «Көрмейтін Аллаға құлшылық етпеймін»,- деді. «Оны қалай көресіз?»- деген сұрақты естілді. «Оны көзбен ешкім көрмеді, бірақ Оған деген шынайы иманы бар жүректер көрді. Алланы сезім мүшелері түсінбейді және Оны адамдармен салыстыруға болмайды. Ол белгілермен танымал және белгілермен сипатталады. Ол  ешкімге қысым көрсетпейді. Заттардан бөлек және заттар Одан бөлек. Оған ұқсас ештеңе жоқ. Одан басқа Құдай жоққ Алла осындай»,- деп жауап берді. Араб адам: «Алла өз міндетін кім тапсыру керек екені біледі»,- деді.

Абу Убайде: «Мен имам Бақермен (ғ.с.) бірге болдым, зембілге отырған кезде, бірінші мен, ал имам (ғ.с.) менен кейін отырды. Атқа мінген кезде, хазірет сәлемін беріп, көрмеген досы сынды ахуалымды сұрап, қолын беретін. Түскен кезде менен бұрын түсетін. Зембілден түскен кезде де халімді сұрайтын. Мен имамға (ғ.с.): «Уа, Алланың елшісінің перзенті, сіз ешкім амал етпейді. Бір рет осылай істесе де көп көрінер»,- дедім. Хазірет: «Сіз қол алысудың сауабын білмейсіз бе? Екі мүмін бір-біріне жетіп, бір-бірімен қол алысқан кезде, ағаштан жапырақ түскендей екеуінің күнәлары жойылады»,- деді.

 

Тегтер