Имам Реза (ғ.с.) шәһид болған күн
(last modified Wed, 06 Oct 2021 16:45:19 GMT )
Қаз 06, 2021 22:45 Asia/Almaty
  • Имам Реза (ғ.с.) шәһид болған күн

Сафар айының соңғы күні – Алла елшісінің ұрпағының бірі имам Резаның (ғ.с.) шәһид болған күні.

Сафар айының соңғы күні Алла елшісінің ұрпағынан шыққан имам Резаның (ғ.с.) шәһид болған күні. Биыл имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесі Арбағин кезінде имам Хұсейнге (ғ.с.) зиярат жасау үшін Кербалаға бара алмаған зияратшыларға толы. Олар көз жастарын жасырмай, сырласып, қажеттіліктерін сұрайды.

Қасиетті кесененің  басшыларының мәліметінше, коронавирус эпидемиясына дейін имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесі жыл сайын 30 миллионнан астам ирандық және басқа елдер зияратшыларын қабылдаған. Ирандық емес саны ең көп зияратшылар – ирактықтар. Зиярат - бұл жалбарыну ғана емес. Зиярат - махаббат. Адам зиярат кезінде білім, даналық пен адами кемелдікті сұрайды. Сондықтан илаһи әулиелердің қасиетті кесенесі пана тұтушылардың панажайы болғандай, ілімді тарататын орталық саналады. Имам Реза (ғ.с.): «Алла Тағала біздің ісімізді жаңғыртқан адамға рақымын жібереді»,- деді. Сол кезде имамға: «Сіздің ісіңізді қалай жаңғыртады?»- деген сұрақ қойылды. Имам: «Біздің ілімімізді меңгеріп, оны халыққа үйреткен адам біздің ісімізді жаңғыртады. Өйткені егер халық біздің әдемі сөздерімізден хабардар болса, біздің жақтастарымыздан болатыны күмәнсіз»,- деп жауап берді.

Мейірім - имам Резаға (ғ.с.) тән қасиеттердің бірі.  Негізінде, басқаларға көмектесу және адамдарға қызмет ету - олардың ислам мәдениетіндегі материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру - ең маңызды ғибадаттардың бірі. Имам Реза (ғ.с.) әртүрлі жағдайда көмек пен қызмет туралы еске алып, оны үлкен ғибадат деп атады. Хазірет уәжіптерде орындағаннан кейін Алланың алдында мүмінді қуандырудан артық жұмыс жоқ деп санады. Сөзінің бірінде: «Бір-бірінді көруге барып, бір-бірінді жақсы көріңдер. Қол алысып, бір-біріне ашуланбаңдар»,- деген. Имам Резаның (ғ.с.) көзқарасынша, кез келген адамның айқын ерекшелігі – оның ақылы. Ілім адамның кемеңгер болуына себеп болады. Сондықтан адам ілімді меңгеруі керек. Имам Реза(ғ.с.): «Ілім - мүміннің жоғалтқан нәрсесі, оны велаят бағында табуға болады. тиісінше мүмін жоғалтқанын табу үшін айтылған баққа баруы керек»,- деді.

Хазірет Реза (ғ.с.) «Мұхаммед әулетінің ғалымы» деп аталды. Хазірет іліммен қаруланып, бұрмаланған ой-пікірге қарсы соғысқа шақты және бұл құралын пайдаланып, басқаларды хабардар етті. Имам Реза (ғ.с.) Исламның ұлық пайғамбарының сөзіне сілтеме жасап: «Ілімсіз пәтуа берген және діни тақырыптарға пікір білдірген кез келген адамды аспн мен жердегі періштелер айыптайды»,- деді.  

Имам Резаның (ғ.с.) дәуірі  діндер мен мазхабтардың шииттік мазхабпен арасындағы диалог кезеңі деп сипатталды. Аббасидтердің ең білімді халифасы болған Мамун имам Реза (ғ.с.) мектебіне қарсы тұруға тырысты. Имамның ғылыми ерекшеліктерін дағдарысқа тіреу үшін  имам Реза (ғ.с.) мен басқа діндер жақтастары арасында тіл мен мәдениет салаларында пікірталастар өткізілді. Алайда имам (ғ.с.) стратегиялық басқару және ақылының арқасында бұл қоқан-лоққыларды мұрсатқа айналдыруға талпынды. Басқа елдердің әртүрлі ғылыми салаларындағы ғалымдардың исламдық қоғам ортасына енуі де имам Реза (ғ.с.) заманындағы ғылымның дамуына ықпал етті. Бұл ғалымдармен өткізілетін ғылыми отырыстар және олардың ислам қоғамы ортасында болуы ғалымдарды білім мен ғылым өндірісіне байсалды қарауға жігерлендірді. Сол кезде Мамун имам Резадан (ғ.с.) Исламның қысқаша мазмұнын жазуды сұрады. Имам (ғ.с.) оған исламдық ілімдер мен әдет-ғұрыптардың жазбаша мазмұнын дайындады.

Имам Резаның (ғ.с.) жоғары мәртебесі мен қасиеттерінің арқасында   қасиетті кесенесі тек зиярат ету орны ғана емес, сонымен қатар кесененің ерекшеліктері бар әртүрлі жерлері мен сахналары бар. Ғылымды және діни мәдениетті тарату мақсатында бұл кесенеде «Разави ғылымдар университеті» құрылды. «Құдс Разави орталық кітапханасы» имам Реза (ғ.с.) кесенесінің кереметтерінің бірі болып табылады. 7 миллионнан астам оқырмандары бар бұл бай кітапхана - Ирандағы ең белсенді кітапханалардың бірі. Бұл кітапханада сақталған кейбір кітаптар мен құжаттар 12 ғасыр бұрын жазылған. Бұл кітапхана Шейх Туси көпірінің солтүстік жағында орналасқан. Гауһаршад мешітінің кітапханасы 1332 жылы Гауһаршад мешітінің жанында құрылған. Баб әл-Джавад кіреберісіндегі кітаптар мен мәдени өнімдер көрмелері мен дүкендері де зияратшыларды қарсы алады.

Сегізінші имамның есімі – Әли (ғ.с.). Имамның лақаб аты – Реза, өйткені ол Алламен және Оның елшісімен имамат үшін сайланды. Имам Реза (ғ.с.) 20 жыл имамат міндетін атқарды. Халықтың имам Резаға (ғ.с.) жаппай бет бұруын байқаған аббаситтер халифасы Мамун хазіретті уландырып өлтірді. Имам Реза (ғ.с.) қасиетті Мешхед қаласында жерленді.

Имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесінің көптеген ирандықтардың діни сенімдерінде ерекше орынға ие болуымен қатар, Мешхед ежелден басқа елдердің азаматтарын да өзіне қызықтыратын қала. Қасиетті кесене туралы көптеген саяхатшылардың естеліктерінде жазылған. Шығыс Африкадан Қиыр Шығысқа сапар шеккен атақты мароккалық саяхатшы Ибн Баттута Мешхедке барып, шиіттердің сегізінші имамының қасиетті кесенесін аралаған. Ол имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесі туралы: «Имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесінде үлкен күмбезі бар. Кесене өте әдемі стильде салынған және қабырғалары плиткамен қапталған.‌ Қабірдің үстінде беті күміс табақтармен қапталған ағаштан жасалған қоршауы бар»,- деп жазған.

Имам Әли бен Мұса Резаның (ғ.с.) шәһид болған күніне орай әлем мұсылмандарына көңіл айтамыз.