Басидж апталығы (1): Басидж күштері аятолла Хаменеи көзқарасы бойынша
(last modified Sun, 21 Nov 2021 03:51:02 GMT )
Қар 21, 2021 09:51 Asia/Almaty

ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейни 1979 жылы 26 қарашада басидж жасақтарын құру туралы бұйрық шығарды.

 

Ислам революциясының көсемі имам Хомейни  1979 жылдың 26 қарашасында Иран Ислам революциясының жеңісінен бір жыл өтпей жатып басидж күштерін (ерік күштерін) құруға бұйрық берді. Сол кезде бүлікші күштер шетелдік державалардың қолдауымен ел ішінде іріткі салуға әрекеттенді, тіпті кей жерлерде Иранды бөлшектеуге бағытталған лаңкестік және қарулы әрекеттерді жүзеге асырды. Әрдайым халықтың күшіне сенім артып, оған сүйенетін имам Хомейни тағы да халықты Ислам революциясына қауіп төндіретін қауіп-қатерлерге қарсы тұруға шақырды. Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи имам Хомейнидің басидж күштерін құруының жылдығына орай: «Басидж күштері құрылған күннің жылдығы сегіз жыл бойы таңылған соғыс кезіндегі жанқиярлықты, ерлік пен батылдықты   еске түсіреді. Пәк және жігерлі жауынгерлердің ерлігі және байлық пен биліктің шайтанына қарсы шайқас нәпсімен күресумен бірігіп, соғыс алаңын ғибадаттың михрабына айналдырды. Жастық шақтың ләззатынан Алла үшін алыстаған жастар мен қарт шағының тыныштығынан майданның қиындығын артық көрген қариялар,  әйелі мен балалары,  достары мен туған жеріне деген махаббатын Аллаға махаббаты үшін  құрбан еткен ерлер  илаһи құндылықтарды қорғап, Батыстың мәдениеті мен надандық құндылықтарын сақтау үшін илаһи құндылықтарға қарсы шыққан   күштерден  қорықпады»,- деді.

Имам Хомейнидің көрегендігі өз жемісін көрсетті. Басидждер құрылғаннан 10 айдан аз уақытта Ирактағы БААС режимі Иранға әскери шабуылын бастады. Ирактың диктаторы Саддам Хұсейн Батыс үкіметтері мен аймақтағы достарының қолдауымен Иранға басып кіріп, Иранның Ислам революциясын әлсірету және жою үшін Иран жерінің бір бөлігін басып алды. Бірақ ирандық әскерилердің, әсіресе басидж жауынгерлерінің батыл қарсылығы БААС режимінің сұмдық мақсаттарға жетуге кедергі болды және бұл соғыс 8 жылға созылды.  Имам Хомейниден кейін аятолла Хаменеи дәл осындай тұрақты ерікпен исламдық жүйенің басында тұрып, басидждердің білімі мен сеніміне сүйеніп, ИИР-ның ілгерілеуі мен биікке көтерілуіне қадам басуда. Басидж күштері өз міндеттерінің бірін революцияның ұлы жетістігі, атап айтқанда Иран Ислам Республикасын қорғау деп санайды және осы мақсатқа әрқашан дайын. Аятолла Хаменеи бұл жөнінде былай деді: «Басидж бар болғанша, Ислам жүйесі мен Ислам Республикасына дұшпандардың қауіп төндірмейді. Бұл маңызды негіздердің бірі».

Ислам революциясы жетекшісінің пікірінше, имам Хомейни (р.а.) шынайы түрде және Алланың разылығы үшін және халыққа қызмет ету үшін отырғызған басидж көшеттері осы күні тамыры мықты және бұтақтары көп күшті ағашқа айналды. Бұл ағаш әрқашан жаңа жемістер беріп, Иран халқы үшін көптеген  игіліктердің көзіне айналды. Басидж күштері ұлылығы мен жоғары дәрежесіне руханилығы, шыншылдығы, халықтың арасына болуы, революциялық көрегендігі, діни санасы, қамқорлығы, тазалығы мен жақындығы, қарапайымдылығы, құрбандық, табандылық, іске асыруға дайындығы сияқты құнды ерекшеліктері және кез келген міндетін Алланың ризалығы үшін орындауы арқылы жетті.

Бүгінде миллиондаған адал және жанашыр ирандықтар Басидж қарсыласу күштеріне қосылу арқылы Иран мен Ислам революциясының құндылықтарын қорғауға дайын. Олар басидждер қатарына қосылып, Ирандағы әртүрлі жағдайларда маңызды рөль атқаруда. Аятолла Хаменеи: «Бәсидж – елдің ең таза адамдары мен ең адал және дайын жастары, бұл халықтың ұлы мақсаттары үшін жиналған топ. Жұмылдырудағы жастардың рөлі даусыз, негізінен осынау халық ұйымының негізгі буыны – иманды және белсенді жастар»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі: «Бақытымызға орай, халықтың әртүрлі топтары басидждардың шақыруына жауап берді. Иранның барлық жерінде, әртүрлі қалалары мен ауылдарында   студент, қызметкер, жұмысшы, егінші және басқа да елдің түрлі топтары басидждердің шақыруына жауап берді»,- деп қуаттады.

Қырағылық – басидждің басты қасиеті, онсыз ол бар ықыласы мен құрбандығына қарамастан түрлі оқиғаларда тіпті адасып кетуі мүмкін. Аятолла Хаменеи осыған байланысты басидждерге: «Жолды белгілейтін нәрсе – қырағылық. Құрметті жастар, құрметті басиджер, еліміздің қай жерінде болсаңыз да, қырағылығыңызды күннен-күнге арттырыңыз. Кейбір материалдық қажеттіліктер мен кішігірім мәселелер сіздің қырағылығыңызға кедергі келтірмесін. Түсінігіңізді сақтаңыз және жауыңызды біліңіз. Жаудың түрлі айласы бар, оларға алданбайтың халық табысқа жетеді»,- деді. Көп айтылып жүрген басидждің тағы бір маңызды ерекшелігі – басидж күштерінің шынайылығы мен аты-жөнінің белгісіз болуы. Олар өз істерін Алла үшін істейді, ешкімнен сый күтпейді. Аятолла Хаменеи басидждердің шынайылығына қатысты: «Басидж күштері ел мен жүйеге қажет кез келген саладағы ең жақсы және ең сенімді адамдардан құрылған. Олар бар күшін салады, олар ешқандай жалақыны, аты-жөнін немесе белгіні қаламайды.

Аятолла Хаменеи мазлұмдардың Басидж ұйымын елдің ең таза, ең адал және ұлттың жоғары мақсаттары үшін ең дайын жастарының жинағы деп атап: «Армиямыз бен Сақшылар корпусыбар және басидж деп аталатын басқа қарулы күшіміз бар деген сөз емес. Жұмылдыру – білімнің аясында қолына қару алған ұлттың мәтіні. Басидж – оқу-білімнің көлеңкесінде қолына қару алып, соғыста көрінгендей қарулы күштермен бірге елге қажет кезде ең ауыр жүгін көтеретін ұлттың мәтіні»,- деді. Көптеген әскери сарапшылардың пікірінше, басидж әлемдегі ең ұйымшыл, тиімді және жанқияр күш. Аятолла Хаменеи сонымен қатар заманауи ғылымдар мен киберкеңістікте пайдалы әрі тиімді әрекеттерді үйретуді де басидждердің міндеттері деп санайды. Басқаша айтқанда, басиждердің шынайы күштерінің жаңа технологиялардың басында болуын қажет деп біліп: «Басидж басқалардың алдында ғылым саласына енуі керек. Сендер барып, ғылым мен технология   салаларын, ғылыми жаңалықтар мен ғылымның белгісіз көкжиектерін  өз қолдарыңа алуларын керек»,- деп сөзін жалғады.