Басидж апталығы 3: Басидж - жанкештілік пен шәһид болу мәдениетінің көрінісі
(last modified Fri, 26 Nov 2021 10:27:18 GMT )
Қар 26, 2021 16:27 Asia/Almaty
  • Басидж апталығы 3: Басидж - жанкештілік пен шәһид болу мәдениетінің көрінісі

Шәһид болу - илаһи адамдардың өнері. Шәһид болуды шәһидтерден үйрену керек.

Шәһид болумен ант етемін. Шәһид болу туралы не білесін? Шәһид болу - илаһи адамдардың өнері. Шәһид болуды шәһидтерден үйрену керек. Сақшылар корпусының әйгілі қолбасшысы Қасем Солеймани - қырық жыл бойы шәһид болу жолды іздеген шәһид. Ол: «Дүниеден шәһид болып кетудің шарты - өмірде шәһид болу. Адам ғылымды меңгерместен бұрын ғалым бола алмайды. Ғалым болудын шарты ғылымды меңгеру болғандай, шәһид болудын шарты шәһид болуды үйрену»,- деп айтқан. Осы кезге дейін шәһид ретінде қалай өмір сүру туралы ойландық па? Шәһид не туралы ойлайды? Өмірінің мақсаты не және мақсатына жету үшін қай жолды таңдайды?  Исламның қисыны мен мәдениетіндегі шәһид болудың мәнін түсінуге талпынсақ, бұл сұрақтардың жауабын жақсырақ түсінуге болады.

Исламда, Алла жолында Ислам және мұсылман дұшпандарына қарсы соғысып, осы жолда өлтірілген адамды шәһид деп атайды. Бірақ шәһид жалпы мағынада да қолданылады. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Сондай Аллаға, Елшісіне иман келтіргендер, Міне солар, Раббыларының қасында шыншылдар және шейіт болғандар. Олар үшін жәннәтта сыйлықтар және нұрлар бар...»,- деді. («Хадид» сүресі 19-шы аят).  Сондай-ақ ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) рауаяттарының бірінде: «Ғылым үйрену жолында өлген адам шәһид»,- деп айтылған. Хазірет келесі бір рауаятынан: «Кімде-кім қайтыс болса және жүрегінде хазірет Мұхаммад әулетіне (ғ.с.) махаббаты болса, ол шәһид болады»,- деп оқимыз. Сондықтан ислам мәдениетінде аят пен хадиске сүйене отырып, иманы мен сенімі дұрыс, хақ жолында жүріп, сол жолда өлгендердің барлығы да шәһидтер қатарында деп айтуға болады. Осы жалпы мағынаға сәйкес, илаһи парызын өтеу барысында өлтірілген немесе өлген кез келген адам шәһид болып табылады. Сондықтан шәһид болудың дәрежесі бар, оның ең жоғары дәрежесі – Ислам дұшпандарымен шайқаста шәһид болу.

 

Биікке шығу үшін таудан асу керек болғаны сияқты, шәһид болудың ең жоғарғы дәрежесіне жету үшін алдымен оның төменгі дәрежелеріне жету керек. Қадірлі Қасым қажы айтқандай, «дүниеден шәһид болып кету үшін шәһид болып өмір сүруді үйрену керек. Шәһид болып өмір сүру - илаһи міндеттерді орындау үшін өмір сүру. Алла Тағаланың бізге жүктеген бірінші міндеті – құлдықтың ақиқатын түсініп, құлдық құқығын орындау. Алла Тағала «Зариат» сүресінің 56-шы аятында: «Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым»,- деді. Аллаға ғибадат етудің бірінші қадамы - бәрінің, тіпті адамның жанының да Оған тиесілі екенін білу. Барлығын Алладан деп біліп, оны барлық нәрсенің шынайы иесі санаған адам ғана өмірін Алла жолында құрбан ете алады.

Шәһид болып өмір сүрудің негізгі діңгегі – ықылас пен Алланың разылығын ойлау. Шәһид тапсырманы және оны қалай әдемірек және жағымды орындау керектігін ойлайды. Жаратушы разы болса,   шәһид тіпті өліміне разы болады. Егер шәһид болсаңыз, өлім өмірдің соңы емес, парасатты өмірдің маңызды бөлігінің басы екенін білесіз. Шәһид болу – үлкен жауапкершілікті мойнына алу, ал  шәһид  – рухы биік, қасиетті мақсаты бар адам.  Шәһид – күш-жігері өзіне пайда табуды мақсат етпей, Алла пен ізгілік жолында жүрген адам. Шәһид болу – қоғам құрбандықты қажет ететін салада қадам жасау. Шәһид адам өзінің және дүниелік байланыстың шекарасын бұзып, илаһи мұраттар жолында махаббатпен және бір сәт ойланбастан қадам басады.

Image Caption

Ең маңызды илаһи парыздардың бірі – мазлұмдарды қорғау. Хазірет Әли (ғ.с.) өмірінің соңғы сәттерінде перзенттеріне: «Залымның дұшпаны және жәбір көргендердің қамқоршысы болыңдар», – деп өсиет етті. Хазірет (ғ.с.) жәбір көргенді қорғаған кезде, оның дініне қарамады, ьіпті дінді шарт қылып қоймады. Мазлұмдарды қорғау және залыммен күресу  Алла жолындағы жиһад рухы болып табылады. Ұстаз шәһид Мұттахари бұл салада: «Бір халықтың экономикалық немесе адам күшін пайдалану үшін соғысу Исламда мүлдем рұқсат етілмеген. Ислам діні бойынша мұндай соғыстар қысым көрсетудің бір түрі болып табылады.  Жиһад тек қорғаныс және шын мәнінде шабуылға қарсы заңды күрес»,- деп айтқан.

 

Алланың құлы болған адам нағыз басидж және тірі шәһид болуы мүмкін. Бәсидж – өмірін қиятын, бірақ діни басшысына бағынудан ешқашан бас тартпайтын адам. Басидждердің көрнекті үлгісі Ашура күніндегі имам Хусейннің (ғ.с.)  жетпіс екі серігі болды, олар өздерінің аздығына қарамастан дұшпаннан қорықпады және имамдарын жалғыз қалдырмады. Илаһи нұрдың көрінісі болған имам Хусейн (ғ.с.) Ашура күні жанқиярлық пен шәһид болу мәдениетін өзінің және серіктерінің қанымен табанды етті  және қиямет күніне дейін адамзаттың құлағына азаттық пен адамгершіліктің тағылымын жеткізді. Бұл мәдениетті сақтау үшін қамқорсыз және имамсыз халықтың адамгершілікті кеңейтуге әсерінің болмайтынын, сонда-ақ халықсыз имамның билігі де, күші де болмайтынын білуіміз керек. Бүгінде дүниежүзіндегі үстемшілер Ислам әлемімен қырғи-қабақ соғыстарында халық пен имамын ажыратуды көздейді, өйткені мұндай халықты кез келген бағытқа оңай жетелеуге болады. Егер үммет өзінің имамы мен қамқоршысын біліп, оған еруде берік болса, жеңіліске ұшырамайды. Нағыз басидждер – осы қырағы үмбеттің, дүниежүзінде оянып келе жатқан халықтың ту ұстаушылары. Басидждер, Хизболла, Хашд әш-Шааби, Хамас және осы халықтың басқа да көрнекті өкілдері қырағы болып, зұлымдыққа қарсы күресте Хусейннің (ғ.с.) соңынан ерген ұлы ұлтқа қосылуға жүректері соққан күштер. Уа, Алла, имамымыз (ғ.с.) және хазіреттің серіктерімен ант етеміз, біздің атымызды Хусейн (ғ.с.) үмметінің қатарына тіркейсін. Әумин.