Әлемдегі АҚШ-тың биологиялық қауіптері (2)
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i57526-Әлемдегі_АҚШ_тың_биологиялық_қауіптері_(2)
Биологиялық дағдарыстар ежелден адам денсаулығына елеулі қатер болып табылады және әрқашан үкіметтерді, халықаралық ұйымдарды және қоғамды алаңдататын басты мәселе болды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 17, 2021 18:58 Asia/Almaty
  • Әлемдегі АҚШ-тың биологиялық қауіптері (2)

Биологиялық дағдарыстар ежелден адам денсаулығына елеулі қатер болып табылады және әрқашан үкіметтерді, халықаралық ұйымдарды және қоғамды алаңдататын басты мәселе болды.

Дүниежүзіндегі АҚШ жетекшілік ететін биологиялық зертханалардың маңайында көптеген елдерде қолдан жасалған биологиялық аурулардың таралуы бұл елдің қандай бағдарламаларды ұстанғанын және биологиялық бәсекелестікті кеңейтіп жатқанын көрсетеді. Болашақ соғыстарға жол ашып жатқандай көрінетін биологиялық бәсеке халықаралық қауымдастықтың өміріне үлкен қауіп төндіретін мәселе. Ел ішінде ондаған ірі биологиялық зертханаларға ие болуымен қатар, АҚШ үкіметі Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін шетелде биологиялық қару зертханаларын дамытуға ерекше көңіл бөлді. Биологиялық агенттерді қолданудың маңыздылығын және Вашингтонның осы саладағы ауқымды бағдарламасын ескере отырып, кейбір бағалаулар бойынша әлемнің түпкір-түпкіріндегі АҚШ зертханалар саны 200-ден асады. Вашингтон АҚШ-та бұрын болған биологиялық апаттардың алдын алу үшін бұл зертханаларды елден жасырын түрде көшірді.

Орталық Азиядағы американдық биологиялық зертханалардың қызметі

Вирусты шығаруға қабілетті АҚШ-тың негізгі әскери биологиялық зертханалары «4-сыныптағы зертханалар» болып табылады және қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейіне ие. Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушевтің айтуынша, Пентагон әлемнің түкпір-түкпірінде биологиялық зертханалар салуда. Бұл зертханалар биологиялық қару жасау үшін құрылған, бұл үлкен алаңдаушылық туғызады. Иранның азаматтық қорғаныс ұйымының басшысы Ғоламреза Джалали де 2020 жылдың наурыз айында Иран, Ресей және Қытайдың төңірегінде халықаралық ұйымдардың бақылауынан тыс АҚШ-тың биологиялық ынтымақтастық бағдарламасы аясында жасырын әрекеттерді жүзеге асыратын 4-деңгейдегі 25-ке жуық АҚШ зертханасының бар екенін мәлімдеді. Осы тұрғыда 2020 жылы жұқпалы аурулар, өкпе, астма және аллергияға маманданған ирандық дәрігерлер тобы аймақ президенттеріне «коронавирустың өршуі биологиялық шабуылға негізделген» деген гипотезаны күшейтуге қатысты хат жолдады. Аймақ басшылары АҚШ-тың аймақтағы биологиялық зертханаларын жойғысы келді.

АҚШ Еуропа мен Африканың аймақтарынан басқа Украинада, Грузияда, Өзбекстанда, Әзірбайжан және Қазақстанда көптеген биологиялық зертханалар құрды. Зерттеулерге сәйкес, Украинада АҚШ-тың 15-тен астам құпия биологиялық орталықтары мен зертханалары бар. Украина үкіметінің оппозициясының жетекшісі Виктор Медведчук орталықтарды АҚШ әскерінің биологиялық зертханасы деп сипаттап, олар құрылғаннан бері қауіпті аурулардың таралуы айтарлықтай көбейгенін айтады. Ол украиндық делегацияның екі мүшесімен бірге бұл орталықтардың қызметін ел халқының өміріне үлкен қауіп деп бағалады. Осы орталықтардың ең маңыздыларының бірі STCU орталығы деп аталады. Украинаның ғылыми-техникалық орталығы ретінде белгілі болған бұл орталық ядролық, биологиялық және химиялық технологияларға қатысты жұмыстармен айналысады. Орталықты АҚШ пен Канада қаржыландырады. Бұл орталықтардың  құрылуымен Украинада жұқпалы аурулардың таралуы артты. Сыншылар АҚШ биологиялық нысандарының Украина жеріндегі жасырын және ашық емес әрекеттерінің украиндық азаматтардың үстінен вирустар мен бактерияларды сынауға бағытталғаны туралы күшті дәлелдердің болуын мәлімдеді.

АҚШ-тың биологиялық қаруды кеңейтудегі рөлі

Украинадағы оппозициялық топтарды пікірінше, Киев үкіметі АҚШ-тың Украина жеріндегі жасырын әрекеттері туралы нақты есеп бермейді. АҚШ-тың Украинадағы биологиялық орталықтарының әрекетінің әсерінен 2009 жылы вирус геморрагиялық пневмонияны тудырып, 450 украиндықтың өліміне себеп болды. 2016 жылы тұмау сияқты белгісіз вирустан 20-ға жуық сарбаз қайтыс болды. АҚШ-тың Украинадағы құпия зертханаларының бірі орналасқан Николаев облысында доңыз обасы мен гепатит сияқты вирустардың таралуы АҚШ-тың Украина жеріндегі биологиялық бағдарламасы туралы да күрделі сұрақтар туғызды. «Украина» сайты АҚШ-тың Украинада қауіпті вирустарды сақтайтын сегіз зертхана құрғанын хабарлады. Веб-сайттың хабарлауынша, Пентагонның қарамағындағы    АҚШ-тың Қорғаныс қаупін азайту агенттігі вирустарды сақтау және олармен жұмыс істеу үшін 2005 және 2014 жылдар аралығында Киев зертханаларын салған немесе модернизациялаған.  

 

Болашақ соғыстар, биологиялық соғыстар

Қазақстан АҚШ-тың биологиялық зертханасы  орналасқан тағы бір ел. Кеңес Одағы ыдырағанға дейін Қазақстан бұл елдің биологиялық қаруын өндіру, сақтау және дамытудың маңызды орталықтарының бірі болды. 1980 жылы тоқтағандай болған Кеңес Одағының биологиялық қару бағдарламасы доктор Әли Беков сынды ғалымдардың айтуы бойынша жалғасын тауып, 1989 жылға дейін сібір жарасы сияқты әртүрлі биологиялық вирустар шығарды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бұл орталықтарды басқаруға және биологиялық соғыстармен күресу үшін олардың ақпаратына қол жеткізуге тырысқан АҚШ болды.

Алматы зертханасын қайта құру жобасының құны 102 миллион доллардан асты және оны Пентагон басқаратын Биологиялық қауіпті азайту агенттігі төледі. Билік қарсыластарының пікірінше,  зертхана Қазақстан азаматтарына үлкен қауіп төндіреді. Мұндай зертхананың Қазақстанның жер сілкінісі қаупі бар өңірінде жұмыс істеуі және оның Алматының шетіндегі тұрғын ауданға жақын орналасуы, сондай-ақ қауіпсіздікке төнетін қауіптер мен лаңкестік топтардың қауіпті құрамдарға қол жеткізу ықтималы ел тұрғындарын алаңдатып отыр. АҚШ Алматы зертханасындағы жоспарларын «биологиялық қауіпті азайту» деп сипаттайды, бірақ ресейліктер бұл зертхана АҚШ арналған биологиялық қаруды зерттеуге және сақтауға арналған және жабық, зиянды вирустар шығаруына бақылау жүрмейтін орталық деп санайды. Ресейдің денсаулық сақтау инспекциясының басшысы Мәскеу АҚШ-тың бұл әрекетін Ресейдің көршілес елдеріндегі қуатты шабуыл әлеуеті ретінде қарастыратынын ресми түрде мәлімдеді. АҚШ жобаның Мэриленд штатындағы Форт-Дитрих қаласындағы АҚШ әскери базасының зертханасымен қатысы бар екенін жоққа шығарса да, зертхананың бюджетін АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландыруда.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша,  2020 жылдың алғашқы алты айында 98 мыңға жуық адам пневмонияға ұқсас вирусты жұқтырған және бір ай ішінде 600-ден астам адам қайтыс болған. Қазақстан теңізге шыға алмайтын ел болғандықтан, мұндай дерттің шығуы Қазақстандағы АҚШ биологиялық зертханасына назар аудартты. Осыған байланысты Ресей Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы АҚШ-ты вирустың Қазақстанда таралуына басты себепкер деп атады. Екінші дүниежүзілік соғыс (1945) кезінде АҚШ-тың ядролық қаруды қолдануы    бұл елдің дүниежүзіндегі, соның ішінде Украина мен Қазақстандағы әскери зертханаларының биологиялық қауіп-қатерлеріне қатысты алаңдаушылық тудырады. Өйткені бұл зертханалардың қызметі халықаралық институттар мен конвенциялардың қадағалауынан тыс, ал АҚШ адам құқықтары жөніндегі халықаралық құқық нормаларын сақтамайтынын сан рет көрсетті.