2021 - Журналистер үшін қиын жыл
(last modified Fri, 24 Dec 2021 13:47:07 GMT )
Жел 24, 2021 19:47 Asia/Almaty
  • 2021 - Журналистер үшін қиын жыл

Статистика 2021 жылы 488 журналистін түрмеге жабылып, 46 журналистін өлтірілгеінін көрсетеді. Бұл соңғы 25 жылдағы түрмеге түскен журналистердің ең көп саны болып табылады. Мьянма, Беларусь және Гонконгтағы БАҚ қуғын-сүргініне байланысты түрмедегі журналистер саны 2021 жылы шамамен 20 пайызға өсті.

2021 жыл аяқталып келеді және біз өткен жылдың ішінде көптеген тәтті және ащы оқиғалардың куәсі болдық. Дүниежүзіндегі журналистер бұл жаңалықты жеткізуші болғанымен, өздері маңызды жаңалықтардың тақырыбы мен нысанасына айналды. Бірінші жаңалық, АҚШ-тан келген 58 жастағы филиппиндік журналист және жазушы Мария Раса мен 59 жастағы ресейлік журналист Дмитрий Муратов сөз бостандығын қорғаудағы күш-жігері үшін биылғы 2021 жылы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын иеленді. Биылғы 10 миллион крона жүлде екі журналистке берілді.

Өкінішке орай, 2021 жылы  екі ирандық журналист Махшад Карими  және Рейхане Яссини қызметтік міндетін атқарып жүрген кезде автобустың аударылуы салдарынан қаза тауып, Иранның ақпарат қауымдастығы аза тұтты.

Сондай-ақ, өткен жылы 46 журналист пен БАҚ белсендісі көз жұмды. Бұл журналистердің көпшілігінің өлімі қастандық пен кісі өлтірумен байланысты болды. Қаза болғандардың 65 пайызы қасақана нысанаға алынып, өлтірілді. Сәйкесінше 7 және 6 адам журналист өлімге ұшыраған Мексика мен Ауғанстан 2021 жылы журналистер үшін ең қауіпті елдер болды. Бұл рейтингте төрт журналист қаза тапқан Йемен мен Үндістан үшінші орында тұр. Статистика 2021 жылы әлемде кепілге алынған журналистер мен БАҚ белсенділерінің саны 65-ке жеткенін көрсетеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі адамға артты. Сирия, Ирак және Йемен - сәйкесінше 44, 11 және 9 журналистің кепілге алынуымен бұл салада ең көп фактілер тіркелген үш ел.  2021 жылы журналистердің тұтқындалуы мен қамауға алынуын, әлемде 488 журналистін қамалғанын  көрсететін  статистика алаңдатарлық. Бірінші жылдық есеп 1995 жылы жарияланғаннан бері журналистердің тұтқындалуы бұрын-соңды мұндай көп болған емес. Бұл ерекше өсім негізінен Мьянма, Беларусь және Қытайдаға әрекеттердің нәтижесі болып табылады. Қытай билігінің Гонконгта жаңа қауіпсіздік заңын енгізуі соңғы бір жылда журналистерді тұтқындау мен қамауға алу санының артуына айтарлықтай ықпал етті.

Қытай 127 журналистін түрмеге жабуымен көш бастап тұр. Мьянма 53 журналисті  түрмеге жабуымен екінші орында тұрса, Вьетнам 43, Беларусь 32  және Сауд Арабиясы  31 журналсит тұтқынымен үшінші орында. Бұл есептің тағы бір бөлігінде әлемде журналист әйелдерді тұтқындау мен қамауға алу жағдайларының көп және бұрын-соңды болмағаны айтылып, бұл мәселеге өкініш білдірілді. Өткен жылы әлемде 60-қа жуық журналист әйел тұтқындалып, қамауға алынды, бұл 2020 жылмен салыстырғанда үштен бірінен астам.  

2021 жылы әоемде 488 журналист қамауға алынды

Британия парламентінің мүшесі Крис Брайант баспасөз бостандығының халықаралық қағидаттарын бұза отырып, Әли Резвани есімді ирандық журналисті санкциялар тізіміне енгізіп, бұл елге сапар шегуіне тыйым салуды және оның елдегі активтерін  жаюуды талап етті. Соңғы жылдары дұшпандық парсы тілді желілерді ашу және қолдау орталығына айналған Британия Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігі тілшілеріне санкция енгізіп, у-шумен бұл хабарды таратты. Күлкілі болумен қатар, бұл әрекет ақпараттың еркін ағынына қатысты батыстың қос стандарттарын одан әрі әшкереледі. Көптеген жылдар бойы Иранның жаңалықтары мен ақпараттары аудиторияға жетпеуі үшін Hotbird, Arab, Nail және кейбір басқа жерсеріктерден ИИР-ның көптеген арналары жойылды. Басқа жағынан, біз бұл жерсеріктердің лаңкестік әрекеттерді насихаттайтын желілер екенін, сондай-ақ кісі өлтірушілермен, лаңкестермен сөйлесетінін және олармен шамалы айналыспайтынын көреміз. Бұған журналистердің бойкотын қосуға болады, бұл Батыс үкіметтерінің ақпарат ағынына қысым жасаудың жаңа жоспары сияқты.

Биылғы жылдың соңғы күндерінде «Шекарасыз тілшілер» ұйымы сионистік режимнің үстінен Халықаралық қылмыстық сотқа шағым түсіріп, Газадағы ақпарат құралдарының ғимаратын бомбалауды соғыс қылмысы деп атады. Мамырдың 15-і күні сионистік режим Газадағы бірнеше халықаралық ақпарат құралдарының штаб-пәтері орналасқан және БАҚ тілшілері болған Әл-Джалаа мұнарасын бомбалады. Шабуыл үлкен материалдық шығын әкеліп қана қоймай, Газа секторындағы қақтығыстар туралы хабарларды таратуға кедергі келтірді. Халықаралық журналистер федерациясы (IFJ) Қауіпсіздік кеңесіне жасаған мәлімдемесінде Газа секторында орналасқан журналистерге жасалған шабуылдарды тоқтату үшін шара қолдануды шақырды. Федерацияның хабарлауынша, журналистерге жасалған шабуылдың мақсаты Газадағы оқиғаларды хабарлағандардың аузын жабу болған.

Нью-Йорктегі Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) шабуылға реакция білдіріп: «Ұзақ уақыт бойы халықаралық ақпарат құралдарының бас кеңсесі ретінде танылған ғимаратқа жасалған шабуыл Құдсты басып алушы режимнің соғыс министрлігінің Газа халқының қайғы-қасіретін көрсетудін алдын алу үшін ақпарат құралдарын нысанаға алғанын көрсетеді»,- деді. Осы салада белсенді ақпарат құралдар мен мекемелермен қатар, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш де Газадағы шетелдік БАҚ кеңселеріне жасалған шабуыл мен журналистер қаупі туралы: «Мұндай қылмысқа кез келген жағдайда жол бермеу керек, өйткені азаматтық және бұқаралық ақпарат құрылымдарын кез келген нысанаға алу халықаралық құқықты бұзады»,- деді.

 

 

Халықаралық журналистер федерациясы (IFJ) қыркүйек айында Ауғанстанда Табибан билікке келгеннен бері елдегі 153 БАҚ жабылып, әйел журналистер жұмыстан қуылғаны туралы есебін жариялады. Агенттіктің хабарлауынша, ақпараттық жүйелердің жабылуы және БАҚ қызметкерлеріне қарсы қоқан-лоққылар мен зорлық-зомбылықтың күшеюі Талибанның елде билікке қол жеткізуінің салдары болды. Сондай-ақ Ауғанстанда журналистердің ұсталғаны, құрал-жабдықтары тәркіленгені, тіпті азапталғаны немесе соққыға жығылғаны туралы мәліметтер көбейіп барады. Журналистер федерациясының мәліметінше, Ауғанстандағы тәліптердің күшеюі 7000-нан астам БАҚ қызметкерінің жұмысына әсер етті және олардың көпшілігі өз өмірлері мен отбасыларының өмірі үшін алаңдап, жұмысын жалғастырудан бас тартты.  Ауғанстандық журналистер де Талибан билігі кезінде түрмеден босаған мыңнан астам қылмыскерлердің шабуылы мен кек алуының шынайы қатерімен бетпе-бет келді. Халықаралық журналистер федерациясының бас хатшысы Энтони Блангер: «Менің ойымша, біз тек ресми БАҚ немесе бірде-бір әйел болмайтын Талибан ақпарат құралының пайда болуының куәсі боламыз. Бұл ақпарат құралдан тыс барлық журналистер жұмысынан айырылады. Талибан билікке келгенге дейін Ауғанстанда журналистика оңай болмай, көптеген журналистер қаза тапқанымен, журналистердің қазіргі жағдайы одан сайын қиындады.