Қаң 31, 2022 14:55 Asia/Almaty

Имам Хомейни 14 жыл 3 ай қуғында болғаннан кейін 1979 жылы 3 ақпанда таңғы тоғыз жарым шамасында, дәлірек айтсақ, сағат 9:27:30-да қазіргі тарихтағы бірегей революцияның негізін қалау үшін елге оралды.

Имам Хомейни  14 жыл 3 ай  қуғында болғаннан кейін 1979 жылы 3 ақпанда  таңғы тоғыз жарым шамасында, дәлірек айтсақ, сағат 9:27:30-да  қазіргі тарихтағы бірегей революцияның негізін қалау үшін  елге оралды. Көптеген куәгерлердің, бақылаушылардың және сарапшылардың пікірінше, руханияттың, тәуелсіздіктің және шынайы исламдық құндылықтардың хабаршысы болған және Иранда Ислам Республикасының құрылуымен басқалардан гөрі таза Мұхаммадтық Исламның ұшқындары болған революция. Исламның басынан осы уақытқа дейін әлем осы революция арқылы жарқырап тұрды.

 

Жылдар бойы елінен алыста болған Имам Хомейнидің Иранға келуінің тарихи сәті

 

Көптеген куәгерлердің, бақылаушылардың және сарапшылардың пікірінше, бұл руханият, тәуелсіздік және шынайы ислам құндылықтарына негізделген революция болды және Ирандағы революцияның нәтижесінде Ислам республикасы жүйесінің құрылуымен хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) Исламының ұшқындары әлемде жарқырады. Әрине, Исламның таза ілімдерінің қайта пайда болуының негізгі факторларының бірі Иран Ислам революциясының ұлы сәулетшісі, имам Хомейни деп танымал Сейіт Рухолла Мұсави Хомейни екені сөзсіз. Имам Хомейни Исламның ардақты пайғамбары Мұхаммад (с.ғ.с.) мен пәк имамдардың (ғ.с.) өмірбаянына негізделген  исламдық жүйенің негізін қалаушы болды. Ислам жүйесі құрылуынан 43 жыл өтіп, ол дүниежүзіндегі мазлұмдардың, жәбір көргендердің және азаттық іздеушілердің панасы болып табылады. Рауаят бойынша, Пайғамбардың (с.ғ.с.) сахабаларының саны қырыққа таяп қалғанда, Алла Тағаланың тарапынан хазіретке шақыруың  әшекере ету бұйырылды. Сол күні Сафа тауы маңында болғандар Алла елшісінің  «Уа, Сабахаһ» деп айқайлаған дауысын естіді. (Хазірет әдетте қауіпті және маңызды жұмыс кезінде осылай ескертетін). Аз уақыттың ішінде халық жиналды. Пайғамбар адамдарға шексіз мейірім мен мейіріммен қарап, сөзін былай бастады: «Менен өтірік естідіңдер ме?» Барша: «Жоқ! Біз сенен ақиқат пен тазалықтан басқа ештеңе көрмедік, естімедік»,- деді. Пайғамбар: «Қанішер дұшпан аңдып, саған шабуыл жасағысы келеді десем, менің сөзімді жоққа шығарып, немқұрайдылық білдіріп, отыра бересіңдер ме?»- деді.  Хазірет халықтың назарын өзіне аудартқан соң имам: «Енді мен сендерге осы таудың арғы жағынан жаудың атқа мінгендері келіп, сізге шабуыл жасайды десем, маған сенесіңдер ме? Хабардар болыңдар! Бұл өмірден кейін сендерді аласапыран, азабы,  бақытсыздықтары мен мұңдары көп дүние!»- деді.

Имам Хомейни өз қозғалысын Алла Елшісінің (с.ғ.с.) дінін жаңғырту мақсатында бастады. 1964 жылы сөйлеген сөзінде ол капитуляция және АҚШ-қа толық ұпай беру және ұлттық егемендікті бұзу туралы заңның қабылдануына ескерту жасап: «Мырза, мен қауіп жариялаймын! Уа, Иран армиясы, мен қауіп-қатерді жариялаймын! Уа, Иран саясаткерлері, мен қауіп-қатерді жариялаймын! Уа, Иран саудагерлері, мен қауіп-қатерді жариялаймын! Уа, Иран ғалымдары, уа, Ислам билігі, мен қауіп-қатерді жариялаймын! Уа, ғұламалар, әміршілер, уа, мырзалар, уа, Наджаф, уа, Құм, уа, Мешхед, уа, Теһран, уа, Шираз, мен қауіп-қатерді жариялаймын»,- деді.   

 

 

Имам Хомейни және аятолла Хаменеи

Революция жетекшісі Аллаға арқа сүйеп, имамдардың (ғ.с.) өмірін үлгі етіп, ұлттың күш-қуатына сүйене отырып, Ислам тарихындағы таңғажайып оқиғалардың бірі болып саналатын революцияның негізін қалады. Бұл төңкеріс екі мың бес жүз жылда тамыр жайған режимді құлатты. Ол барлық жеңістерді Алланың арқасында орын алды деп санады. Ерлігі мен сенімі баршаға мәлім аятолла Хаменеи жан түршігерлік оқиғаларда, барлық шенеуніктердің жұмысы тығырыққа тірелген кезде, олардың имамға келгенін және имамның оларға тыныштық пен үміт сыйлағанын куәландырды. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Имам Хомейни Аллаға деген сенімімен әрқашан берік таудай тұрды және оны ештеңе шайқаған жоқ. Елдегі оқиғалардың көбінде  және революция оқиғаларында барлық ауыртпалық әрқашан имамға жүктелді. Оқиға кезінде барлық басшылар мен адамдарға бір сөйлеммен бағыт-бағдар беріп, әлсіздік пен үрейді тоқтатты»,- деді. 

Имам Хомейни өте кішіпейіл болды. Ешқашан өзін өзгелерден артық санаған емес, өзін халықтың қызметшісі деп біліп, атаққа ие болуға ұмтылмаған. Бұл кісі оны мақтамауды сан рет ескертті. Аятолла Хаменеи имамның ұлылығы мен құдіретіне тоқталып, халық алдындағы кішіпейілділігі туралы: «Имам өз құдіретімен дүниедегі барлық саясатты өзгерте алған адам еді. Ұлы таулар кішкентай болып көрінетін қайратты ерік пен сөзі дүниеде бомба болып жарылған шешен тілге ие ерік-жігерімен имам Хомейни халықтың алдында сөйлеген кезде, өзін басқалардан кішірек деп біліп: «Халық бізден артығырақ»,- деді.

 

Құран Кәрімде «Әнфал» сүресінің 24-аятында Ислам дінінің қайта жаңғыруына тоқталып, иманға келіп, жүрегін әрқашан иман нұрымен нұрландыруға ұмтылған жандарға: «Әй мүміндер! Сендерді өздеріңе тіршілік беретін нәрсеге (дінге) шақырған кезде, Алланың әрі Елшісінің тілін алыңдар. Және де Алланың, кісімен жүрегінің арасына дейін килігетіндігін біліңдер. Шексіз Алла тарапына жиналасыңдар»,- деді. Шынында, мектеп тірі болса өмір беретін бола алады және серпінді, өміршең Ислам діні жан беріп, жақтастарының өлімінің алдын алады.

Имам Хомейнидің пікірінше, хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) Исламы – негізгі қайнар көзі Құран, негізі Әһле-Бәйт (ғ.с.) және имам Мәһди (ғ.с.) ғайып кезде  дін ғұламаларының саяси билігі орнатылған Ислам. Басқаша айтқанда, таза Ислам – Құран, Әһле Бәйт (ғ.с.) және ғұламалардың саяси билігіне негізделген. Имам Хомейни Мұхаммадтық (с.ғ.с.) Исламның кәпірлерге мұсылмандарға үстемдік етуге орын қалдырмайды және мұсылмандар илаһи бұйырықтар мен тыйымдарды орындап, Құран Кәрімнің нұрлы аяттарын орындау арқылы әрқашан биікте деп сенді. Хабардар болыңдар! Бұл өмірден кейін сенде аласапыран дүние,   азабы, бақытсыздықтары мен мұңдары көп дүние! 

Имам Хомейнидің көзқарасы бойынша әділдік талап ету мен зорлық-зомбылыққа қарсы болу хазрет Мұхаммад (с.ғ.с.) исламының көрнекті белгілері болды. Алла Тағала басынан бастап пайғамбарлардың жіберілуінен мақсатын әділетті жүзеге асыру деп біліп: «Расында елшілерімізді ашық мұғжизаларымызбен жібердік. Және елшілермен бірге адам баласының әділ тұруы үшін Кітапты, мизанды (әр нәрсенің өлшеуін) жібердік...»,- деді. («Хадид» сүресі, 25-ші аят). Имам Хомейни Ислам республикасындағы әділет туралы: «Ислам республикасында исламдық әділет орнатылып, илаһи әділет бүкіл халыққа ісерін тигізеді. Тағутта болған нәрсе Ислам республикасында жоқ»,- деді.

Көптеген сарапшылар имам Хомейниді пәк имамдардан (ғ.с.) кейінгі діни ойды ең үлкен жаңғыртушы деп санайды.   Ислам революциясы мен интеллектуалдық және қоғамдық қозғалысты  құрудағы оның түпкі мақсаты хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) таза Исламын қайта жаңғырту болды. Ислам революциясының ұлы көсемі Иран революциясын жеңіске жеткізіп қана қоймай, барлық мұсылман қоғамдарында бірлік пен исламдық бауырластық рухын қалыптастырды. Имам Хомейнидің Ислам революциясы нұрдың жарылуы болды және осы нұрдың сәулелері барлық исламдық және исламдық емес елдерді жарқыратты. Сондай-ақ жаулардың улы үгіт-насихатының нәтижесінде дін  апиын ретінде таныстырылған жағдайда мазлұмдарға, әсіресе мұсылмандарға құрмет пен мақтаныш әкелді. Ол Ислам революциясының негізін құру арқылы Исламның қоғамды басқару, дүние мен ақырет бақытына кепілдік беру қабілеті бар екенін әлемге паш етті.

 

Тегтер