Раджаб – құлшылық етуші жандардың күтушісі
(last modified Wed, 02 Feb 2022 12:36:20 GMT )
Ақп 02, 2022 18:36 Asia/Almaty

Ғибадат пайдасы мен әсерімен бірге адам баласының рухани қажеттіліктерінің бірі болып табылады.

Адамның болмысында көптеген бос орындар бар. Олардың әрқайсысы дұрыс толтырылып, орындалмаса, адам жанын алаңдатып, теңгерімсіз етеді. Мысалы, адам бүкіл өмірін тек құлшылық етумен өткізгісі келсе, басқа қажеттіліктерін қанағаттандырмаса, олар оны ренжітеді. Керісінше, адам үнемі материалдық нәрселерді іздеп, руханиятқа көңіл бөлмесе, оның жаны мен психикасы үнемі күйзеліске ұшырайды. Айта кететін жәйт, Алланың мұқтажсыздығы. Алла Тағала кемел және еш нәрсені қажет етпейді. Адамға кемелдік керек және ол адамды Аллаға құлшылық етуге мұқтаж еткізеді. Құран Кәрімде: «Әй адам баласы! Аллаға мұқтажсыңдар. Алла Тағала әр нәрседен мұңсыз, өте мақтаулы»,- деп айтылды. («Фатыр» сүресі, 15-ші аят). 

Тәжірибелер мен адамзат тарихын зерттеу көрсеткендей, әрқашан Алламен қарым-қатынасын сақтап, әрқашан дұға мен сырласу арқылы Онымен байланыста болғандардың психикалық денсаулығының жағдайы жақсырақ болады. Адамның жанының саулығы оның тәнінің саулығына әсер етеді, сонымен қатар тәні мен жанының саулығы адамдарға жеке, әлеуметтік және отбасылық салаларда табысты болуға көмектеседі. Басқа жағынан, ғибадат пен дұға сүйіспеншілік, жақындық пен бауырмалдық рухын нығайтады, мүміндердің бір-бірімен қарым-қатынасын нығайтады және осыған байланысты қоғам жақсырақ және қолайлы жағдайда болады. Әрине, күнделікті өмір мен дүниенің уайымдары бұл мұрсатты пайдалану мүмкіндікті азайтады.

Раджаб айы – осы уақыт пен мүмкіндіктердің бірі. Өмірдің күндері мен түндерінен кейін раджаб айының келуін уәде ететін жүрекке жағымды дауыс естіледі. Раджаб айының келуі құрғақ және күйдірілген шөлге жауған көктемгі жаңбыр сияқты. Енді өмірдің уайымдары мен қиыншылықтары бізді шаршатып, тітіркендірді, Раджаб - айналамызда тоқылған піләдән шығудың ерекше мүмкіндігі. Осы айдың нұрлы уақыттары тез өтіп кетсе де, бұл таза сәттер ұлы илаһи мерекеге барудың алғышарттары болып табылады. Раджаб айының намаздарының зәмзәміне тәнді жуып, иман келтірген мүміндер шағбан айында тағы да лас тозаңнан жуынып, рамазан айында Досының асына барады.  

Раджаб айы – Исламда ерекше мән берілген және сауабы мол айлардың бірі саналатын қамари күнтізбесінің жетінші айы. Қасиетті раджабтың жаңа туған айын көрген рақым Пайғамбар (с.ғ.с.) Алланы мадақтап, тәкбір айтып: «Раджаб айы – үмметім үшін кешірім сұрау айы. Бұл айда кешірім сұраңдар, өйткені Алла – Кешірімді, Мейірімді»,- деген. Сондай-ақ хазірет: «Раджаб айында бір періште таң атқанша: «Раджаб айында құлшылық етушілер бақытты, Алланы ұлықтап, зікір етушілер бақытты, Аллаға мойынсұнғандар бақытты»,- дейді»,- деп айтқан болатын. Раджаб айының қадір-қасиеті бізге онша түсінікті емес болар. Исламның ұлық пайғамбарының хадистерінің бірінде: «Оның мазмұнына зер салсақ, осынау қадірлі айдың нұрлы сәттерін оңайлықпен жіберіп алмаймыз»,- деп айтылды.

Исламның ұлық пайғамбары раджаб айының ұлылығы туралы былай деді: «Алла Тағала жетінші аспанда Дааи періштені орналастырды. Раджаб айы келген кезде бұл періште түн сайын таңға дейін «Бүкіл ерік-жігерімен Аллаға қарай асыққан адам қандай бақытты» дейді.  Алла Тағала: «Менің бұйрықтарымды орындап, маған жақындайтын адамға жақындаймын, менен кешіруді сұрайтын адамды кешіремін. Раджаб айы – менің айым, пенде де менің пендем, рахымдылық менен. Бұл айда мені шақырған әр адамның шақыруын қабылдаймын, менен тілеген адамға - сұрағанын сый етемін, дұрыс жолға нұсқауды сұраған адамға - дұрыс жолды көрсетемін. Мен бұл айды өзім мен пенделерімнің арасындағы қатынастың құралы ретінде пайдаланамын»,- деді».

Осы айдың бірінші түні – қадірлі түн. Хазірет Әлиден (ғ.с.) айтылған хадисте: «Жылдың төрт түні ояу болып, Аллаға құлшылық ету керек. Ол төрт түн: раджаб айының бірінші түні, шағбан айының ортасы түні, Ораза айт түні және Құрбан айт түні». Сондықтан мүміндер раджаб айының бірінші түнін ғибадат жасап ояу және күнін оразамен өткізеді»,- деп айтылды. Бұл түндегі амалдардың бірі – айды көрген кезде, дұға оқылады. Бұл дұғалардың ең әйгілісі имам Саджадтың (ғ.с.) осы түнде айтқан дұғасы: «Уа, Алла! Осы айдың басын біз үшін амандықпен, иманмен, денсаулықпен және Исламмен бастай гөр. ...Уа, Алла, раджаб пен шағбан айларын біз үшін берекелі етіп, рамазан айына жеткізе гөр».

Раджаб - Алланың мейрамына баруға дайындық айы,  Исламның бұл айда ұсынған бағдарламаларының барлығы адамдарды жаттығуға шақырады. Бұл бағдарламалардың бірі – ораза. Діни жетекшілер бұл айда ораза ұстауға мән беріп, оның сауаптары көп екенін айтады және мұсылмандардың рамазан айының қонағы болуға дайындауға жігерлендіреді.

Ұстаз өзінің ахлақ сабағында: «Алла кешіру үшін сылтау іздейді, өйткені  кешіру мен қателерді байқамау, рақымдылық пен игілік Оның болмысында. Раджаб айының бірінші жұмасы «Ләйлат ул-рағайеб» (армандар түні) деп аталған. Бұл түнде көптеген сыйлықтар мен сауаптар сый етіледі,  иләһи періштелер де илаһи рақым мен кешірімге үміттенеді және бұл түн жақсылыққа жетуге жақсы мүмкіндік. «Ләйлат ул-рағайеб» биыл раджаб айының алғашқы күндеріне сай келеді. Бұл түнде Алланың құлдары Аллаға бет бұрып, Оның ұлылығының алдында бас иіп,  шексіз сыйы мен кешіріміне ие болуға лайықты болады. Бұл түнде адамның Аллаға деген сыры мен мұқтаждығына және ізгі істеріне, сауаптары мен сауаптарына байланысты мол болатын ерекше амалдар айтылады. Бұл түнде Алламен сырласуы мен жақсы амалдары үшін адамға көптеген сыйлар ағылады. Негізінде «Ләйлат ул-рағайеб» - ең жақсыларға арналған мереке. Кешірімділердің кешірімдісі саналатын мейірімді Алланың сыйлары таусылмайды.

Алла Елшісі (с.ғ.с.) хадисте: «Періштелер «Рағайеб түні» деп атаған раджаб айының бірінші жұма түнін елеусіз қалдырмаңдар» деген. Исламның ұлық пайғамбары: «Періштелер «Ләйлат ул-рағайеб» (армандар түні) деп атаған раджаб айының бірінші жұмасының алдындағы түнге немқұрайдылық танытуға болмайды. Өйткені бұл түннің үштен бір бөлігі өткен кезде, періштелер Қағбаның қасына жиналады, сол кезде Алла оларға: «Періштелерім, тілегендеріңді менен сұраңдар»,- деді. Періштелер: «Уа, Алла, біз раджаб айында ораза тұтушыларды кешіруді сұраймыз»,- деді. Алла Тағала: «Кешірдім»,- деп жауап берді. Әрине бұл сәттер тәубе етіп, мейірімді Жаратушыға оралу үшін ең жақсы мұрсат.

Бізге береке, қуаныш, нұр мен жарық әкелетін раджаб айына сәлем! Ол бізді қуантып, жүрегімізден уайым-қайғыны кетіреді. Бұл айдағы оразалар берекелі, намаздары шабыттандырушы және таңдары тыныштандырушы. Раджабтың дұғалары мәселелерді шешіп, Аллаға жақындатады.