Ақп 05, 2022 17:18 Asia/Almaty

1979 жылының ақпанда айында Ислам революциясының жеңісімен әлемге жаңа бір үн естілгендей болды. Революцияның көсемі имам Хомейни заманауи надандыққа қарсы шықты. Нәпсі мен адамның ашуының күші өмір сүретін ортадан басым болған. Имам илаһи пайғамбарлары мен қазіргі надандық қоғамда Алланың дінін және илаһи әмірлердің билігін жандандырды.

Надандық тек білімнің аздығы ғана емес, белгілі бір нәпсі жағдайы мен ақыл-ой қасиетінің адамдарға үстем болып, илаһи әмірлерді орындауда қыңырлыққа апаратын кезеңі. Надандық әртүрлі кезеңдерде болған, оның ең маңыздысы Алла Елшісінің (с.ғ.с.) беғсатына дейін болған және Құран Кәрімде оны «алғашқы надандық» деп атаған. Алғашқы надандық дәуірінде адамдар бірқұдайшылықтан бас тарту арқылы өздерінің пұтқа табынушылықтары мен теріс пікірлерін талап етті.

Ол тақуалық, шыншылдық, сенімділік, мейірім, отбасына құрметпен қарау, көрші-қолаңға мейірімділік білдіру, харам тамақ  пен  жетімнің мүлкін тартып алуға тыйым салу, арамдық пен жезөкшеліктен аулақ болу, Аллаға құлшылық ету сияқты қасиеттерді надан ойлар мен сенімдердін орынына әкелді. Алла Елшісі (с.ғ.с.) кәпірлердің барлық қуғын-сүргініне қарамастан сабырлығымен, төзімділігімен және жоғары ахлақымен мұсылмандардың өзегін құрап, таухидті таратты. Нәтижесінде Пайғамбардың (с.ғ.с.) исламдық үкіметі соғыссыз, зорлық-зомбылықсыз құрылды. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Ол сондай Алла, сауатсыздардың ішіне өздерінен; оларға Алланың аяттарын оқып, оларды тазартатын сондай-ақ оларға; Кітап, даналық үйрететін бір Пайғамбар жіберді. Негізінде олар бұрын ашық адасуда еді»,- деді. («Жұма» сүресі 2-ші аят).

Алла Елшісі (с.ғ.с.) қайырымды, тура жол көрсететін және адамды тәрбиелейтін үкімет құрып, адамдық абыройды жаңғыртып, әйелдерді ардақтап, махаббатты зорлық-зомбылыққа балама деп біліп, мұсылмандарды бауырлар деп атады. Алайда надандық тек Пайғамбардың (с.ғ.с.) дәуіріне ғана назар қатысты емес, жалпы адамзат қоғамдары адами және рухани құндылықтардан бас тартқан сайын надандыққа тіреледі.

Алла Елшісінің (с.ғ.с.) Ислам революциясынан бері 14 ғасыр өтті және қазіргі надандық бүкіл әлемде өзін көрсетуде. Иранда да монархия болды. Пехлеви әулеті мен үкіметке қарасты адамдар ләззат алып өмір сүрсе, көптеген қалалар мен елді мекендерде қарапайым жағдайы да болмады. Шах британдық, кейінірек американдық отаршылдықты ашық ұстана отырып және батыс мәдениетіне қатты бейім бола тұрып, өзін мұсылман деп атады. Бұл үкіметтің ұраны «басынан аяғына дейін» батыстандыру болды және  негізінен мұсылмандар өмір сүретін Иранға Батыс мәдениетін таңу үшін бар күшін аямады. Бұл надандық ойдың айқын мысалы ретінде әйелдердің басынан чадра мен хиджабты алып тастау болды.

Сыбайлас жемқорлық пен жезөкшелік орындары, арақ-шарап сататын дүкендер, ойынханалар, түнгі клубтар мен би залдары, әсіресе жастардың  есірткіні пайдалануы, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы статистикалық мәліметтер Пехлеви режимінің діни ілімдерге қасақана қарсы болғанын көрсетеді. Пехлеви режимі діни және исламдық тағылымдарға қарсы тұру үшін қомақты қаржы жұмсады, бұл надандыққа батып кету «нәпсі мен ашудың билігі» дегенді білдіреді.

 

Аятолла Хаменеи шах кезіндегі жемқорлық туралы: «Бұл адамдарды жезөкшелікке, азғындыққа және сән-салтанатқа итермелейтін үгіт болды. Тіпті адамдары нанға мұқтаж ең кедей және ең артта қалған жерлерде сән-салтанат үшін біраз орын болды. Бұл үгіт жастарды бүлдіру үшін олардың ортасында, мысалы, университеттер мен казармаларда әдейі күшейтілді. Өйткені жастары бұзылса, халық та, қарсылық та болмайды»,- деді.

Ел қазынасы халықтың игілігі мен жайлылығы үшін емес, патшаның жеке есеп-қисапындай және әртүрлі сылтаумен одан алынған. Американдық және британдық ғылыми институттарға зор қаржы  бөліну  иелеріне бағынудың мысалы. Патшалық мерекелерге ақшаны шамадан тыс жұмсау және АҚШ пен Еуропа елдерінде көптеген жеке үйлер мен пәтерлерді сатып алу шах пен оның отбасының қазынадан орасан зор шығындарының бір мысалы болды. Ал, мемлекеттік университеттерде студенттердің намаз оқитын шағын орын да бөлмепті. Бұл арада шахтың АҚШ пен Израильдің талаптарына тәуелділігі халық пен дін өкілдерінің ашуын одан сайын арттырды.

Осындай жағдайда Алави тұқымынан бір адам шығып, патшалық жүйеге қарсылығын білдірді. Имам Хомейни дінді саясаттан бөлек емес және саясатты діни нәрсе деп санаған жоғары дәрежелі ғұлама, мистик және заңгер болды. Имам өзінің алғашқы көпшілік алдында сөз сөйлеуінде шах режимін Омеядтар мен Язидтердің билігіне теңеді. Имам халықты оянуға шақырып, шахқа Шығыс пен Батыс орташыларына   тәуелді болудан және Израильдің зұлым режимімен достығынан бас тартып, Иран халқына арқа сүйеуге кеңес берді. Мұсылмандардың жоғары ғұламасының бұл сөздері шахты қатаң реакцияға итермеледі,  халық пен дін өкілдерін қуғын-сүргінге ұшыратып, өлтіру режимнің күн тәртібіне қойылды. Кең ауқымды шерулерде көптеген жастар шәһид болды, бірақ Иранның мұсылман халқы табанды тұрып, Хусейни қозғалысы жеңіске жетті. Ақырында шах  Ираннан қашып,  имам Хомейни басқарған Ислам революция  жеңіске жетіп, халықтың жоғары сайлау дауысымен Иран Ислам Республикасы құрылды.

Имам Хомейнидің ойлары Құран және Пайғамбар (с.ғ.с.) мен Әһле Бәйттің (ғ.с.) тәлімдерінен туындады. Харизматикалық және діндар тұлға  имам Хомейни илаһи пайғамбарлар сияқты илаһи бұйрықтарды жандандыру және  жоғарылату үшін көтерілді. Ол діни демократияны исламдық басқару үлгісі ретінде әмбебап етіп, сол кездегі үстем державалар болған батыстық гуманизм мәдениеті мен шығыс социализм мектебін белсендірді. Имам Хомейни және одан кейін Аятолла Хаменеи басқарған Ислам революциясы өзінің пайда болуының басынан осы уақытқа дейін, бір жағынан ваххабизм, американдық және либералдық исламға  және екінші жағынан Батыс мәдениеті мен үстемдігіне қарсы тұрды. 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  Заманауи надандық әртүрлі түстерімен әлемде үстемдік етеді. Бүгінгі таңда даму мен өркендеуді алға тартатын елдердің өзі отаршылдар болып, демократия мен адам құқығын қорғау сылтаумен әлемнің тәуелсіз елдерінің діни құндылықтары мен наным-сенімдерін жойып жатыр. Палестина жылдар бойы Израильдің балаларды өлтіру режимінің қолында. Діндарлық жеке мәселе болып табылады және тек шіркеулер мен ғибадатханаларда ғана жинақталады, ал адамның нәпсі мен ашуы билейді және илаһи әмірлерді ұмытып, Оған қызмет ету үшін дүниеде әртүрлі бұзылулар мен құлдық насихатталады. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Батыстың саяси органдары бүгін надандықты насихаттап отыр. Пайғамбар (с.ғ.с.) надандықты адамзат қоғамынан жою үшін жіберілді.  Надандық  заманның үгіт-насихатының қаруымен қаруланып, шындықты халықтың көзінен жасыра алды. Біз мұсылмандар осыларды түсінуіміз керек, білуіміз керек»,- деді.

Тегтер