«Жүрегімнің жартысы»
Раджаб айының 15 жұлдызы хазірет Фатима (ғ.с.) мен Әлидің (ғ.с.) қызы, имам Хасан (ғ.с.) мен имам Хұсейннің (ғ.с.) қарындасы хазірет Зейнабтың қайтыс болған күні.
Хиджраның 63-ші жылы раджаб айының 15 жұлдызы хазірет Фатима (ғ.с.) мен Әлидің (ғ.с.) қызы, имам Хасан (ғ.с.) мен имам Хұсейннің (ғ.с.) қарындасы хазірет Зейнабтың қайтыс болған күні. Иманды, пәк, дана бұл ханым анасы Фатима-Заһра (ғ.с.) сияқты хиджабын құрметтеді. Ол ағасы Хасан (ғ.с.) сынды сабырлы болды және әкесі хазірет Әли (ғ.с.) сияқты сөздерімен екіжүзділік пен өтіріктің перделерін алып тастады. Ағасы имам Хұсейн (ғ.с.) Кербалада оның көз алдында шәһид болған кезде, хазірет Зейнаб оңың басын аспанға көтеріп: «Уа, Алла, бізден осы құрбандықты қабыл ете гөр», - деді.
Хаpірет Зейнаб – қан төгіс пен сұлулықтың ортасында тек махаббатты көрген, ең ауыр жағдайда Аллаға арқа сүйеген тұлға. Хазірет Зейнаб өмірдің барлық қиындықтарына қарамастан әрқашан Аллаға разы, сабырлы, күшті, сонымен қатар Аллаға шүкіршілік етуші болды. Ол Кербала оқиғасынан кейін Алла елшісінің (с.ғ.с.) немересі Хұсейнге (ғ.с.) жасалған зорлық-зомбылықтың хабарын адамзатқа жеткізіп, тарихты Хұсейннің (ғ.с.) ерлігімен ерекшелендірді. Хазірет Зейнаб – Кербаланың қаһарманы және барлық адами ізгілік пен қадір-қасиеттің негізі.
Хазірет Зейнаб Ашура оқиғасынан кейін тірі қалған әйелдер мен балалармен бірге Омеяд халифасы Язидтің тұтқынына алынды. Тұтқындар керуені Ирактың Куфа қаласына, одан Сирияның қазіргі астанасы Дамаск лоналасқан жерге жеткізілді. Тарих тұтқында болған ащы да ауыр күндерді әдемі суреттеген. Хазірет Зейнабтың Ашура және тұтқын күндері, Куфа билеушісі ибн Зиад пен Дамасктегі Язидтің мәжілісіндегі бітпейтін азаптары мен мәселелері ешкімге жасырын емес.
Қазір тек мұсылмандар ғана емес, басқа дінді ұстанушылар да хазірет Зейнабтың тұлғасы мен мәңгілік шыдамдылығына сүйспеншілік білдіреді. Хазірет Зейнаб туралы жан-жақты зерттеу жүргізіп, ол туралы кітап жазған адамдардың бірі – христиан діни қызметкері Кристофер Пол Клохесси. Кристофер Пол Клохесси автор және католик пасторы исламдық ғылымдардың зерттеушісі.
«Жүрегімнің жартысы» доктор Клохесидің хазірет Зейнаб туралы кітабы. Кристофер Клохесси кітаптың атын таңдауы туралы: «Хазірет Зейнаб Кербалада ағасынан (Имам Хусейннен) және жанынан айырылды. Яғни Кербалада жүрегін жартысын Аллаға тапсырды, сол себепті кітапты «Жүрегімнің жартысы» деп атадым»,- деді.
Осы кезге дейін батыс тілінде хазірет Зейнаб және оның батылдығы мен болмысы туралы және мұсылман емес адамның зерттеуімен жазылған кітап шықпаған еді. Аталмыш кітап бұл туралы алғашқы кітап сияқты. Кристофер Клохесси хазірет Зейнабтың өмірі туралы кітабын жазу оқиғасы да өте қызықты. Ол былай деді: «Біз Римдегі арабтану және исламтану ұстаздарының бір тобы едік. Неліктен мұсылмандардың исламның ықпалды әйелдері туралы елеулі кітап жазбағанын талқыладық. Мысалы, Кербалада болған әйелдер туралы. Сондықтан біз бір ханымды таңдап, оның өмірбаянын жазу шешімге келдік. Мен анасын жақсы білетіндіктен хазірет Зейнабты таңдадым. Әрине, басқалар менің сөзімді шынайы деп санаған жоқ, менен басқа ешкім бұл тұлға туралы кітап жазған жоқ».
«Жүрегімнің жартысы» кітабында Зейнабты (ғ.с.) ер адам ретінде сипаттамайды, бірақ Зейнабтың (ғ.с.) адами ізгі қасиеттері жоғары әйел екенін қатты сенеді.
Хазірет Зейнаб тұтқында болған жағдайда да түнгі намаздарын қалдырмады. Ол Алламен сырласуды жақсы көрді. «Рияхин аш-Шариғат» кітабында былай делінген: «Зейнаб өмір бойы, тіпті мұхаррам айының 11-іне қараған түнін де, яғни, барлық жақындарынан айырылып, өмірінің ең қиын сәттерін бастан өткерген түнді ғибадат жасап, ояу өткізді.
Кристофер Пол Клохесси радиоға берген сұхбатының соңында кейбір қызықты ойларды айтады: «Хазірет Зейнабтың имамдық дәрежесі мен құқылары болмағанымен, имамдық беделі жоқ деп айта аламын. Сол ауыр тұтқын кезінде (имам Саджад (ғ.с.) қатты ауырып жатқанда) имамға тән барлық қасиеттерге ие болды және Язид әскерінің езгісіне қарсы тұтқындар керуенін басқарды. Менің ойымша, оның имамға тән қасиеттері көп еді, мен соған сенемін».
Кристофер Пол Клохесси радиоға берген сұхбатының соңында кейбір қызықты ойларды айтады: «Хазірет Зейнабтың имамдық дәрежесі мен құқылары болмағанымен, имамдық беделі жоқ деп айта аламын. Сол ауыр тұтқын кезінде (имам Саджад (ғ.с.) қатты ауырып жатқанда) имамға тән барлық қасиеттерге ие болды".