Беғсат - адам баласының оянатын күні
(last modified Mon, 28 Feb 2022 13:32:32 GMT )
Ақп 28, 2022 19:32 Asia/Almaty

Исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с.) хиджраттан 13 жыл бұрын 27 раджаб күнгі беғсаты - адамның көпқұдайшылықтан, әділетсіздік, кемсітушілік, надандық және бүлінуден құтқарылуының бастауы болды.

Аз уақыт ұйқыдан кейін Мұхаммад (с.ғ.с.) Хира үңгіріне қайтады. Ауа салқын. Түннің жартысы өтіп кеткендей болды. Мұхаммад (с.ғ.с.) сыртқа бұрылды:  аспандағы жарты ай  Хира таулары мен кең оңтүстік жазыққа  сәулесін түсірді. Бірақ Мекке, оның айналасындағы табиғат пен бүкіл дүние терең ұйқыға батты. Ерекше тыныштық ғаламды бөледі. Еш жерден ешбір дыбыс шықпады. Сол түнде бүкіл жер ұйқыға батып,  уақыт тоқтағандай болды.  Мұхаммад (с.ғ.с.)  түн ортасын ояу өткізді. Ол мұндай тыныштықты ешқашан естімеген де, сезген де емес. Сол кезде кенет аспанда біртүрлі жарқыраған нұры пайда болып, Мұхаммадтың (с.ғ.с.) көзіне түсті. Сол кезде денесінің дірілдегенін сезінді.  Кенет жарық ыдырап кетті. Сөйтіп, оның ортасынан өте керемет жаратылыс шықты. Ол таныс еді. Хазірет Мұхаммадқа (с.ғ.с.) түсінде де, оянғанда да бірнеше рет уахи жеткізгеннің өзі болды. 

(Жәбірейіл): Мұхаммад!

Мұхаммад, дауысынан анық дірілмен:   Иә?

(Жәбірейіл): Оқы!

(Мұхаммад): Мен...?! Не ... не оқуым керек ?!

Жәбірейіл: Алланың атымен!

(Мұхаммед): Қалай оқуым керек?

(Жәбірейіл): Жаратушы Раббыңның атымен оқы.

Мұхаммад  аспан әлемінен келген періштемен бірге оқи бастады.

Жәбірейіл: ... адамды ұйыған қаннан жаратты. Оқы, Раббың өте жоғары. Қаламмен оқытқан. Әрі адамға білмегенін үйретті.

Бұл кезде Алла Тағала таулар  мен тастарды сөйлетті. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) олардың әрқайсысына жеткен кезде,  олар оған құрмет көрсетіп: «Саған сәлем Алланың сүйіктісі, сәлем саған   Алланың қорғаушысы, сәлем саған Алланың елшісі»,- деді.

Раджаб айының жиырма жетінші жұлдызы жыл сайын бұл үлкен өзгеріс пен Исламның ардақты пайғамбарының мүбәрәк жүрегіне илаһи уахи түсірілген күнді еске салады. Бұл оқиға хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) қырық жасында қасиетті Меккедегі Хира тауында орын алды. Әлем моральдық күйреу алдында тұрғанда және Құранның айтуынша, әшкере адасушылыққа түскен жағдайда, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)   Алла тарапынан   адамдарды тура жолға салуға сайланды. Ол әлемдерге мейірім, дүниелердің құтқарушысы ретінде шақырылып, өзінің сарқылмас күш-жігері мен сабырының көлеңкесінде надандық дәуірін ұмытып, оның орнына адамдық, нұр және жеңіс ғылымының негізін қалады. Ол әлемдерге мейірім, дүниелердің құтқарушысы ретінде шақырылып, өзінің сарқылмас күш-жігері мен сабырының көлеңкесінде надандық дәуірін ұмытып, оның орнына адамдық, нұр және жеңіс ғылымының негізін қалады. Беғсат адамзат тарихындағы ең ұлы және ең керемет сәт, жақсылықтың жақсы хабаршысы және адамды надандық, азғындық және зұлымдық құлынан құтқарушы. Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) айтуынша, «... ұлы Алла қараңғылықты Мұхаммадтың (с.ғ.с.) нұрымен нұрландырып, жүректерді күпірлік қараңғылығынан босатты  және көзге түскен перделерді алып тастады».

Шын мәнінде адамның оянатын күні және ақыл мен ғылымның гүлдену уақыты болып табылатын Исламның ұлық пайғамбарының  беғсаты құтты болсын!

Алла елшісі (с.ғ.с.) Ислам дінін қалыптастырып, адам баласына ең жоғарғы әрі толық ілім ретінде Құран Кәрімді таныстырды. Исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с.) хиджраттан 13  жыл бұрын 27 раджаб күнгі беғсаты - адамның көпқұдайшылықтан, әділетсіздік, кемсітушілік, надандық және бүлінуден құтқарылуының бастауы болды. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) халыққа жүрекке қонымды даусымен: «Алладан басқаға құлшылық қылмайық, Оған ешнәрсені Оған серік қоспайық»,- деді. Бірқұдайшылық – илаһи пайғамбарлардың миссиясының бірінші мақсаты. Тауһид илаһи билікті және барлық пұттардың қашық  болуды білдіреді. Тауһид Алланың құдіреті мен ұлылығынан басқа ешбір күшке сүйенбеу деген сөз. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) Ислам дінін 23 жыл бойы үздіксіз насихаттау  миссиясын ең жоғары деңгейде орындады. «Ахзаб» сүресінің 21-ші аятында: «Расында сендер үшін, Алланы да ақырет күнін де үміт еткендер және Алланы көп еске алған кісілер үшін; Алланың Елшісінде көркем өнегелер бар»,- деп айтылды.

 

Пайғамбардың (с.ғ.с.) халық арасынан сайлануы әлем Раббысының үлкен нығметі екені даусыз. Алла тағала  өзінің  адамгершілігімен, өнегелі тағылымымен әлемді тазалыққа, сұлулыққа жетелеген адамды сайлады. Құран Кәрім «Жұма» сүресінің 2-ші аятында: «Ол сондай Алла, сауатсыздардың ішіне өздерінен; оларға Алланың аяттарын оқып, оларды тазартатын сондай-ақ оларға; Кітап, даналық үйрететін бір Пайғамбар жіберді...»,- деді. Құран Кәрімде   Пайғамбардың (с.ғ.с.) беғсаты үшін қарастыратын тағы бір маңызды мақсат – адамдарды надандық пен жамандықтан тазарту  және адам бойындағы асқақ таланттарды өркендету болып табылады.

Кейбіреулер надандық тек надандық деп аталып, адам баласы өткен тарих кезеңімен ғана шектеледі деп ойлайды. Шын мәнінде, адам адамгершілік шекарасынан алыстап, нәпсі ауасына ерген сайын әр жолы жаңа түрде көрінетін надандық шеңберіне түседі. Осы күнгі жаһандық дағдарыстар қазіргі адамның жабайылығының, өзімшілдігінің, надандығының салдары ма?   Палестинаның езілген балалары мен халқына қысым көрсетілу адамзаттың білімі мен өркениетінің нәтижесі ме, әлде оның надандығы мен билікке ұмтылуының нәтижесі ме? Әрине әлем білім мен адамгершілік саласында жаңа серпілісті қажет етеді.

Расында, Ислам пайғамбарының беғсаты – адам баласының табиғи қажеттілігіне сай болып, иман, білім, сана, бауырмалдық, адамдық отын тұтандырған ең маңызды оқиға. Бүгінгі таңда дүние жүзіндегі гуманитарлық ұрандардың бірі – беғсат хабарлары мен әлеуметтік әділеттілік, бостандық, ғылым мен білім, прогресс пен кемелдік  ұрандары деп батыл айтуға болады. Алла елшісінің анық хабарын тыңдаған адам өзін және дүниені дұрыс таниды. Әсіресе, ХХІ ғасыр адамы Пайғамбардың (с.ғ.с.) іліміне бұрынғыдан да мұқтаж. Адамзат бүгінде ішкі-сыртқы пұттарымен шынайы прогресс пен бақыттан құр қалды. Ол егер шынайы таухидке бет бұрса, ешбір әділетсіздік пен зұлымдықты қабылдай алмайды. Бірқұдайшылдық болмаса және   бөгде күштерге қарсы күрес болмаса, бүгінгі өркениет құнсыз болып қана қоймай, адамзаттың құлдырау жылдамдығын арттырады. Ең бастысы, Алла Елшісінің  жолдауы әрқашан жаңа және сергітеді. Мұсылман ғалымдарының бірінің айтуынша, «Ағаш өсіп, жеміс беру үшін  адам алдымен өсімдікке айналып, жапырақ беретін тұқымды егеді, содан кейін оның гүлдері гүлдеп, жеміске айналғандай, дәл осылай хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) жолдау шеңбері де жалғасын тауып, әрдайым өркендеп, жемісін беруде».

Мабас күні құтты болсын!