Нау 06, 2022 15:21 Asia/Almaty
  • Діни жетекшінің көзқарасы: Мабас және заманауи надандық

Ислам революциясының жетекшісі Исламның ардақты пайғамбарының беғсатын барша адамзатқа берілген сый деп атады.

Соңғы илаһи пайғамбар Мұхаммад пайғамбардың (с.ғ.с.) адамзатқа дұрыс жол көрсету мен басшылығы 27 раджаб Беғсат мерекесіне орай аятолла Хаменеи теледидардан сөз сөйледі. Аятолла Хаменеи  исламдық үммет пен Иран халқы мен әлемнің барлық еркін адамдарын бұл ұлы күнмен құттықтап, оны Алланың үлкен нығметі деп тапты.  Ислам революциясының жетекшісі Исламның ардақты пайғамбарының Беғсатын барша адамзатқа берілген сый деп атады.   Өйткені Исламның ардақты пайғамбары исламдық құндылықтардың екі құнды негізі атап айтқанда,  парасаттылықты кеңейту және ахлақты тәрбиелеуге  тоқталып, баршаны оған шақырды.  Ислам революциясының жетекшісі парасаттылықты түсіндіріп, Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде парасаттылық және ой толғау  сынды әртүрлі түсіндірмелер арқылы адамдарды ойлауға және пайымдауға шақырғанын еске салып, Беғсаттың мақсаттарының алдыңғы қатарындағы әдептілік пен мәдениеттілікке тоқталды.  

 

Ислам революциясы жетекшісінің теледидардан сөз сөйлеген жерінде хазірет Мәһдидің (ғ.с.) Беғсаттың мақсаты туралы хадисі жазылған. Бұл хадисте: «Алла Тағала Мұхаммадты әлемге рақым етіп жіберді және ол арқылы рақымдылығын аяқтады»,- деп айтылды. Адасушылық, надандық, үлкен фитналар, соқыр жаңсақтық, зорлық-зомбылық пен қыңырлық, тәкаппарлық, қатыгездік  сияқты қасиеттермен танылған Араб түбегінің надан халқы Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) миссиясы арқылы біртұтас, жанқияр, өнегелі, ізгі халыққа айналды.  Аятолла Хаменеи: «Мұндай халықтың аз уақыт ішінде мұндай өзгеруі ешбір мүмкін емес еді. Міне, сол адамгершілік қасиеттерге ие адамдар исламды қабылдағаннан кейін жиырма жыл өткен соң ғана дүниежүзіне танымал болды»,- деді. Аятолла Хаменеи  сөзінің жалғасында: «Беғсат пен илаһи мейірім кез адамды дұрыс жолға жетелейді және біз бүгінде одан пайда көре аламыз. Тарихта халықтың қалауы илаһи қалаумен қатар орналасып, илаһи қалауға бағынса, амалдар мен мақсаттар орындалады. Бұл кісі: «Егер сол күні біздің біреуіміз мұндай нәрсе болуы мүмкін деп айтсақ, бізге онша сенбес еді, бірақ ол орындалды. Бұл революция халықты күйзелістен шығарды, халықты толқытты, сергітті және бұл революция өзінің ұлылығын әлемге танытып қана қоймай, Иран халқын ұлы етті»,- деді.

Беғсаттан кейін Алла Елшісі (с.ғ.с.) Мәдинада илаһи әділет билігін орнатып, оны Меккенің өз бақылауына алуымен нығайтты.  Ислам революциясының жетекшісі бұл мәселені пайғамбарлық қозғалыстың шарықтау шегі деп тауып: «Дінді саясаттан  дінді өмірден, саясаттан, жалпы биліктен бөлек деп санайтындарға керісінше, Пайғамбар (с.ғ.с.) үкімет құрып, халықты басқарып, дұшпандарға қарсыласуды бастады»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) Беғсатының ең маңызды бағытын Құранның әртүрлі аяттарында айыпталған надандыққа қарсы тұру деп санады. Кейбіреулер надандық тек тарихтың белгілі бір кезеңімен ғана шектеліп, адам баласы сол кезеңнен өтті деп ойлайды. Шын мәнінде адам қашан да пендешілік шекарасынан алыстап, жан дүниесінің ауасына ерген сайын надандық шеңберіне түседі. Аятолла Хаменеидің айтуынша, «надандық жай ғана сауатсыздық емес, ахлақтың төмендігі де осы надандықтың бір бөлігі». Ол: "Сол күні Меккеде кең таралған және Пайғамбар (с.ғ.с.) бетпе-бет келген сол моральдық келеңсіздіктер бүгінде Батыс өркениеті деп аталатын әлемде  қарқынды және кеңірек түрде бар",- деді. Ашкөздік, ақша, кемсітушілік, ғылым мен техниканы адамдарды өлтіру үшін пайдалану, әлсіз елдерді тонау және шектен тыс моральдық тұрпайылық, гомосексуализм және жыныстық хаос Батыс өркениетінің негізгі сипаттамалары мен негіздері болып табылады.  Аятолла Хаменеи көзқарасы бойынша, Пайғамбар (с.ғ.с.) және Алланың елшісі әр кезеңде адам жинақтарын жаңа жолға жылжытып, адам бақыты үшін адамға шешім ұсынды. Бүгінгі күннің өзінде Ислам пайғамбарының міндетін заманауи надандықты жою үшін пайдалану керек.

Иманды нығайтудың бірінші жолы – иманды күшейту. Біз үшін және әлемдегі барша адамзат жанашырлары үшін ең маңызды міндеттердің бірі – діни сенімімізді нығайту. Дүниежүзіндегі адал және төзімді топтардың дамуы; дінге негізделген және иманы бар және қарсылық пен еңбек адамдары оларды дамытуы керек. Исламдық жүйенің күштілігі, хикмет пен салиқалы жоспарға ие болуы және қазіргі надандықтың сипаттарын басшылық тұрғысынан кеңінен түсінуі қазіргі надандыққа қарсы тұруға негіз болатын факторлар болып табылады.

Ислам революциясының жетекшісі әлі жарты жолда және үлкен мақсаттардан алыс болса да, мұсылмандар мен әлем халқы үшін тартымды  үлгі болып табылатын Ислам республикасы жүйесін заманауи надандыққа қарсы тұрудың  үлгі бола алады дем тауып: «Сіздер байқайсыздар... олар қалыпты түрде қозғалады»,- деді.

Аятолла Хаменеи АҚШ-ты қазіргі надандықтың айқын үлгісі деп атады,   жаман ахлақ пен кемсітушілікті насихаттап, ұлттық байлықты байлар мен ауқаттыларға бағыттау – қазіргі надандықтың айқын мысалы деп тапты. Ислам революциясының жетекшісі АҚШ режимін бүгінгі әлемдегі заманауи надандықтың айқын әрі толық үлгісі және дағдарыс жасау  АҚШ-тың басты ерекшелігі деп тауып: «АҚШ режимі - дағдарыс тудырушы және дағдарысты өмір сүруші  және негізінен саяси, экономикалық және қару-жарақ мафиялық желілері шиеленістің бүкіл әлемде таралуынан қоректенетін  мафиялық режим»,- деп мәлімдеді. Аятолла Хаменеи мафиялық желілердің АҚШ саясатын бақылауда және бағыттауда тиімді рөл  атқаратынына назар аудартып: «Тіпті АҚШ президенттерінің билік басына келуі мен кетуін бақылайтын бұл мафиялар өздерін сақтап қалу үшін әлемнің әртүрлі бөліктерінде дағдарыс тудыруды қажет етеді. АҚШ-тың қару-жарақ зауыттары осы дағдарыстарды барынша пайдалана алуы үшін олардың жаттықтырған иті ДАИШ бейкүнә адамдардың басын кесті, тірідей өртеді немесе суға батырды. Олар өздері бұл топты құрғанын мойындаған»,- деді. Аятолла Хаменеи Украина дағдарысын АҚШ саясатының нәтижесі деп бағалап: «Бүгінде Украина АҚШ-тың дағдарыс тудыру саясатының құрбаны, өйткені бұл елдің ішкі істеріне араласып, митингілер ұйымдастырып, барқыт және түрлі-түсті төңкеріс жасау арқылы және оппозиция митингілеріне америкалық сенаторлардың қатысуы  мен үкіметтерді ауыстыруымен Украинаны осы жағдайға жеткізді»,- деп қуаттады.

Аятолла Хаменеи ИИР-ның соғысқа қарсылық білдіру   берік ұстанымына тоқталып: «Иран соғысқа, адамдардың өлтірілуіне және әлемнің кез келген жеріндегі халықтардың инфрақұрылымның жойылуына қарсы. Біз Ауғанстандағы той керуеніне бомба тастап, тойды қаралыға айналдырып, одан кейін  «бұл лаңкестікпен күрес» деген батыстықтар емеспіз»,- деп баса айтты. Аятолла Хаменеи америкалық дағдарыстардың мысалдарын келтіріп: «АҚШ Сирияның шығысында не істеп жатыр? Неге олар Сирия мұнайын ұрлауда? Неге Ауғанстан халықының ұлттық байлығын талан-таражға түсіріп, ұрлап жатыр? Неліктен Батыс Азияда сионистердің күнделікті қылмыстары  қорғалып, осы дағдарыстардың барлығы адам құқықтарын қорғау сылтаумен жүзеге асырылуда? Йемен халқы сегіз жыл бойы бомбалау астында өмір сүруде. Бірақ батыстықтар айыптаудың орнына халыққа қарсы қылмыстарға үгіт-насихаттық, ақпарат құралдары арқылы және сөзбен, тіпті іс жүзінде қолдау көрсетуде»- деген тақырыптарды көтерді.

Ислам революциясының жетекшісі бұл дағдарыстарды олардың тамыры белгілі болған жағдайда шешу мүмкін деп тапты. Украинадағы дағдарыстың тамыры - АҚШ пен Батыстың саясаты,   оны мойындап, бағалап, әрекет ету керек. Аятолла Хаменеи Украинадағы жағдайды «ғибратты» деп бағалап: «Екі мысал келтірейін. Бірі, Батыс державаларының  өздеріне тәуелді  үкіметтерге қолдау көрсетуі – шыңдыққа сай келмейді. Мұңы барлық үкіметтер біледі. АҚШ пен Еуропаға сенетін  үкіметтер Украинадағы бүгінгі және Ауғанстандағы кешегі жағдайды көрсін»,- деді.

Аятолла Хаменеи екінші сабағында  халықты үкіметтердің ең маңызды тірегі деп атап: «Егер Украинада алаңға халқы шыққанда, биліктің жағдайы бұлай болмас еді. Бірақ халық үкіметті қабылдамағандықтан, алаңға шықпады. Саддам тұсында АҚШ-тың Иракқа басып кіруі кезінде халық көшеге шықпады, бірақ сол халық  ДАИШ-ке қарсы көшеге шықты және сол үлкен қауіпті басу арқылы олар ДАИШ-ті артқа шегіндірді»,- деді. Ислам революциясының жетекішсі халықты елдердің тәуелсіздігінің басты факторы деп атап, Иран халқының барлық құдыреттердің қолдауына сүйенген БААС дұшпанды  жеңудегі тәтті тәжірибесіне тоқталып: «Үлкен сабақтарды ашық көзбен және дұрыс ой мен әрекетпен пайдалану керек»,- деп мәлімдеді.

 

Тегтер