Шағбан айының 4 жұлдызы – хазірет Аббас бен Әлидің туған күні
Шағбан айының 4 жұлдызы – хазірет Әлидің (ғ.с.) перзенті хазірет Аббастың туған күні. Тарихта оның есімі адалдық пен жанқиярлықпен байланысты.
Күн әлі көтерілген жоқ, аспанның есіктері ашылды. Періштелер Хашим әулетінің айының дүниеге келуін жақыннан көрі үшін тоб-тобымен келді. Әкесі сәбиін сүйіспеншілікпен құшағына алып, қолдарын сүйді. Содан соң таухид пен пайғамбарлықтың әні болған азанды оң және сол құлағына айтып, оны Аббас деп атады. Аббас - ерлік тоғайының арысы мен майдан даласының батыры.

Отбасы тәрбиесі, әсіресе бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі өте маңызды. Хазірет Аббастың әкесі - имам Әли (ғ.с.) және анасы Умм әл-Банин болды. Умм әл-Банин – араб тайпаларының тегін жақсы таныған Ақилдың хазірет Әлидің (ғ.с.) әйелі етіп таңдаған таңдаулы әйелі.
Хазам бен Халед Омериенің қызы Фатима ның етегінде тәрбиеленіп, намыс, жанкештілік пен батылдықтың үлгісі болды. Тарихта имам Әли (ғ.с.) өзінің ағасы Ақил ибн Әбиталибке: «Маған араб ерлерінің ұрпағынан бір әйел таңда, мен оған үйленейін, ол маған батыл әрі ержүрек ұл туып береді»,- деген. Ақил имам үшін Умм әл-Банинді таңдады.
Шығу тегі жеке адамдар, отбасылар және олардың адамдары арасындағы жақындық пен қарым-қатынасты білдіреді. Ғылымының халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы шежіре деп аталады. Шежіре әртүрлі халықтар арасында өте маңызды және антропология, әлеуметтану және тарихнама сияқты гуманитарлық ғылымдарда көптеген қолданыс тапты. Өкінішке орай, отбасын ойламаған қоғамдарда асылдық, отбасылық тамырлар өз құнын жоғалтты. Бүгінде өркениетті болып көрінетін көптеген елдерде (сол елдердің зерттеулері бойынша) көп адамдар әкесінің кім екенін және геномын кімнен мұра еткенін білмейді. Сондықтан мұндай қоғамдарда бұл мәселелерді жасыру үшін шежірені түкке тұрғысыз және таза ұрпақтың инабаттылығы мен ізгілігін маңызды емес көрсетуге тырысады.

Айта кететін жәйт, Умм әл-Баниннің әкесіне ұсыныс жасалған кезде, ол әйелі мен қызына барып, әйелінің Умм әл-Баниннің тарап жатқанын, ал қызы анасына түнде көрген түсін айтып жатқанын көреді. Умм әл-Банин: «Ана, түсімде мен ағаштары бар жап-жасыл бақта отырғанымды және ағып жатқан бұлақтар мен мол жемістерді көрдім. Ай мен жұлдыз жарқырап, мен оларға қарап, Алланың жаратуының ұлылығын ойладым. Ойымда отырған кезде, Ай көктен түсіп, тіземе қонып, көзіме нұр шашты. Мен таңғалдым отырғанымда, етегімде тағы үш жарық жұлдызды көрдім. (Жарқын ай – Әбу әл-Фазыл және жұлдыздар - Кербала шөлінде шеһид болған оның үш бауыры Абдолла, Джафар және Осман.) Олардың нұры мені таң қалдырды. Хатифа есімімді атағанда, мен әлі таң қалған жағдайда едім. Мен оның дауысын естідім, бірақ көрмедім. Ол: «Фатима, сен үшін жақсы жаңалық»,- деді»,- деп айтты.
Хазірет Аббасты Әбу әл-Фазл деп те атайды, өйткені оның бойында ерлік, егемендік және қайраттылық пен мейірбандық сияқты қасиеттер бар. Оның сөйлеген сөзі бағыт-бағдар көрсететін, әр басқан қадамы намыс пен абыройға қарай қадам болатын. Кейбір мистиктер оны үнемі жарқыраған күнге Хұсейнге (ғ.с.) ерген айға теңеп, «Шамс» сүресінің екінші аятының мысалдарының бірі деп санайды. «Шамс» сүресінің бірінші және екінші аяттарында былай делінген: «Күнге және оның жарығына, Ай, күнге ерген сәтте».
Хазірет Аббас (ғ.с.) барлық іс-әрекеттері мен мінез-құлқында имамына еруші болды. Имам Хұсейн (ғ.с.) хижраның төртінші жылы шағбан айының үшінші күні әлемді нұрландырды, ал Аббас хижраның 26 жылы шағбан айының төртінші күні дүниеге келді.
Соғыс кезінде барлық ту ұстаушылар өз туын желбіретіп тұруға талпынады. Өйткені ту басты және қолбасшылардың тұрақтылығының белгісі, жауынгерлердің тыныштығының көзі болып табылады. Ту жерге құламағанша, әскер соғысты жалғастыруда. Сондықтан, ту ұстаушы олардың туы жау қолына түспеуі үшін қасық қаны қалғанша ерлікпен тұратын адам. Ашура күні имам Хұсейн (ғ.с.) серіктерін соғысқа дайындаған кезде туды хазірет Аббасқа береді. Хазірет Аббас қана сахабалардың шәһид болғанын, балалардың зарын, қыздардың үнсіз көз жасын және жаудың қорлығы мен оқ жауғанын көріп, бір қолымен туды берік ұстап, екінші қолымен қылыш ұстап, ерлік көрсете алатын жалғыз адам болды. Ол бүкіл адамзатты таң қалдырып, тарихта есімі ту көтеруші ретінде қалды.
Су - тіршілік көзі. Жануарларға өмір сүру, өсіп-өну және тіршілік ету үшін су қажет. Тарихта бір күні Рим патшасы Муавиеге кешкі асқа шыны ыдыс жіберіп, оған кез келген нәрсені құйып беруін сұрағаны бар. Муавие таң қалып, әлгі шыны ыдысқа не құятынын білмеді. Ақырында ол мүміндердің әмірі имам Әлидің (ғ.с.) шәкірттерінің бірінен көмек сұрады. Имам Әлидің (ғ.с.) шәкірті бұл жұмбақты шешу үшін: «Шыны ыдысқа су құй, өйткені Алла Тағала «Әнбия» сүресінің 30-ші аятында: «...әр жанды нәрсені судан жаратқанымызды көрмей ме?»- деп айтылды. Оның тапқырлығына таңырқаған Рим патшасы: «Ол қандай дана екен!» – деді.
Демек, судың тірі организмдердің тіршілігі үшін маңызы зор екені даусыз. Ислам діні де сумен қамтамасыз етуді насихаттап, ерекше мән берген және бұл туралы көптеген рауаяттар мен хадистер бар. Имам Садықтың (ғ.с.) рауаятының бірінде: «Су бар жерде кімде-кім біреуге су берсе, құлды азат еткенмен бірдей, ал егер су жоқ жерде су берсе, ол адамды өмірге әкеліп, жанды тірілтуші сияқты, барлық адамдарға өмір сыйлағандай»,- деп айтылды.

Хазірет Аббас Кербала оқиғасындағы сапарының басынан бастап Мәдинадан Меккеге және Меккеден Кербалаға дейін имам Хұсейн (ғ.с.) керуенің сумен қамтамасыз етуге жауапты болды. Имам Хұсейннің (ғ.с.) басында бірнеше жүз адам болғанын және өзімен бірге алып жүрген аттары мен малдарды ескерсек, керуенді сумен қамтамасыз ету хазірет Аббас (ғ.с.) басқарған өте маңызды міндет болды. Язид әскері имам Хұсейн (ғ.с.) мен оның серіктерінің алдынан суды жауып, Евфрат суының бір тамшысы Пайғамбардың (с.ғ.с.) әулетіне жетпейтіндей жағдай тудырған соңғы күндерде хазірет Аббас жаудың қалың саптарынан өтіп, керуенді сумен қамтып, «Сақаи» (су жеткізуші) деген лақаб атқа иеленді. Бірақ ең қиын кезең шайқастың соңғы сәттерінде өзің Евфратқа жеткізуі болды. Бұл жолы да ол ерні кеуіп, бауыры күйіп тұрғанына қарамастан, имамынан (ғ.с.) бұрын су ішуден бас тартты. Иман мен жанқиярлық махаббатқа толы хазірет Аббас қоржының Евфраттың мөлдір салқын суына толтырып, имам Хусейннің (ғ.с.) шатырына қарай бет алды. Имам Хусейннің (ғ.с.) керуенінің сумен қамтушысы жанынан да қымбат болған осы жүкті жеткізу үшін шатырларға қарай асығып, қоржының қылышпен қорғады. Бұл су қоржын оған қымбат болғаны сонша, оны сақтау үшін екі қолынан айырылды. Ол өлместен бұрын суды жеткізуді армандады, бірақ жебе қоржыға тиіп, су жерге төгілді, сол кезде хазірет Аббас дүние салды.
Иә, хазірет Аббастың рақымы мен жомарттығы Әбу әл-Фазыл деген лақап ат қойылып, имам Хұсейннің (ғ.с.) жанында «ту ұстаушы», «су жеткізуші» болып мәңгілікке қалды.
Әлемнің барша мұсылмандарын, әсіресе жастарды хазірет Аббастың туған күнімен құттықтаймыз!