Имам Саджад (ғ.с.) - құлшылық етушілердің сәні
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i59502-Имам_Саджад_(ғ.с.)_құлшылық_етушілердің_сәні
Имам Саджад (ғ.с.) өз заманында кедей адамдарға берген көптеген садақалары үшін «жақсылық жасаушы» және ғибадаттарының көптігі үшін «ғибадат жасаушы» деген атқа ие болды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 08, 2022 06:48 Asia/Almaty
  • Имам Саджад (ғ.с.) - құлшылық етушілердің сәні

Имам Саджад (ғ.с.) өз заманында кедей адамдарға берген көптеген садақалары үшін «жақсылық жасаушы» және ғибадаттарының көптігі үшін «ғибадат жасаушы» деген атқа ие болды.

 

Хижраның 38-ші жылы шағбан айының бесінші күні Мәдина қаласында имам Хұсейннің (ғ.с.) үйінде дүниеге  сәби келіп,  әлемді нұрландарды. Имам Хұсейн (ғ.с.) перзентін Әли  деп атады. Оның анасы үшінші халифа Османның кезінде Мәдинаға кіріп, имам Хұсейнді (ғ.с.) күйеу етіп таңдаған Иран патшасы Яздгердтің қызы Шахрбану болатын. Имам Әли (ғ.с.) өз перзентіне: «Уа, Аба Абдолла! Оны қорға, өйткені  ол жер бетіндегі ең жақсы адамдарды дүниеге әкеледі»,- деді.

 

 

Имам  Әли ибн әл-Хұсейннің (ғ.с.)  лақаб аттарының бірі  Әбу әл-Хасан  және  Әбу Мұхаммад және ең танымал  лақаб аттары  Зейнн әл-Абедин,  Сейед әс-Саджидин  және Саджад. Имам Саджадтың (ғ.с.) нұрлы жүзінде ақиқат нұры жарқырады. Барлық істерінде кішіпейілділік айқын көрінетін, ал жұмсақтық пен мейірімділік оның ең жоғары қасиеті болды. Имам Саджад (ғ.с.)   өз заманында ең жақсы, ең ізгі және ең тақуа адам болған. Имам ұзаққа созылған сәжделерімен тынышталып, қолдарын жайып, дұға жасайтын. Имам Саджадтың (ғ.с.) түрлі тақырыптардағы дұғалары ақиқатқа сусағандарды білімнің қайнаған бұлақтарына жеткізетін «Сахифа Саджадие» атты кітап түрінде жинақталған. Бірдеңе жазылған былғары немесе қағаз кесек «сахифе» деп аталады. Дұғалар сахифенің бетіне жазылғандықтан,  олардың өзін де сахифе (жазба) деп атады. Бұл кітап Мұхаммедтың (с.ғ.с.) Забуры, Әһли Бәйттің  Інжілі, Құранның қарындасы және толық Сахифа ретінде белгілі, бірақ «Сахифе Саджадие»  - оның ең әйгілі атауы.

 

Имам Саджадтың (ғ.с.) дұғалары ең жоғары білімді қамтиды және хазірет Адамнан бастап Исламның ұлық пайғамбарына (с.ғ.с.) дейінгі барлық пайғамбарлардың дұғаларының қысқаша мазмұны сияқты көрінеді. Бұл ұлы тұлғалар Аллаға деген сүйіспеншілігін, адалдығын сол сөздермен, сөз тіркестерімен көрсетті. Екінші жағынан, бұл дұғалар имам Саджадтың (ғ.с.)   сол кездегі билеушілердің зұлымдық, басқыншылық және азғындығына  қарсы   тиімді қаруы болды.

Имам Бақер (ғ.с.): «Менің әкем хазірет Саджад Алланың әрбір нығметіне шүкірлік сәждесін жасайтын және шүкірлік сәждесін жасамайынша илаһи нығметтің ешбірін айтпаған. Егер сәжде туралы айтылған  Құран аятын оқыса,   сәжде жасайтын. Қиындық шешілгенде және парыз намазын аяқтаған кезде сәждеге баратын. Қашан мүміндер арасында достық байланыс орнатып, екеуінің арасындағы келіспеушіліктерді шешуге қол жеткізсе, сол ісінің сәтті болғанны үшін Аллаға сәжде қылатын. Сондықтан әкемді «сәжде жасаушы» деп атаған.