Нау 13, 2022 17:06 Asia/Almaty
  • Хазірет Әлиакбардың туған күні және

Қандай бақытты күн! Хазірет Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатиманың (ғ.с.) немересі хазірет Әлиакбардың туған күні құтты болсын!

 

 

Осыдан 1410 жылдай бұрын осы күні, яғни хижраның 33 жылы шағбан айының 11 жұлдызында Мәдина қаласында имам Хұсейн ибн Әлидің (ғ.с.) үйінде ер бала дүниеге келді. Оның есімін Әлиакбар деп қойды. Бұл нәрестенің жүзі барлығына өте таныс көрінді, өйткені ол ардақты Пайғамбарға (с.ғ.с.) өте ұқсас болды. Ағайын-туыс, жора-жолдас, таныстардың біреуі Алла елшісін көруді аңсаса, Әлиакбарға келіп, құшақтап, Пайғамбарымыздың иісін сезінетін. Әлиакбар дүниеге келгенде атасы хазірет Әли ибн Әбиталиб (ғ.с.) оң құлағына азан, сол құлағына иқама айтқан. Әлбетте, өмірін имам Әлидің (ғ.с.) азан шақыруымен бастаған жүрек әрқашан иман шыңында болады және ешқашан күпірлікке жоламайды. Хазірет Әлидің (ғ.с.) азаны мен иқаматын естіген сәттен бастап оның кішкентай жүрегінде иман өскіндері жайқалып,  бұл өскіндер күн сайын оның болмысында тамыр жайып, өсіп-өркендей бастады.

Қандай бақытты күн! Хазірет Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатиманың (ғ.с.) немересі хазірет Әлиакбардың туған күні құтты болсын!

Бұл күн Иранның күнтізбесінде «Жастар күні» аталды.

 

Хазірет Әлиакбар әкесі, көкесі және апасы сияқты жақындарынан бала кезінде айырылып, азап шекті. Ол бала кезінде анасы Ләйлә ханымнан аурудан  қайтыс болды және атасы хазірет Әли (ғ.с.) тасжүрек хаваредждердің бірі  Ибн Молджам Морадидің қолынан шәһид болған кезде ол небәрі жеті жаста еді. Араға он жыл салып, Әлиакбар он жеті жасар жасөспірім кезінде ағасы Хасан Ибн Әли (ғ.с.) жолдастарының соқырлығы мен әйелінің сатқындығынан дүние салды. Осы жылдар ішінде Әлиакбар әкесінен өмір сабақтарын алды. Бұл мектептің ең маңызды сабағы имамға мойынсұну болды. Әлиакбар жақсы үйренген сабағы  жылдар өткен соң әкесі Кербалада барлық күпірлік пен зұлымдыққа қарсы тұрғанда Ашураның ауыр сынағынан жоғары деңгейде өтіп,  періштелер мен Алла оны мақтан тұтты.  

Имамның (ғ.с.) серіктері түгел шәһид болған сол ауыр  күнде майданға жиырмадағы жас жігіт шықты. Дүние мен оның ләззаттарын қалайтын жастағы жас жігіт әлемнің барлық сұлулығына көзін жұмып, имамы мен дінін қорғау үшін майданға қадам басты.  Оған қарсы тұрғандар тісіне дейін қаруланған бірнеше мың жауынгер еді, бұл майданға шыққандардың  қайтып келмейтінін бәрі білетін. Бірақ жүрегінде таудай иманы бар, әкесінің айтқаны дұрыс екеніне көзі жеткен Әлиакбар күресті талап етті, оған қарсы майданға шығуға ешкімнің де батылы жетпеді. Оның дұшпандарының қолдары қалтырап, жүректерінің  соғуы анық  болды, олар пайғамбардың жүзін қайта көргендеріне таң қалып,   Ислам пайғамбарына ең ұқсас адаммен соғыспақ болды. өйткені олар кезінде Пайғамбарға (с.ғ.с.) діні мен Құранды қабылдадық және Аллаға құошылық теулері туралы уәжденген. Өз Пайғамбарының перзентімен соғысуға дайын болған осы ондаған мың адамнің ешбіреуі Исламның ақиқатын түсінбеді. Соқырлық оларды Алланың ең жақсы пенделірмен шайқасуға әкелді. Олар тыйым салынған (харам) малды жеп, күнәға батқандары сонша, құлақтары шындықты ести алмады.

Қазір кезде жастық дегенді дін мен дүниені ойламай, күндіз-түні құрбыларымен көңіл көтеру деп санайды. Біздің ойымызша, жастық шақ қыңырлық пен қызықты тәжірибелер уақыты. Жастар бұл тәжірибелердің салдарларын ойламайды.  

Исламның ұлы тұлғалары әрқашан жастық шақты қымбат мүмкіндік, оңай жіберіп алуға болмайтын мұрсат деп білді. Өйткені жастық шақ еш уақытта қайтып оралмайды.Олар әрқашан жастарға күштерін жеке және әлеуметтік өсулері мен жетістіктері үшін жұмсауға және ешқашан жастық мүмкіндіктерін босқа жібермеу туралы кеңес берді. Исламның ұлық пайғамбары жастарды ғылым үйренуге шақырды. Хазіреттің ойынша, жастық шақта ғылым үйрену тасқа қашалған сурет сынды мәңгі қалады. Жастық шақта Құран үйрену және күнәдан аулақ болу материалдық және рухани өмірдегі көптеген жақсылықтың қайнар көзі бола алады. Көптеген ұлы мистиктер жас кезінде күнәдан аулақ бола отырып, жоғары мистикалық деңгейге жетті. Қайратпен, батырлықпен, имандылықпен ұштастырып, зұлымдыққа қарсы болып, білім мен әділдік жолында  кішіпейіл болған жас Алла Тағаланың алдында қадірлі болады. Бұл адамның  жаратылған мақсатына жету жолы.

Исламның жастарға бүгінгі жолдауы - Құран оқу. Мұсылман  және мұсылман еместер үшін   Исламмен алғашқы дереккөздерден танысу – қазіргі таңда бүкіл әлем үшін қажеттілік. Мұсылмандардың  толық мұсылман болуы, әрі Исламды жақсырақ тануы үшін Исламды жақсырақ білуі қажет Мұсылман еместер үшін сонша қорқатын Исламның не екенін және оның шынайы болмысын білу үшін ең болмағанда Исламды білуі керек.

 

Ислам дұшпандары адамдардың, әсіресе жастардың санасын өздерінің жаңа соғыс құралдарымен қоршап алды. Олар ақиқатты жасыру үшін көптеген талпыныс жасады. Олар жастарды дүние ойындарына шырмап, шындықтың орнына көп өтірік айтты. Бұл өтіріктердің бірі - ДАИШ сияқты  лаңкестерді Исламның өкілі етіп көрсетулері. Олардың тағы бір өтірігі –  басқыншылардан жанын, мал-мүлкін, жерін қорғайтын мұсылмандарды лаңкес деп атаулары. Тарих қайталанған сияқты! Бұл Язидтің адамдарды сендіргісі келген өтіріктер сынды. Язид тіпті Исламның сыртқы көріністеріне мән бермегеніне қарамастан және имам Хұсейнге (ғ.с.) тиесілі  лауазымды басып алғанын біле тұра, өзін Исламның өкілі және ол Хұсейн ибн Әлиді (ғ.с.) бүлікші деп санады.

Бүгін жастық шағында дүние мен дүние ләззаттарынан алыстап, ақиқат үшін жанын құрбан еткен тұлғаның туған күні. Ол бойына жинаған парасаттылықпен және батылдықпен тарих бойы көптеген жастарға үлгі болды және үлгі болып қалады. Дұшпандары оның өлуімен осындай жастардың ұрпағы жойылады деп ойлады, бірақ бүгінде көптеген жастар өмір жолын одан үйренуде. Бұл өмірдің қызығын шындық пен әділетті іздеу деп білетін жастар.

 

 

 

 

 

Тегтер