Қадір түні - Аллаға жақындайтын түн (1)
(last modified Thu, 21 Apr 2022 01:37:58 GMT )
Сәу 21, 2022 07:37 Asia/Almaty
  • Қадір түні - Аллаға жақындайтын түн (1)

Өкінгендер қайда? Тәубе етушілер қайда? Жоғары мақсатқа жеткісі келетіндер мен тұйыққа тірелгендер қайда? Қадір түндерінде құлдар үшін Алланың рақымының есіктері ашық.

 

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Негізінен Құранды Қадір түнінде түсірдік.  

(Мұхаммад с.ғ.с.) Қадір түнінің не екенін білесің бе?  

Қадыр түні мың айдан қайырлы.  

Періштелер және Жебрейіл (ғ.с.) ол кеште Раббыларының рұқсаты бойынша барлық іс үшін түседі.  

Ол бейбітшілік кеші, таң рауандағанға дейін жалғасады. Алла Тағала құлдарына дастарханын ашып, мейірімі мен кешірімінің қонағы қылған қасиетті Рамазан айында, қараңғы түнде асыл жақұттай жарқыраған түн бар. Қадір түні. Мың жылдан артық түн. Құран аяттары мен хадистерде қасиетті Рамазан айының жүрегі ретінде танылған түн және періштелер де бұл түнде Қадір түнінің әсерлері мен берекетін көруге асық. Бұл илаһи дастархан жайылған кезде періштелер жерге келіп, түнді ғибадатпен ояу өткізгендердің   арасында өздерін хош иісті және нұрлы етеді. Содан кейін олар көз жасын, тәубеге келуді, Аллаға дұға етуді жеткізу үшін аспанға қайтады. Бұл түнде: «Уа, құлдар, жаныңды нәпсіқұмарлық пен жаман құмарлықтардың тұтқынынан босатыңдар да, мейірімді Аллаға қайтыңдар, өйткені Алла тәубе етушілерді күтеді»,- деген дауыс естіледі.

Қадір түнінен жәннатқа оңай жол ашылғандай. Намаз, түнгі ғибадат және шынайы тәубе бұл жолға алып шығатын қор.  Қадір түні Рамазанның жүрегі деп аталады. Имам Садық (ғ.с.): «Алланың Кітабында (Құран Кәрімде)  жыл айларының саны он екі ай, ал айлардың шыңы – Рамазан айы, ал Рамазанның жүрегі – Қадір түні екені анық»,- деді. Діни рауаяттар бойынша қасиетті Рамазан айының 19-шы немесе 21-ші және ықтималы көбірек 23-ші түні Қадір түні болып табылады. Қадір түні ең ауқымды, толық және ең тұрақты илаһи кітап Құран Кәрімнің ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жүрегіне түсірілгені жеткілікті. «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді». («Бақара» сүресі, 185-ші аят). «Шын мәнінде оны құтты бір кеште түсірдік» («Духан» сүресі, 3-ші аят).

Дүниеде Рамазан мен Құранның, Қадір түні мен Құранның арасында бір сыр бар сияқты! Құран – адамның бақыты мен кемелдігінің ең құнды және дәл жарғысы мен бағдарламасы, оны дұрыс және дәл хабарсыз жақсы пайдалану мүмкін емес. Қадір түнінің тағы бір қасиеті – мың айдан артық. Бұл мәселе Құран Кәрімнің өзінде айтылған. «Қадыр түні мың айдан қайырлы» («Қадір» сүресі). Яғни, Қадір түніндегі амал, ғибадат, құлшылықтың қадірі түсінілмейтіндей. Пенде Қадір түнінің келесі жылға дейін қадірлі, құнды және теңдесі жоқ мүмкіндік екенін біліп, бұл түнді Алла Тағаланың ризалығы үшін тиімді пайдалануы керек.

Өкінгендер қайда? Тәубе етушілер қайда? Жоғары мақсатқа жеткісі келетіндер мен тұйыққа тірелгендер қайда? Қадір түндерінде құлдар үшін Алланың рақымының есіктері ашық. Алла Тағала барша адамзатқа құшағын ашты. Осы қадірлі түндерде тәубе, көз жасы, күнәларды еске алу, Алладан кешірім сұрау құтқарылу жолы болып табылады. Рауаяттарда Қадір түнінде күнәлар басқа түндерден  артық кешірілетіні баса айтылды. Исламның ұлық пайғамбары:   «Кімде-кім Қадір түнін иманмен және сауапқа жету үшін ғибадатпен өткізсе, оның өткен күнәлары кешіріледі», - деген.

Хазірет Мұса (ғ.с.) Аллаға:

-Уа, Алла, мен саған жақын болғым келеді,- деді.

- Менің жақыным - Қадір түні ояу болатын адам,- деді Жаратушы.

- Уа, Алла, сенің рақымыңды қалаймын.

- Менің мейірімім Қадір түнінде кедейлерге рақым еткен адамға.

- О, Алла, Сират көпірінен өту рұқсат сұраймын.

- Рұқсат Қадір түні садақа беретін адамға.

- Уа, Алла, мен жәннат ағаштары мен оның жемістерін сұраймын.

- Олар Қадір түні тәспих айтатындардікі.

- Уа, Алла, мен тозақтан құтылғым келеді.

- Қадір түнінде кешірім тілеуші құтылады.

- Уа, Алла, сенің разылығыңды қалаймын.

- Қадір түнінде екі рәкат намаз оқыған адамға разы боламын.

Қадір түні өзінің шексіз ұлылығымен және қадір-қасиетімен пенделерінің  мұсылман болсын, мұсылман болмасын бір жылдық тағдырын белгілейтін түн ретінде танымал. «Духан» сүресінің 3-4-ші аяттарында: «Шын мәнінде оны құтты бір кеште түсірдік. Расында Біз ескертушіміз. Ол кеште барлық хикметті істер айрылады»,- деп айтылды. Яғни, Қадір түні адамдардың жасаған жақсылық-жамандығы, туу, өлу, ризық-несібе, қажылық, мойынсұну, күнә және еркі белгіленеді. Илаһи тағдыр жеке адамдардың сауаптары мен имандары,  тақуалығы, ниеті мен істерінің тазалығының дәрежесіне қарай. Пәк имамдар (ғ.с.) нұрлы және ұлық түндер үшін сауапты амалдарды баяндаған. Кейбір амалдар үш түнге де кіреді, ал кейбір амалдар әр түнге тән. Осы үш түндегі ортақ амалы ғұсыл алу, таңғы азанға дейін ғибадат ету, екі рәкат намаз (әр рәкатта тәухид сүресін жеті рет) оқу. Намазды оқып болған соң жетпіс рет  اَسْتَغْفِرُ اللّهَ وَاَتُوبُ اِلَیْهِ деп айту. Алла елшісінен рауаят етілгендей, кімде-кім бұл намазды оқыса, ол және оның ата-анасы  кешіріледі. «Джоушан Кабир», «Эфтатах» дұғасын оқу, кешірім сұрау, Құран оқу, «Имам Хусейнді (ғ.с.) зиярат ету» дұғасын және имам Заманның (ғ.с.) келуі үшін дұға оқу – Қадір түнінің амалдарынан.