Қадір түні - Аллаға жақындайтын түн (3)
(last modified Mon, 25 Apr 2022 01:48:54 GMT )
Сәу 25, 2022 07:48 Asia/Almaty
  • Қадір түні - Аллаға жақындайтын түн (3)

Қадір түнің бірі саналатын Рамазан айының жиырма үшінші түні де келіп жетті. Қасиетті Құран Кәрім түскен түн.

 

Қадір түнің бірі саналатын Рамазан айының жиырма үшінші түні де келіп жетті. Қасиетті Құран Кәрім түскен түн. Періштелер мен рухтардың жерге қонатын түні. Бұл түнде аспанның есіктері ашық және шайтандар шынжырда. Бүгінгі түнде илаһи мейірім мен кешірім жанымызға нөсер жаңбырдай жауып тұр. Бұл түнде күнәкарлар өкінеді. Олар күнәнің жараланған жүректеріне шипа іздейді және бұрынғыдан да көп Алладан кешірім сұрайды. Бүгін түнде Аллаға сенушілер «Джаушан Кабир» сынды дұғаны оқып, жылайды. Алла бәрімізбен бірге және Құранда ең әдемі түрде жауап берді: «(Мұхаммад с.ғ.с.) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді». («Бақара», 186-шы аят).

 

Алла Елшісі (с.ғ.с.) мен пәк имамдардың (ғ.с.) өміріне көз жүгіртсек, Қадір түнінің маңыздылығын тереңірек түсінеміз. Исламның ұлық пайғамбары (с.ғ.с.): «Кімде-кім Қадір түнінен мақұрым болса, барша игі амалдардан мақұрым», – деген маңызды түн. Ислам пайғамбары тек Қадір түнінде ғана емес, қасиетті Рамазан айының үшінші онкүндігінде де төсектерін толық жинап, мешітте өткізетін. Ол әр түнде таңғы азанға дейін ояу өткізіп, Аллаға құлшылық ететін. Алла елшісі (с.ғ.с.): «Кімде-кім Қадір түнін ояу, ғибадатпен өткізсе, келесі жылға дейін азап көрмейді»,- деді. Хазірет Әли (ғ.с.): «Алла Елшісі (с.ғ.с.) Рамазан айының соңғы онкүндігінде төсек-орындарын жинап, ғибадат жасауға бел буатын және жиырма үшінші түнде отбасын үнемі сергек ұстайтын»,- деді. Жаңбырлы түндерде де, Мәдина мешітінің төбесі жоқ болса да, ғибадат пен түнгі өмірді тастамады және басқаларды да сол лай мен жаңбырда оянып, намаз оқуға мәжбүрлеген.

Имам Әли (ғ.с.) да жыл бойы түн қараңғылық шымылдығын тартқан түнде оянып, ғибадатпен айналысқан. Бірақ Қадір түндері ерекше көңіл-күйге ие болып, ең нашар жағдайда ғибадатпен және түнгі құлшылықпен айналысатын. Әсіресе, өмірінің соңғы Қадір түнінде   өте ерекше көңіл-күйі болды. Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) ғибадат еткені сонша, имам Хасан (ғ.с.): «Ол аяғы іскенше ғибадат жасайтын»,- деген.

Хазірет Фатимаға (ғ.с.) «Заһра» деп ат қоюдың себебі, оның түнгі ғибадатының нұры аспанға жарқырайды. Әлемнің бұл бірінші ханымы Қадір түнінде ерекше көңіл-күйде болды. Ол өзі ғана ояу емес, балаларын түнде ояу болуға мәжбүрлеген. Рауаяттардың бірінде былай деп айтылды: «Хазірет Фатима (ғ.с.) сол түні (жиырма үшінші) отбасының бірде-бір мүшесін ұйықтатпай, оларды азға тамақ пен дайындықпен емдейтін. Кейде Қадір түнінде руханият пен илаһи рақымдылықтан пайда алсын деп, балаларының бетіне бірнеше тамшы су бүркіп: «Кімде-кім сол түннің қайырынан (берекелерінен) мақұрым қалса, мақрұм қалады»,- деп айтқан».

Имам Бақер (ғ.с.): «Кімде-кім Қадір түнінде ояу болса, Алла оның күнәларын кешіреді»,- деді. Шейз Аббас Құми: «Имам Бақер (ғ.с.) Рамазанның жиырма бірінші және жиырма үшінші түні түн ортасына дейін дұға, содан соң намаз оқыды»,- деді. Жетінші имам хазірет Мұса ибн Джафардың (ғ.с.) рауаятында көптеген адамдардың жыл бойына түнде ояу болып, ғибадат еткені айтылады. Хазіреттің зияратнамасынан: «Ол таң атқанша ояу болып, кешірім сұрап, ұзақ сәжделер жасап, жылап, дұғалар оқып, Алламен сырласатын»,- деп оқимыз. Имам Мұса Казем (ғ.с.) түнді ояу құлшылықпен өткізіп қана қоймай, өзгелерге де: «Кімде-кім Қадір түнінде ғұсл алып, таң атқанша ояу болып, ғибадат жасап өткізсе, оның күнәлары кешіріледі», - деген.

Қадір түнінің тағы бір амалы – Құранды басқа қою. Бұл рәсім пәк имамдар (ғ.с.) өмірінде байқалады және Әһле Бәйт (ғ.с.) жақтастары оны жақсы біледі. Әһле Бәйт (ғ.с.) рауаяттарында Құран Алланың сөзі екені айтылды. Қадір түндерінде оны басымызға көтерсек, Алла Тағаланың болмыс әлемінде Құраннан жоғары ешнәрсеміз жоқ деген сөз. Құран – Алланың сөзі, Алланың мейірімінің астында болу үшін оны басымызға көтереміз. Әбу шейх Ибн Хайян Алла елшісінен рауаят айтып, хазірет «Кімде-кім Рамазан айында адал жолмен тапқан ақшасымен оразасын ашса, періштелер Рамазан айының барлық түндерінде оған сәлем береді. Жәбірейіл Қадір түні онымен қол алысады.   Жәбірейілге қол берген адамның жүрегі жұмсақ болады, көз жасы көбейеді» дегенін жеткізді.

Кедейлерді тамақтандыру және кедейлерге садақа беру имамдардың Қадір түндеріндегі әдемі амалдарының бірі болды. Бұл амалдардың көптеген сауабы бар. Имам Әли (ғ.с.) Рамазан айының қасиетті түндері мен Қадір түндерінде халықты тамақтандырған. Имам Әли (ғ.с.) Рамазан айында халыққа ауызашарды еттен дайындайтын, бірақ өзі етсіз тамақпен тамақтанатын.