Маусым 01, 2022 04:45 Asia/Almaty
  • Күннің қызы

Бүгін хазірет Фатима-Масуменің туған күні. ИИР бұл күнді «Қыздар күні» деп атады. Осыған орай келешекте жанкеш әрі қамқор ана болатын қыздарды құттықтаймыз!

 

Шиіттердің жетінші имамы хазірет Мұса Каземнің (ғ.с.) қызы хазірет Фатима-Масуме хижраның 137 жылы зилқаида айының бірінші жұлдызында дүниеге келген және адамгершілігі мол, тәрбиелі шаңырақта, әкесі имам Казем (ғ.с.) мен ағасы имам Резаның (ғ.с.) ортасында тәлім-тәрбие көрді.

 

Бұл ханым Әһле-Бәйт (ғ.с.) мектебінде ар-намыс пен пәктік сабағын алып, ғылым мен білімді жоғары деңгейде үйреніп, әлемдегі білімді әйелдер, хадис айтушылар және Ислам әлемінің жоғары басышлары қатарына қосылды. Алла Елшісінің (с.ғ.с.) Әһле Бәйтінің ұрпағынан шыққан әйелдердің барлығы да білімді болып, көптеген ғылыми жұмыстармен айналысқан. Хазірет  Масуменің ғылыми рөліне тоқтала аотырып, оның әкесі имам Мұса Казем (ғ.с.) түрмеде отырған кезде көптеген ғалымдардың сұрақтарына жауап алу үшін хазірет Фатима-Масуменің  қасына барғанын айта кеткен жөн. Сондай-ақ, имам Реза (ғ.с.) Мәрвке кетпек болған кезде, зиялылар мен ғалымдар оған барып, ол болмаған кезде сұрақтарын кімге қоюға болатынын сұрағанда, имам (ғ.с.), хазірет Масумені таныстырып: «Мен жоқта Фатиме Масуме сұрақтарыңызға жауап береді»,- деді. Имам Реза (ғ.с.) осылайша қарындасының жоғары білімін растады. Хазірет Масуме шиіттердің таза білімін пайдаланып, үнемі исламдық білім алуға және оны өмірде жүзеге асыруға талпыну арқылы Алланың алдында биік мәртебеге ие бола алды. Сондықтан оны мұсылман қыздарына ең жақсы үлгі ретінде таныстыру керек. Расында, хазірет Масуме  сияқты жоғары діни және рухани дәрежеге қалай жетуге болады және ол өз өмірінде қандай тәсілді қолданды?  

Сәлем, саған хазірет Фатима-Масуме!

Барша адам баласына өмірлік сәттерде бастапқы жолын жоғалтпау үшін үлгі керек. Шамшырақ болатын үлгінің қажеттілігі қазіргі заманда көбірек сезіледі. Әрине Исламның ардақты пайғамбарының (с.ғ.с.) Әһле Бәйті мен хазіреттің перзенттері тура жол көрсетуде - ең жақсы жол көрсетуші әрі үлгі.

Батыс қоғамдары моральдық және адами құндылықтарға қол сұғып, әйелдердің ар-намысына нұқсан келтіру арқылы адамзат қоғамындағы қыздардың негізі мен болмысын жоюға тырысады. Батыстың мәдени шабуылдарының толқыны, әсіресе қыздар қауымына қарсы күшейіп жатқан заманда, мұсылман қыздары    қайталанбас ізгі қасиеттерді бойына сіңіру арқылы рухани және ғылыми дәрежеге жеткен теңдессіз қыздың  мінез-құлқы мен өмір тәсілінен үлгі алуы және мәдени шабуылдарда бұл құндылықтарды қорғап, жалғастыруы керек.  

Хазірет Фатима-Масуменің туған күні құтты болсын!

Батыс қоғамдары қыздарды дүниеқоңыздық, бояну, сұлулық, сән-салтанат сияқты үстірт істерге тарту арқылы қыздарды   адамгершіліктен алыстатуға тырысады. Батыс, шын мәнінде, қыздардың жанұяға деген байланысын азайтуға тырысады және әдепсіздікті насихаттай отырып, қыздарды бос ләззат пен мақсатсыз уақыт өткізуге итермелейді. Әрине, дін қыздарды сұлулыққа, сыртқы келбетке деген сүйіспеншілік сияқты туа біткен қасиеттері үшін айыптамайды, бірақ ол әрбір адамды әлеуметтік және исламдық шекараларды құрметтеуге шақырады. Дін осы қысқа өмір мүмкіндігін барынша пайдаланып, оны босқа жібермеуді ескертеді. Сондықтан ғылым мен білімнің таралуы қыздардың қоғамның қоғамдық кеңістігінде салауатты және тиімді рөл атқаруы және жеке өмірде өсіп, дамуы үшін хиджаб пен қарапайымдылық сияқты мәселелерге назар аударуға көмектесетін ең маңызды фактордың бірі болып табылады.  Мұсылман қыздары әр заманда білімге ұмтылуы керек. Білім алу әрбір мұсылманның жеке және әлеуметтік өсуі мен кемелдігі үшін өте маңызды. Болашақ ана, отбасы тәрбиесінің сәулетшісі болып табылатын қыздар бұл мәселеге мұқият қарап,  жау қауіпінен сақ болғаны жөн.

Хазірет Масуме ғылымды үйрену саласында бірегей үлгі болып табылады. Алла елшісінің әулетінен жеткен хадистер хазірет Масуменің  білім мен ізгіліктегі беделі мен дәрежесін көрсетеді.

Имам Реза (ғ.с.): «Кімде-кім хазірет Фатима-Масумені [оның жоғары дәрежесін] біліп зиярат етсе, оған жәннатта сауап жазылады»,- деген.

Хазірет Масуменің білімдегі орны жоғары болды. Бұл асыл азаматтың ғылыми дәрежесін тереңірек түсіндіру үшін мына әңгімені назарларыңызға ұсынамыз: Бір топ шиіттер  жетінші имам хазірет Мұса Қаземның (ғ.с.) үйіне барады. Олардың жауап алғысы келетін сұрақтары болды. Бірақ  имам (ғ.с.) үйінде болмаған, сапарға кеткен еді. Бұл адамдар сұрақтарын жазбаша түрде хазірет Масумеге беріп, кетеді. Келесі күні олар еліне қайтпақ болып, имам Каземнің   (ғ.с.) үйіне қайтадан барады, бірақ хазірет сапардан әлі оралмаған еді. Осы себепті олар сұрақтарын келесі жолы сұрайтын боып, оларды қайтарғысы келді. Осы арада әкесі жоқта үйде қалған хазірет Масуме сұрақтардың жауабын жазып, оларға берді. Үйлеріне қайтып бара жатқан жолда сол адамдар имам Каземді (ғ.с.) кездестіріп, хазіретке үйіне барғандарын және сұрақтарына жауап алғандарын айтып береді. Имам Қазем (ғ.с.): «Ол жазбаларды маған беріңдер», – деді. Имам Казем (ғ.с.) сұрақ-жауаптарды оқығанда, дұрыс әрі орынды жауап берген қызы хазірет Масумеге риза болып, үш рет: « Әкесі осындай қыздың құрбаны болсын», - деді.  

Хазірет Фатима-Масуменің қасиетті кесенесі

Хазірет Масуменің өмірбаянына ой жүгірте отырып, оның исламдық қоғам қыздары үшін жан-жақты үлгі бола алатыны анық көрінеді. Болашақта ана болатын исламдық қоғамдардың пәк қыздары тұлғалық және әлеуметтік өсуі мен дамуы үшін хазірет Масуменің қадір-қасиеттерін үлгі етеді және өздерін жаулардың мәдени қауіптерінен аулақ ұстайды деген үміт бар.

 

Тегтер