Ислам әлемінің бірінші туристік көрмесі - ислам елдері арасындағы көбірек өзара әрекеттесу мүмкіндігі
Ислам әлемінің бірінші туристік көрмесі (IWTE) Ислам әлемі елдерінің туристік мүмкіндіктерін таныстыру және осы саладағы белсенділер мен бизнес өкілдері арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында 2022 жылдың 7-10 маусымы аралығында «Афтаб» көрме кешенінде үш күн бойы өтті.
Ислам діні туризмге шектеу қоймас түгіл, одан бас тартуды айыптады. Сондай-ақ көптеген рауаяттарда сапардың экономикалық, ахлақтық, мәдени, сондай-ақ адам денсаулығы мен игілігіндегі рөлі ерекше атап өтілді. Қасиетті Құран аяттарында бұрынғылар тарихынан тағылым алу және жаратылу жолын білу үшін саяхат жасау бұйырылған. «Анкабут» сүресінің 20-шы аятында: «(Мұхаммад с.ғ.с.): “Жер жүзінде кезіңдер де жаратылыс қалай басталғанын көріңдер. Тура солай Алла ақырет өмірін де жаратады. Расында Алланың әр нәрсеге күші жетеді” де»,- деп айтылды. Сондай-ақ Құран Кәрімнің басқа аятында Алла Тағала өзінен бұрынғылардың еңбектерін көру және олардан сабақ алу үшін сұрақ түрінде адамды жер бетінде саяхаттауға шақырады. «Сенен бұрын да кенттердің халқынан өздеріне уахи етіп, еркектерді ғана жібердік. Ал енді олар өздерінен бұрынғылардың соңының не болғанын жер жүзін кезіп көрмей ме? Әрине ақырет жұрты тақуалар үшін қайырлы, түсінбейсіңдер ме?» («Юсуф» сүресі,109-шы аят).
Туризм индустриясы маңызды экономикалық ресурстардың бірі және адамзат қоғамының мәдени, әлеуметтік және экономикалық дамуының тиімді факторы болып табылады. Бұл сала табыс әкелу және өте кең кәсіпкерлікті құрумен бірге халықтарды, этностарды және мәдениеттерді бір-біріне жақындатуға себеп болады және елдердің экономикалық көрсеткіштерін ілгерілету мен жақсартуда тікелей және жанама түрде тиімді. Әлемдегі ең табысты төртінші сала болып табылатын туризм индустриясы коронавирус індетіне байланысты соңғы екі-үш жыл ішінде төмендеді. Бірақ қазір әлемде коронавирус ауруларының санының азаюымен туризм қайта жанданды.
Туризмнің әртүрлі өлшемдері бар, оның ең кең таралған және маңызды түрі «саяхаттық» және «саяхаттық-қажылық». Коммерциялық туризм, табиғат туризмі, кеңсе-миссиялық туризм, ғылыми-зерттеу-танымдық туризм, шытырман оқиғалы туризм, сауықтыру туризмі, спорттық туризм, экотуризм және тамақ туризмі туризмнің басқа да маңызды түрлері болып табылады. Сонымен қатар, исламдық туризм әлемдегі ең көне және ең гүлденген өткен және қазіргі заманғы туризмнің бірі болып табылады. Мәдени, тарихи және діни нысандары бар Иранның мұсылман туристерін тартудағы әлеуеті жоғары және бұл соңғы жылдары дәлелденді.
Коронавирус індетінің таралуы басталғанға дейін жыл сайын дүние жүзінен көптеген туристер Иранға баратын. Иранның Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрлігінің статистикасы бойынша, 2019 жылы Иранға ең көп және сәйкесінше Ирак, Әзірбайжан, Ауғанстан, Түркия, Пәкістан, Армения, Түрікменстан, Оман, Бахрейн, Кувейт, Үндістан, Қытай, Грузия, Ресей, Ливан, Сауд Арабиясы, Германия, Италия, БАӘ және Франциядан келген. Бұл ақпарат аймақ елдері туристерінің Иранға баруға деген қызығушылығын және Ирандағы шетелдік туристердің жоғары әлеуетін көрсетеді. Коронавирустан кейін Иранның туристік нарығында қайтадан гүлдену сезілді. Ислам әлемінің бірінші туристік көрмесі (IWTE) Ислам әлемі елдерінің туристік мүмкіндіктерін таныстыру және осы саладағы белсенділер мен бизнес өкілдері арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында 2022 жылдың 7-10 маусымы аралығында «Афтаб» көрме кешенінде үш күн бойы өтті.
Ислам әлемі туристік көрмесінің жауапты хатшысы Азада Мустаанидің айтуынша, 1 миллиард 800 миллион мұсылман жамағаты тек ислам елдері үшін ғана емес, Еуропа елдері үшін де тартымды туристік нарық болып табылады. Ислам елдерінің мәдениеті, әдет-ғұрыптары және діни ортақтықтарымен басқа исламдық емес елдеріне қарағанда қарым-қатынас жасау мүмкіндіктері көбірек. Бізде көп нәрсе ортақ, сондықтан ислам елдеріне саяхаттау кезінде өзімізді ешқашан бөтен сезінбейміз. Осыған сәйкес, Ислам әлемі туристік көрмесі Иранның Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрлігі, Теһран әкімшілігі, Ирандағы ISESCO ұлттық комиссиясы, Иранның әуе саяхаттары және туристік қызметтер кеңселері қауымдастығы, «Афтаб» көрме кешені сияқты мекемелердің қолдауымен және ынтымақтастығымен өтті. Көрме барысында әртүрлі ислам елдерінің туристік әлеуеті мен мәдени және діни көрікті жерлері аз белгілі қалаларымен танысу және оларды таныстыру жоспарланды. Осы шара аясында ислам әлемінің қалаларының әкімшіліктері мен туристік ұйымдарының қолдауымен бұл жобаны қолдайтын елдер жыл сайын күнтізбелеріне 2 күнді «Қала күні» ретінде енгізу туралы шешім қабылдады. Осы кезеңнің Теһрандағы көрмесінде жасалған жоспарлар бойынша үлгілі қалалар таныстырылды. Бұл кезеңде мәдени, тарихи және діни ерекшеліктері бар Иранның Ардакан және Түркияның Шанлыурфа қалалары үлгі болып таңдалды.
Ирандағы ISESCO ұлттық комиссиясының басшысы Абдулкарим Садеғдод былай деді: «Өркениеттің әлеуеті мен тарихи тартымдылығының түрлілігі ислам әлемінің нақты экономикалық байлығына айналуы мүмкін. Осы мүмкіндіктер мен ортақ қасиеттерге сүйене отырып, ИСЕСКО ислам әлеміндегі туризмнің дамуына үлкен қолдау көрсетеді. Әзірге ИСЕСКО-да Иранның мәдени мұрасының 10 туындысы тіркелді. ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік тіркеуінен айырмашылығы, ИСЕСКО-да туындыларды тіркеу процесі өте оңай. Коронавирус пандемиясы кезінде бұл ұйым ислам елдерінің мәдени мұрасын сақтау мен қорғауға да ерекше көңіл бөлді. Сөйтіп, коронавирус пандемиясының екі жыл ішінде мәдени мұраны қорғауға 1 миллион доллардан астам қаржы жұмсады. Біз Иранды ислам әлемінің туристік орталығы ретінде таныстыруға тырысуымыз керек. Ислам әлемі туристік көрмесі ислам әлеміндегі туристік серпілістің оң қадамы болады және бұл көрмеде ИСЕСКО-ның барлық мүшелерінің мүдделері көрінеді.
Ислам әлемінің алғашқы туристік көрмесіне 15-тен астам ислам елінен 300-ден астам стенд қатысты. Көрме кезінде оны 10 мыңнан астам адам тамашалады және 20-дан астам бұқаралық ақпарат құралдары ол туралы хабар таратты.