Шіл 07, 2022 06:52 Asia/Almaty
  • Имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.) - ғылымдарды таратушы

Зилхаджа айының жетінші күні Алла елшісінің (с.ғ.с.) пәк ұрпақтарының бірі имам Мұхаммад Бақердің (ғ.с.) шәһид болған күніне сәйкес келеді.

 

Жас бала Алла Елшісінің (с.ғ.с.) нұрлы жүзіне қарап тұрған еді, кенеттен Пайғамбар (с.ғ.с.) оның  атын атап шақырды. Хазірет: «Джабер! Сен ұзақ өмір сүресін»,- деді. Джабер таңғалып: «Шынымен»- деді. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Иә! Менен кейін өміріңнің соңында менің отбасымнан маған аттас, жүзі маған ұқсайтын адамды көресін. Ол – ғылымдарды бөлуші (Бақер әл-Улум). Ол адамдарға білімнің есігін ашады. Джабер! Оны көрген кезде, сәлемімді жеткіз»,- деді.

 

Сол оқиғадан бері алпыс жылдан астам уақыт өтті. Бір күні Джабер Мәдинаның бір көшесінен өтіп бара жатқанда, көзі балаға түсті. Мұқият қараса, Пайғамбар (с.ғ.с.) айтқан белгілер шын мәнінде оның бойында бар екенін көрді. Джабер мейірімділікпен баладан атың сұрады. Ол: «Менің атым Мұхаммад бин Әли бин әл-Хусейн»,- деп жауап берді. Көзінен қуаныш жасы аққан Джабер еңкейіп маңдайынан сүйіп: «Алла елшісінің (с.ғ..) сәлемін менен қабыл ал. Атаң Алла елшісі (с.ғ.с.) сені көргенде сәлемін жеткізуді сұраған»,- деді.

Хазірет Имам Мұхаммад бин Әли Бақер (ғ.с.) хижраның 57-ші жылы раджап айының бірінші күні дүниеге келген.  Оның ең танымал лақап аты - «Бақер әл-Улум». «Бақер әл-Улум» әртүрлі ғылымдарды зерттеп, ғылымның әртүрлі өлшемдеріне қол жеткізген адамды білдіреді.

Имам Бақер (ғ.с.) имамдығы кезінде саяси басқарудағы қайшылық пен шиеленіс шарықтау шегіне жетіп, саяси-әлеуметтік жағдай тұрақсыз болды. Нәтижесінде халифалар тез өзгерді. Осы халифтердің бірі Омар ибн Абд әл-Азиз хижраның 99 (м. 717) жылы билікке келген сегізінші Омейяд халифасы болды. Демек, хазіреттің имаматының екі жыл бес ай осы халифаның билігіне сәйкес келді. Оның маңызды жұмыстарының бірі хадис жазуға тыйым салуды алып тастау болды. Одан шамамен жүз жыл бұрын Алла елшісінен хадис келтіруге халифалар тыйым салған. Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннеттері, жолдары мен сөздері туралы жазылғандардың бәрі не өртенді, не жер астында көмілді. Имам Бақер (ғ.с.) осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, Ислам ғылымы мен мәдениетін кеңейтті. Имам (ғ.с.) Құранның ең жақсы тәпсіршісі ретінде  аяттарының дұрыс тәпсірін қайта айтып, дінді бұрмалауға тырысқандардың жолын жауып тастады. Ол әрқашан Алланың сөзін сөзіне дәлел ретінде қабылдап, сахабаларына: «Мен саған қашан хадис айтсам, оны менен Алланың Кітабынан сұра, сонда мен саған тиісті аятты оқи аламын», – дейтін. Осылайша ол Құранды Ислам атын жамылып айтылатын сөздерге баға беретін өлшем ретінде ұсынып, оның қоғам санасында жақсы мен жаманды айырушы, ажыратушы ретінде орнын бекіткісі келді. Сондай-ақ ол фактілерді түсіну үшін ақылдың рөлін маңызды деп санап, әртүрлі ғылымдарда адамдарды ақылға, терең ойлауға шақырды.

Кейбір адамдар үкіметтің үгіт-насихат әсерінен Пайғамбар әулетінен (ғ.с.) алшақтап, балағаттап, тіл тигізуге дейін барды.  Екінші жағынан, басқа бір топ адамдар үкіметке қарсы тұру ниетімен немесе басқа себептермен Әһле Бәйт (ғ.с.) ұстанымына бас июде шектен шығып, имамдар (ғ.с.) олармен қарсыласуға мәжбүр болды. Имам Бақер (ғ.с.) бұл мәселеден тыс қалмады, ол азғын ойларға айқын және ашық түрде  қарсы тұрды. Бір күні имам Бақер (ғ.с.) шиіттердің бір тобының ортасында: «Уа, шиіт қауымы! Ұстамды бол, шектен шыққандар   өздерінің шектен шыққандарына өкініп, сендерге еріп, ақиқат іздеушілер сендерге қосылсын»,- деді. Осы кезде көпшіліктің арасынан бір адам тұрып: «Шектен шыққандар кімдер?»- деп сұрады. Имам: «Шектен шыққандар біз өзімізге бұйырмаған сипаттар мен атақтарды беретіндер. Олар бізден емес, біз олардан емеспіз. Алланың атымен ант етемін, бізде Алладан абсолютті бостандық жоқ, Алла мен біздің арамызда туыстық байланыс жоқ. Біз Жаратушығаа мойынсұну және Оған қызмет ету арқылы ғана жақындай алмаймыз. Сендердің әрқайсысың Аллаға мойынсұнуларың керек, біздің қамқорлығымыз бен сүйіспеншілігіміз оған пайдалы. Кім күнәһар болса, біздің басшылығымыз оған пайда әкелмейді. Сондықтан өзіңізді алдаудан және асыра сілтеушілерге алданып қалудан сақ болыңдар»,- деп айтты.

Имам Бақер (ғ.с.) ғылыми қызметімен қатар қоғам істерін түзету және залымдарға қарсы тұру бағытында көп күш жұмсады. Осы себепті ол әрқашан Омеяд билеушілерінің ашуы мен өшпенділігімен бетпе-бет келді. Омеяд билеушілерінің арасында  оныншы халифасы Хишам ибн Абд әл-Мәлік имам Бақерге (ғ.с.)  өте қатал болды және имамның кейбір серіктері мен шәкірттерін өлтіруді бұйырды. Имамның ғалымдық келбетіне нұқсан келтіре алмай, одан үнемі жеңіліске ұшыраған Хишам тағы бір әрекетімен имамды халық алдында кемсітпек болды. Ол имам Бақерды (ғ.с.) барлық әскерилері мен ел басшыларын жинаған жиынға шақырды. Содан кейін ол имамнан (ғ.с.) садаққа жебе салып, нысанаға тигізуді сұрады. Имам (ғ.с.) Хишамнан оны бұл жұмыстан босатуын өтінді. Бірақ Хишам талабынан қайтпады. Жамағаттың алдында Хишамның қатты табандылығына тап болған имам Бақер (ғ.с.) садағына жебе салып, нысанаға дәл тигізді. Хишам мұны кездейсоқтық деп тауып,   имамнан тағы бір қайталауды талап етті. Имам (ғ.с.) екінші жебені дәл алдыңғы жебенің үстіне қадады. Хишамның талабынан қайтпауынан имам (ғ.с.) тоғыз рет қайталап, әр жебе алдыңғы жебені жарып, нысанаға дәл тиді. Айласы тағы имамның пайдасына шешілген Хишам таңғалып: «Менің ойымша, жер бетінде бұдан жақсырақ ату мүмкін емес», - деді. Содан соң Хишам Бәни Хашем мен Бәни Омеяд арасын жақын және бұл екі әулетті қадір-қасиеті жағынан тең көрсетуге тырысты. Бірақ Имам Бақер (ғ.с.) еш ойланбастан: «Әрине, басқа отбасыларда Әһле Бәйтте (ғ.с.) бар рухани кемелдік пен ізгі қасиеттер жоқ»,- деді.

 

Имам Бақер (ғ.с.): «Білімсіз амал қабыл болмайды, ал білімсіз білім құндылық пен сенімділіктен айырылады, ал кім өз білімімен амал етіп, білгенін қолданса, Алла Тағала оған жаңа жасырын ақиқаттар мен сырларды үйретеді»,- деген.

Имам Бақер (ғ.с.) шәһид болған күніне орай әлем мұсылмандарына көңіл айтамыз.

 

Тегтер