Шіл 11, 2022 11:49 Asia/Almaty
  • Қажылық 2022: Ислам революциясы жетекшісінің қажыларға жолдауы

Ислам революциясының жетекшісі қажыларға арнаған жолдауында үстемшіл Батыстың сезімтал Батыс |Азия аймағында және соңғы уақытта бүкіл әлемде күннен-күнге әлсірегенін мәлімдеді.

 

 

Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи өз жолдауында: «Бүгінгі таңда либерализм мен коммунизм батыс өркениетінің ең маңызды сыйы ретінде бұдан жүз жыл бұрынғы және елу жыл бұрынғы келбетке ие емес. Батыстың ақшаға бағытталған демократиясының беделі күрделі сұрақтармен бетпе-бет келіп тұр, ал батыс ойшылдары адасудан зардап шегулерін мойындайды. АҚШ-тың және оның қылмыстық сыбайласының, яғни аймақтағы басып алушы режимнің күйзелісі мен сәтсіздігін Палестина, Ливан, Сирия, Ирак, Йемен және Ауғанстандағы оқиғалар сахнасынан анық көруге болады»,- деп баса айтты.

Шың мәнінде, Кеңес Одағы мен коммунизм ыдырағаннан кейін АҚШ бастаған Батыс әлемі либералдық және капиталистік құндылықтарды әлем халықтары үшін жеңіске жеткізетін үлгі және жалғыз таңдау ретінде таныстыруға тырысты. Батыс әлемі осы көзқарасты әлемге таңу және кеңейту үшін барлық әскери, саяси, экономикалық, мәдени және медиа құралдарын пайдаланды. Дегенмен, көптеген сарапшылар соңғы жылдары АҚШ-тың үстем держава ретіндегі гегемониясы төмендеді деп есептейді. АҚШ өз қалауын басқаларға таңа алмайды және бұл факт әлемді көп полярлы жүйеге итермелеуде. Атақты американдық ойшыл және теоретик Ноам Хомский: «АҚШ-тың құлдырауы басталды және американдық басшылардың бұл ел әлемнің талассыз күші болып қала береді деген мәлімдемесі «қиялдан» басқа ештеңе емес»,- деді.

АҚШ пен оның одақтастары, соның ішінде сионистік режимнің ИИР-на қысым көрсетудегі сәтсіздігі, сондай-ақ Сирия, Ирак, Ливан, Палестина, Ауғанстан және Йемендегі саяси және әскери жеңіліс өздерін әлемнің күші деп санайтындардың қабілетсіздігінің айқын мысалы болып табылады.

АҚШ күш-қуатының басты факторларының бірі саналатын экономикалық шындық бұл елдің бұрынғыдай артықшылыққа ие емес екенін көрсетеді. Қытай сияқты елдердің өсіп келе жатқан экономикалық қуаты АҚШ экономикасын дағдарысқа тіреді. АҚШ-тың дүниежүзілік ішкі өнімдегі үлесі 1960 жылы 50 пайызға жақындаған, бірақ бұл көрсеткіш содан бері төмендеп келеді және 2021 жылы 24,4 пайызға дейін төмендеді. Bloomberg өткен жылы 1960 жылы АҚШ әлем экономикасының 40 пайызын құрағанын, бірақ бұл көрсеткіш күрт төмендегенін және 2024 жылға қарай шамамен 14 пайызға жететіні туралы жариялады.

Әлеуметтік мәселелер де әлемде американдық гегемонияның құлдырауының тағы бір қырын көрсетеді. Бұл ел әртүрлі әлеуметтік бұзылуларды бастан өткерді және олардың салдарынан  оның ұлттық билігіне қауіп төнуде. Гендерлік, мәдени, діни және ең бастысы, нәсілдік толқулар және зорлық-зомбылық әрекеттерінің, әсіресе кісі өлтірудің көптігі бұл жағдайды растайды. Atlantic журналы жақында АҚШ-тың ішкі мәселелеріне сілтеме жасаған мақаласында: «Әлемдегі жалғыз держава енді  сәтсіздікке ұшыраған мемлекетке айналды. АҚШ-тың бұрыннан келе жатқан гегемониясы қазір әлеуметтік толқулар мен саяси егемендіктің жоғалуымен шайқалуда»,- деп жазды.

Байлықты бөлудегі үлкен алшақтық бай қоғамның 1 пайызының байлығы бүкіл қоғамның 50 пайызынан астамын құрайтынында байқалады. АҚШ саясатындағы сыбайлас ақшаның рөлі,  көптеген белгілерін полицияның қара нәсілділерге зорлық-зомбылық көрсетуі мен азиялықтарға қатысты қиянат жасауынан көруге болатын жүйелі нәсілшілдік, сондай-ақ, АҚШ-тағы саясаттың бұрын-соңды болмаған поляризациясы бұл елдің ең маңызды ішкі мәселелерінің кейбірі ғана.

Ислам революциясының жетекшісі  қажыларға арналған жолдауының тағы бір бөлігінде  исламдық ояну мен исламдық хабардар болудын дамуы және таңырқататын қарсыласу құбылысының пайда болуына тоқталып: «Палестина сахнасы осы таңғажайып құбылыстың бір көрінісі. Ол сионистік режимді агрессивті және қанды режимнен қорғаныс пен пассивтілікке жеткізіп, оған қазіргі айқын саяси, қауіпсіздік және экономикалық қиындықтарды жүктей алды. Қарсыласудың басқа да жарқын мысалдарын Ливан, Ирак, Йемен және басқа жерлерден анық көруге болады»,- деп айтты.

Соңғы жылдары Батыс Азия аймағының әртүрлі елдерінде қарсылықтың қалыптасуы қарсыласу осінің жаһандық үстемшілік пен Ислам дұшпандарына қарсы үлкен жеңістерге жетуіне себеп болды. Сирияда үлкен қастандықтарға қарамастан, бұл елдің үкіметі тұрақты болды және қарсыласу осінің көмегімен жұмысын жалғастырды. Иракта ДАИШ лаңкестік тобы құрылғаннан кейін бүкіл елді лаңкестердің қол астына түсіруге тырысты, бірақ ДАИШ тобы да қарсыласу осінен сәтсіздікке ұшырады. Енді ол  кейде-кейде әрекетті жүзеге асыратын шағын және шашыраңқы топтарға айналды. Сауд Арабиясы мен оның одақтастарының қастандығы мен әскери басқыншылығына тап болған Йемен елі қарсыласуды жалғастырып, шабуыл жасаушыларға қарсы жеңістерге қол жеткізді.   Сауд Арабиясы уақытша атысты тоқтатуды қабылдауға мәжбүр болды. Палестинаны да исламдық қарсыласу қозғалысының негізгі мәселесі және символы деп санауға болады. Қазір Палестинада қарсылық көрсету еркі өте жоғары. Күштердің тепе-теңдігі болмаса да, сионистік армия Палестина халқына қарсы ауқымды соғысты бастай алмайды. Палестина халқы сионистік режимге қарсы ұзақ шайқасқа дайын және соңғы жылдары сионистік басқыншыларға қарсы көптеген жеңістерге қол жеткізді.

Соңында, қарсылық қозғалысын саналы түрде қалыптастырған және басқарған  ең жақсы үлгісін де атап өткен жөн. Ислам революциясы жетекшісінің нұсқауымен өмірінің соңына дейін қарсылық көрсетіп, америкалық лаңкестердің қолынан шәһид болған Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы, шәһид Қасем Сүлеймани. Шахид Сүлеймани Палестина мен қарсыласу майданына қатысты өз рөлі мен міндетін жақсы орындаған адал адамдардың бірі болды. Қарсыласу майданының күшеюі мен Газадағы Палестина халқының қолдауының мысалы ретінде сионистік режимге қарсы Хизболла мен қарсыласу майданының жеңісін келтіруге болады.

 

Тегтер