Хазірет Аббас - бауырмалдықтың белгісі
(last modified Sat, 06 Aug 2022 15:03:04 GMT )
Там 06, 2022 21:03 Asia/Almaty
  •  Хазірет Аббас - бауырмалдықтың белгісі

Адамдар арасында бауырмалдық орнату үшін шарттар бар, оның біріншісі – жалғыз Аллаға иман келтіру және көпқұдайшылық пен күпірлік үшін тәубе ету. Алла Тағала Құранда: «Сонда егер олар, тәубе етіп, намазды толық орындап, зекет берсе, онда олар сендердің дін бауырластарың»,- деді. («Тәубе», 11-ші аят).

Алла Тағала «Исра» сүресінің 70-ші аятында: «Расында Адам баласын ардақтадық.... Оларды жаратқандарымыздың көбінен не құрлым артық жараттық»,- деп айтты. Бұл қадір-қасиет пен артықшылық барлық адамдарға жаратылғаннан бері берілген. Егер адамдар артықшылығын жоғалтпаса, онда бәрі бірдей.  Бірақ тағы бір қадір-қасиеті мен артықшылық бар, адамдар оны өз ішінде сезіну арқылы Алланың алдында көбірек құндылық пен қадір-қасиет таба алады. «Худжурат» сүресінің 13-ші аятынан: «Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың..»,- деп оқимыз. Бұл қадір-қасиеттің жүзеге асу дәрежесі адамның Алланың әмірлеріне мойынсұнудағы күш-жігерінің деңгейімен анықталады. Тақуалық пенденің Алланың алдында қадір-қасиетін көтерумен қатар, адамдар арасындағы қарым-қатынастың,  бауырмалдықтың  өлшемі болып табылады. «Худжурат» сүресінің 10-ші аятында: «Шын мәнінде мүміндер туыс қой...»,- деп айтылды.

Адамдар арасында бауырмалдық орнату үшін шарттар бар, оның біріншісі – жалғыз Аллаға иман келтіру және көпқұдайшылық пен күпірлік үшін тәубе ету. Алла Тағала Құранда: «Сонда егер олар, тәубе етіп, намазды толық орындап, зекет берсе, онда олар сендердің дін бауырластарың»,- деді.

Аллаға иман келтіргеннен кейін бауырмалдықтың жүзеге асуы үшін иман негіздерін ұстану шарт. Сондай-ақ, намаз оқу, зекет беру сияқты сауапты амалдар жасау керек.

Имам Садық (ғ.с.) рауаяттарының бірінде: «Мүміндер өздері үшін қалаған нәрсені басқаларға тілейді және өздері үшін жаман деп санайтын нәрсені басқалар үшін де жаман деп санайды»,- деген. Діни бауырлардың бір-біріне деген тағы бір міндеті – олардың қажеттіліктерін өтеуге тырысу және жаны мен мүлкімен, қолдан келгені және тілімен көмектесу. Ислам діні мүміннің тоқ, бауырының аш болуына,  бірі киініп, бірі жалаңаш болуына, бірі аман-есен, екіншісінің өзі мен жақындарының өмірі  үшін алаңдауына, бірінің шөлі қанық және басқасының шөлден зардап шегуіне жол бермейді.

Ислам пайғамбары (с.ғ.с.) мүміндер арасында бауырмалдықты уағыздаған сол күні әрбір адам өзіне рухани жақындығы жоғарырақ адаммен бауырлас болды. Мысалы, Салман Абузармен, Әбу Бәкір Омармен, Талха Зубайрмен, Миқдад Аммармен, Айша Хафсамен, Умма Салма Сафиямен және ең соңында Пайғамбар (с.ғ.с.) өзі Әлимен (ғ.с.) бауырласты. Бұл берекелі дәстүр мұсылмандар арасында хазірет Әли (ғ.с.) балаларына оларды қиыншылықта ешқашан жалғыз қалдырмайтын  қамқоршы бауырлас таңдау шешім қабылдағанға дейін жалғасты.

Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) шәһид болғаннан кейін бірнеше жыл өткен соң хазірет Әли (ғ.с.) ағасы Ақилдан рулық тегін білуіне сүйене отырып, өзіне батыл әулеттен әйел таңдауды сұрады. Ақил оған Фатима Калабияны ұсынды. Хазірет Әлидің (ғ.с.) бұл аяулы жарынан Аббас, Осман, Джафар және Абдолла есімді төрт ұлы болды. Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетіне деген махаббаты анасынан алған бұл төрт ағайынды хазірет Фатиманың (ғ.с.) балаларын жақсы көріп, оларды әрдайым құрметтейтін. Хазірет Әли (ғ.с.) Умм әл-Бәнин ұлдарын білім мен иман бұлағынан қандырып, олардың ішінде ең үлкені Аббасқа көбірек көңіл бөлді, өйткені оның болашағын көз алдында көрді.

 

Аббас (ғ.с.) ардақты әкесімен бірге 14 жылға жуық өмір сүрді, осы уақыт ішінде ол соғыста да, қуғында да, қиыншылықта да, қуаныш пен қайғыда әрқашан әкесінің жанында болды. Хиджра-қамаридің 37-ші жылы Сафеин шайқасы болған кезде ол жасы он екіге таяп қалған жасөспірім болса да, тәжірибелі жауынгердей араб жауынгерлерін шайқасқа шақырды. Оның шайқасқаны сонша, тіпті жаудың өзі мойындады. Жүрегінде иман нұры жарқырап тұрғаны сонша, ол өз заманының имамын қорғаудан еш тайынбаған. Әкесінен кейін оның имамы Хасан бен Әли (ғ.с.) болды және оған үнемі бағынды. Сөйтіп имамат кезегі Хұсейн бен Әлиге (ғ.с.) жетті.

Муавияның маскүнем баласы имамның (ғ.с.) орнына өзін мүміндердің әмірі атады. Сосын надандықтан, мақтаншақтықтан, билікке құштарлықтан тарихтағы ең ұлы және пәк адамдарды арсыздық пен арамдыққа бият етуге мәжбүрлемек болды.  Хазірет Аббас имамымен (ғ.с.) қол ұстасып, көп жылдар бұрын әкесі уәде еткен күнге жақындай түсті.

Имам Хұсейн бен Әли (ғ.с.) керуені Кербалаға келіп тоқтап, ақыры мұхаррам айының 10-шы күні келді. Язид әскерінен бір адам Хұсейн бен Әлидің (ғ.с.) шатырларына жақындап, хазірет Аббас пен оның бауырларының атын бірнеше рет  дауыстап атады. Бірақ бұл төрт ағайындының ешқайсысы жауап бермеді, соңында имам Хұсейн (ғ.с.) оларға жауап беруді бұйырды. Келген адам хазірет Аббас пен оның бауырларына қорғау хатын әкелді. Имамының (ғ.с.) өміріне қауіп төніп тұрған кезде, хазірет Аббас үшін дұшпан кепілдік берген қауіпсіздік қандай қиын болды. Хұсейн (ғ.с.) оның имамы және басшысы болмаса да, туысқан ағасы болмаса да, оның дін бауыры еді және осы себепті Алла Аббасқа міндет жүктеген еді. Ол бойынша қиыншылықта ағайынына көмектесуі керек еді. Хазірет Аббас пен оның   бауырлары ашумен қорғау хатын қайтарып, бауырлары мен имамын (ғ.с.) осы қиын күнде жалғыз қалдырудан бас тартты.

 

Жау шайқасқа дайындалды. Бауыры Аббастың иманына, күшіне және табандылығына сенімді болған Хұсейн (ғ.с.) оған  төзімділік пен тұрақтылықтың белгісі болған байрақты тапсырды. Мүміндердің жүрегінде үміт нұры сөнбес үшін хазірет  Аббастың байрағы соңғы сәтке дейін желбіреп тұруы керек. Имам Хусейннің (ғ.с.) серіктері бірінен соң бірі алаңға шықты, хазірет Аббас та бауырларын   шақырды. Ол бауырларын бірінен соң бірі шайқас алаңынан жіберді, олардың барлығы шәһид болды.

Ақыры Аббас имамынан (ғ.с.)  алаңға шығуға рұқсат сұрады.  Бірақ балалар шөлдеді, хазірет Аббас оларға бұрын бір рет су әкелген болатын. Алайда одан кейін шамамен бір күн өтті,  ыстық шөлде балардың су ішпей, шөлдегеннен еріндері жарылған. Имам Хұсейн (ғ.с.) Аббасты Евфратқа жіберді. Еріндері кеуіп, хазірет Аббас суды қоршап алған сарбаздармен соғысуға жалғыз аттанды. Оған бала кезінде Хұсейнге (ғ.с.) су апарған кезде әкесінің жылағаны есіне түсті. Хазірет Әли (ғ.с.) жылап: «Кербалада  ұлым шөлдеп, жан тапсырып жатқанда дәл осылай су апарасың»,- деді.

Су аттың беліне дейін жетіп, хазірет Аббас қолын суға толтырып, кеуіп қалған ерніне жақындатты, бірақ ағасы шөлдеп, жан тапсырып жатқан кезде, өз шөлін қандыру ағайындықтың белгісі емес. Ол қоржының суға толтырып, шатырға бет алды.  Бірақ дұшпан оған шабуыл жасап, қолдарың шауып тастады және садақтан атып, қоржының тесті. Су төгілді, басынан ұрылған хазірет Аббас жерге құлады.

 

Хазірет Аббас бен Әли  өмірі бойы анасынан үйренген сыпайылығы мен құрметі және әкесінен алған білімінің арқасында Хұсейн (ғ.с.) туысқан ағасы болса да, оны өзінің имамы әрі басшысы деп санап,   оны ешқашан аға деп атамаған. Бірақ өмірінің соңғы сәтінде бар күшін жинап: «Аға, бауырыңды тап»,- деп шақырады.   Хазірет Аббас  имам Хұсейнге (ғ.с.) деген бауырластық міндетін толық орындады. Ол бүкіл күші, мүлкі, тіпті бауырларының өмірімен  ағасын (ғ.с.) қорғап, ағасы сынды шөлден құрғаған ерінімен дүниеден озды.

Тарихта хазірет Аббас бауырластықтың құнды үлгісі болып табылады.  Ұлы Ашура оқиғасы оның Алланың ең беделді жаратылысының құқығын қорғап, бауырмалдықты ең биік деңгейге жеткізгенін куә етеді. Бұл бауырмалдық оны ең жақсы адамдарға тең еткен тақуалықтың көрінісі екені сөзсіз.