Арбағин - имам Хұсейннен (ғ.с.) имам Мәһдиге (ғ.с.) сапар
Маған көмектесетін адам бар ма? Алланың разылығы үшін бізге көмекке жететін адам бар ма? Алла елшісінің әулетін қорғайтын қорғаушы жоқ па?
Бұл күндері барлық жерде Арбағин зияраты, шынайы махаббатты білдіретін зиярат туралы айтылуда. Ол күллі қараңғылықтан жиіркеніш білдіріп, адамзат қоғамын жарыққа жеткізу үшін баршадан көмек сұраған. Имам (ғ.с.) Ашура күні, барлық сахабалары шәһид болғаннан кейін жалғыз қалған күйде
«Маған көмектесетін адам бар ма? Алланың разылығы үшін бізге көмекке жететін адам бар ма? Алла елшісінің әулетін қорғайтын қорғаушы жоқ па?» деп сұрады. Бұл тек бір жер және бәр уақыт үшін айтылмағанын бәріміз жақсы білеміз. Сондықтан Кербала зияратында, әсіресе, Арбаин шеруінде заманымыздың имамына: «Алла сізге рұқсат беріп, сіз көтерілуге бұйрық берсеңіз, мен саған көмектесуге дайынмын!» - деп жариялаймыз. Содан соң дұғаның маңызды «мен сенімен біргемін, мен сенімен біргемін, мен сенің дұшпаныңмен емеспін» деген сөйлемін айтамыз.
Құранда қылмыскерлер мен залымдармен қоса сырт көзге үндемей, қылмыскерлермен ынтымақтаспаса да, олардың ісіне разы болғандар да лағнетке ұшыраған. Арбағин күнінің арнайы зияратнамасында Кербала зияратшысы өз ұстанымын, Алланың әулиелерінің қатарында екенін анық білдіріп, Алланың және Әһле Бәйттің (ғ.с.) дұшпандарынан аулақ болуын жария етеді. Алланың дұшпанынан алыстау, Аллаға жақын болуды білдіреді. Имам Хұсейннің (ғ.с.) дұшпандары мен қанішерлері ғасырлар бұрын жасаған сұмдық істері үшін өлтіріліп, жазаланды. Сондықтан имам Хұсейннің (ғ.с.) дұшпандарына деген жиіркенішіміз Язид пен оның әскерлеріне, оларға ергендердің барлығына жиіркенішіміз. Арбағин зияратнамасында имам имам Хұсейннің (ғ.с.) зияратшылары имамның (ғ.с.) дұшпандарының жолынан бөлініп, хазіреттің (ғ.с.) әміріне мойынсұнған имам Хусейннің (ғ.с.) адал серіктері сияқты болуға тырысады. Олардың шәһид болған имамның (ғ.с.) дал серіктері сынды өз заманының имамын қорғауға бүкіл мүмкіндіктері мен күштерін қолдануға талпынуда.
«Арбағин» зияратнамасында: «Менің жүрегім сенің жүрегіңе бағынады, мен өмірлік мәселелерде сенің бұйрықтарыңды орындаймын және Алла сенің кетуіңе рұқсат бергенше мен саған көмектесуге дайынмын. Сондықтан мен жауларыңмен емес, өзіңмен біргемін»,- деп айтылды.
«Бүгін имам Мәһдиге (ғ.с.) қалай көмектесе аламыз?» - бұл ойланатын және маңызды тақырып. Көпшіліктің пікірі бойынша, «Арбағин зияраты» бізге имам Хусейннің (ғ.с.) үлгі болған рөлін айқындайды. Бұл дұғада имамға (ғ.с.): «Сенің расында тақуалықты сүйетін, пәк әрі пәк жаратылыс иесі, жаратылғандар мен тура жолдағылардың тура жол көрсетушісі екендігіңе куәлік етемін»,- деп айтқанымыз кезде, өзімізді үлгі тұтатын имамға ұқсатуымыз керек. Мысалы, өмірінің ешбір саласында зұлымдық жасамаған имамымыз болған жағдайда, қарумен де, тілмен де, қаламмен де зұлымдық жасамауымыз керек. Имам (ғ.с.) қайырымды, тақуа және әділ болса, біз де өзіңдей тақуа болуымыз керек. Сондықтан Кербала зияратшыдары мен имам Мәһдидің (ғ.с.) келуін күтіп жүргендердің негізгі міндетінің бірі – өзін-өзі жетілдіру және күнәлар мен арсыздықтардан аулақ болу. Имам Мәһдидің (ғ.с.) ғайып болуының басты себептерінің бірі біздің орынсыз әрекетіміз бен кішкентай болып көрінетін күнәларымыз екенін ұмытпайық. Жеке және қоғамдық өмірімізде имам (ғ.с.) қалаған жол мен әдісті жүзеге асырып, жүрегінің разылығына ие болған жағдайда ғана өзімізді әділ имамның (ғ.с.) күтушісі деп есептей аламыз.
«Имамның ризалығы нені білдіреді және оған қалай қол жеткізуге болады?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұл сұраққа жауап ретінде, ең алдымен, имам Мәһдидің (ғ.с.) разылығы Алланың кітабында немесе Алла Елшісінің (с.ғ.с.) және басқа да пәк имамдардың (ғ.с.) сөздерінде айтылған нәрселерден басқа ештеңе емес екенін айту керек. Басқаша айтқанда, кімде-кім Құран Кәрімде бұйырылған және пәк имамдардың (ғ.с.) сөздерінде айтылған барлық міндеттер мен парыздарды орындап, осы екі илаһи көзде тыйым салынған барлық тыйымдар мен күнәлардан аулақ болса, ол имам Заманның (ғ.с.) разылығына ие бола алады.
Егер адам имамат пен ақырзаманға иман келтіріп, өмірдің барлық саласында және діни ережелерде Әһле Бәйттің (ғ.с.) жақтаушысы болса, имамына (ғ.с.) жәрдем және қолдау жариялай алады. Осындай жағдайда зияратнаманың: «Мен Өзіңе иман келтіргеніме куә етемін және Өзіңе қайтып оралатыныма сенемін, өмірдің барлық саласында және шариғатта Әһле Бәйтке (ғ.с.) еремін»,- деген сөйлемін батыл оқи алады. Яғни, имам Хұсейннің (ғ.с.) серіктері Кербалада оған иман келтіріп, имамның бұйырығы мен қозғалысына бағынғаны сияқты, Хұсейннің (ғ.с.) зияратшылары да «мен де имам Заманның (ғ.с.) жолына бар күш-қуатымды жұмсаймын» деп көрсетеді.
Зияратнаманың соңғы бөлімінде имам Хұсейннің (ғ.с.) зияратшылары көбірек құрметтеу үшін Алла Тағаладан имамға «сәлем мен береке» тілейді. Алланың сәлемі мен игілігі бәрінен де артық. Алла сізді, жаныңыз бен тәніңізді, барларың мен жоқтарыңды жарылқайды.