Қыр 17, 2022 15:13 Asia/Almaty
  • Ислам өркениетінің қалыптасуындағы Арбағиннің рөлі

Аятолла Хаменеи 2019 жылы сөйлеген сөзінде Арбағин шеруінің мәдени рөлі туралы: «Ислам елдерінің күш-қуаты бір жерге жиналса, Ислам үмбеті илаһи ізеттің не екенін көрсетеді, ұлы ислам өркениетін әлем қоғамдарына көрсетеді. Бұл біздің мақсатымыз болуы керек. Арбағин шеруі осы мақсатқа жетудің құралы бола алады»,- деді.

 

Ұжымдық тірлік пен діни биліктің айналасындағы бірлік қоғамды нығайтады.  Арбағиннің ең маңызды факторы – исламдық қоғамдардың жақындасуы. Имам Хұсейн (ғ.с.) ғашықтарының Кербалаға қарай орасан зор шеруі әрқашан зұлымдықпен бетпе-бет келіп, зорлық-зобылық жасаушылар және залымдармен күресуді көздейтіндердің бірлігін көрсетеді. Олар бір мақсатты көздеп, бір ауыздан «Қорлыққа бағынбаймыз» деп айғайлайды. Олар өздерінің имамы Хұсейн бен Әлидің (ғ.с.)  билігін қабылдап, имам Хұсейнге (ғ.с.) достығын және имам Хусейннің (ғ.с.) дұшпандарына дұшпандығын көрсетеді.

Ислам өркениеті – оның барлық құрамдас бөліктері ислам дініне негізделген өркениет. Ислам өркениетінде адам баласының құндылығы тақуалық пен Аллаға мойынсұнуға негізделген. Ислам өркениеті қоғамның барлық жеке және әлеуметтік өлшемдерін және барлық саяси, мәдени және экономикалық қырын қамтиды. Исламның тарихтағы ең маңызды өркениеттік мүмкіндіктерінің бірі имам Хұсейннің қырықы - Арбағин болып табылады. Өйткені имам Хұсейн (ғ.с.) көтерілісі   илаһи дұрыс жолды адасқан жолдан ажыратып, ислам өркениетінің қайта жаңғыруына үлгі көрсете білді.

Өркениет – қоғамдағы мәдениеттің көрінісі және негізін құрушысы, ал өркениеттің алға жылжуы мен тұрақтылығы мәдениеттің негізін нығайтады. Осы мәдениеттердің бірі – Ислам өркениетін құруға көптеген мүмкіндіктер берген Арбағин шеруі мәдениеті. Ислам революциясы  жетекшісі аятолла Хаменеидің көзқарасы бойынша ислам өркениеті – бүкіл әлем халықтарын, әсіресе мұсылмандарды залымдардың билігінен алып шығатын исламдық жүйенің жалпы желісі. Ол исламдық жүйені илаһи жоспарларымен Алланың мейіріміне жеткізеді.

Арбағин шеруінде халықтың бірлігін таныту – өркениеттің ең жақсы үлгісі. Өйткені Арбағин – діни рәсімдердің көрінісі және ислам өркениетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін көптеген өркениеттік факторларды қамтиды. Арбаинде байқалатын бірліктің көрінісі – өркениеттің ең жақсы үлгісі. Махаббаттан, басқа адамдарға деген құрметтен, кішіпейілділік пен жоғары адамдық тазалықтан және мазхаб пен Ашура хабарын насихаттау жолында өзін және мал-мүлкін құрбан етуге дайын болу   имам Хұсейннің (ғ.с.) зияратшыларының Аллаға және оның әулиелеріне деген сүйіспеншілігін көрсетеді.

Өркениетті қоғамның маңызды көрсеткіштерінің бірі – әділеттілік, табандылық, түзету.

Әділдік – дүниежүзіндегі азат, езілген халықтардың тарих бойындағы армандарының бірі. Дүниежүзіндегі көптеген діндерде   әділеттің таралуы туралы пікір айтылады, олардың барлығы әділет туының астындағы құтқарушының әлемді бірлік пен ынтымаққа әкелетініне сенеді.  Әділдік іздеу - Ислам тағылымдары мен пәк имамдардың (ғ.с.) өмірінде өте маңызды. Өркениетті қоғам адамдардың қажеттіліктеріне әділ қарай алады. Имам Хұсейннің (ғ.с.) әрекеттерінің бірі әділеттілік орнату болды. Имам Хұсейн (ғ.с.) Исламның әділдігі мен әділеттің жүзеге асуын қорғауға талпынды. Имам Хұсейн  (ғ.с.) мен оның серіктері әділет орнату жолында жанын пида етіп, Алланың дінінің орнығуын өз жандарынан да жоғары санаған.

Ислам дінінің тағылымы бойынша өркениет үшін қиындықтарға шыдамдылық және дұшпанға төзімділік пен қарсылық негізгі қағида болып табылады. «Ниса» сүресінің 104-ші аятында: «Ол қауымды іздеуде селқостанбаңдар. Егер сендер күйзелген болсаңдар, расында олар да сендер күйзелгендей күйзелуде. Негізінен сендер Алладан олардың үміт етпеген нәрсесін үміт етесіңдер. Алла   толық білуші, хикмет иесі»,- деп айтылды.

Имам Хұсейн (ғ.с.) қозғалысының тағы бір өркениетті қыры   – дұшпанның қастандықтарына қарсы тұру. Өйткені дұшпандар Хұсейни (ғ.с.) қозғалысы құндылықтарының адамдардың өміріне әсер етуінен алаңдайды және олар бұл мәселені жоққа шығаруға және имам Хұсейнге (ғ.с.) қатысты азаларды басқа жаққа бұруға тырысады. «Зиярат-е Арбағин» дұғасында имам Хұсейннің (ғ.с.) адамдарды надандық пен адасудан азат ету үшін қанын төккені айтылады.

Өркениеттің тағы бір ерекшелігі – түзету. Түзету діннің құндылықтары мен принциптеріне негізделген жеке адамды немесе қоғамды өзгертуді білдіреді. Түзетудің айқын мысалдарының бірі – Ашура қозғалысында айқын көрінетін  жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіру.  Түзету имам Хұсейн (ғ.с.) көтерілісінің іргелі және өркениет құрушы негіздерінің бірі болып табылады және оның ұлы мақсаттарын дінді жаңғырту мен ақиқаттың орнығуында көруге болады. Имам Хұсейн (ғ.с.): «Расында, мен ата-бабамның үмметінің түзелуін талап ету үшін көтерілдім және жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіруге талпындым», - деді.

Арбағин - бұл бірлік пен жанашырлықты көрсететін әдемі көрініс. Бұл көріністе тек мұсылмандар ғана емес. Әртүрлі дінге қатысты кез келген жақтасы адами қадір-қасиет пен ар-намысты қалпына келтірудің белгілі бір дінге еш қатысы жоқ екенін біледі. Арбағинде имам Хұсейннің (ғ.с.) жақтастары бірігеді және халықтың шеруге жаппай қатысуы ұлы және жаһандық өркениетті білдіреді.

Сондықтан имам Хұсейннің (ғ.с.)  жолы мен қозғалысына иман келтірген мұсылмандар Арбағин шеруіне қатысып, жаяу жүруімен әлеммен диалогқа жол ашады. Шын мәнінде, Арбағиннің жаяу шеруі дінаралық диалог алаңына айналды, оның орталығы имам Хұсейннің (ғ.с.) жолдауы, яғни әділет, бейбітшілік пен тыныштық болып табылады.

«Зиярат Ашура» дұғасының бр бөлімінде: «Уа, Раббым, менің өмірімді Мұхаммад (с.ғ.с.) пен оның отбасының өмірі сияқты және өлімімді Мұхаммад (с.ғ.с.) пен оның отбасының өліміндей ет гөр»,- деген тілек айтылды. Бұл үзіндіде біз Алладан   өмірімізді Алла Елшісінің (с.ғ.с.) және оның отбасының өміріндей етуді сұраймыз. Дұғаның бұл бөлігі біз үшін өмірдің бағыты мен жолын белгілеп, шынайы бақыттың құбыласын көрсетеді. сондай-ақ қандай болу керек, кімге еру керек және атақ, лауазым, басшылық, билік, байлық, құмарлық сияқты ойдан шығарылған және қиялдағы құбылалардан қалай алыстауды айтады.

Имам Хұсейннің (ғ.с.) жолы барлық жеке, әлеуметтік, мәдени, саяси, әскери және экономикалық істерді қадағалайды, адам мен қоғамды тәрбиелеуде ешбір мәселені назардан тыс қалдырмайды және адамның материалдық және рухани дамуында рөл атқарады.

 

 

 

 

 

Тегтер