Қыр 25, 2022 07:43 Asia/Almaty
  • Алла елшісінің (с.ғ.с.) тұңғыш немересі шәһид болған күн

Алла елшісінің тұңғыш немересі Хасан бен Әли (ғ.с.) өзінің батылдығымен, табандылығымен және әдептілігімен әкесінен кейін Ислам үмбетінің имамы болды. Ирак, Хижаз және Иран халқы оған бият етті. Әли (ғ.с.) мен оның балаларымен әлі күнге дейін ымыраға келмеген және соғыс дабылын соққан тек Умайя ұлдары болды.

 

«Сұрамастан бұрын қажет нәрсені сый ету - ең үлкен қадір-қасиеттердің бірі. Сондықтан сенен сұрамастан бұрын сыйға тарт»  - бұл Әһле Бәйттің, Хасан бен Әлидің (ғ.с.) ақыл-кеңесі.

Ислам пайғамбары (с.ғ.с.) Мәдинаға хиджрат еткеннен кейін үш жылдан кейін Әлидің (ғ.с.) үйінде тұңғыш немересі дүниеге келді. Сәби атасы Мұхаммед бен Абдуллаға (с.ғ.с.) қатты ұқсады.  Пайғамбардың (с.ғ.с.) өзі баланың құлағына азан шақырды. Алла оған Харонның ұлының есімін беруді бұйырды. Өйткені оның әкесі Әли ибн Әбу Талиб (ғ.с.), Мұса үшін Харун сияқты, соңғы пайғамбардың (ғ.с.) ағасы, мұрагері әрі қамқоршысы еді.  Баланы  «Хасан» деп атап, оған бар нәрсені сый етті. Хасан бен Әли (ғ.с.) өмірінің жеті жылын атасы ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с.) жанында өткізді. Пайғамбардың (с.ғ.с.) оны жақсы көргені соншалық, сәждеде немересі арқасына отырса, ол өз еркімен түскенше басын сәждеден алмайтын.

Атасы өмірден өткен соң көп ұзамай-ақ соған дейін достық танытқандардың араздығы аңғарыла бастап, балалық шағына қарамастан имам Хасан (ғ.с.) ата-анасына жасалған қиянаттың куәсі болды. Мәдина көшелерінде жауларының қамшысы мен шапалағынан анасын қорғамақ болған кезде, ол әлі сегіз жасқа толмаған еді. Дәл осы Мәдинаның көшелерінде ол мейірімді анасынан айырылып, қайғыға батты.  Бауырлары сияқты ол да анасын жоғалтудың ауыр қайғысын әкенің ыстық құшағында бастан кешірді. Әкесі хазірет Әлимен (ғ.с.) бірге олар аналары жанын қиған жолды жалғастырды. Олардың жалғыз мақсаты – Исламды сақтап қалу және мұсылман қауымын қастандықтар мен айла-амалдардан құтқару болды.

Хасан бен Әли (ғ.с.) 30 жыл бойы екіжүзділікпен, қулықпен күресті. Осы уақыт ішінде ол шындықты айтудан алаңдамады да, қорықпады да. Имамның (ғ.с.) майдан даласында қорықпай қылыш ұстағанындай, еш нәрседен қорықпай шындықты айтатынын бәрі де білетін. Оның және оның інісі Хұсейннің (ғ.с.)  Джамал мен Сафеин шайқасында көрсеткен ерлігі баршаға белгілі болды. Олардың ақиқат жолында күресуге дайындығы соншалық, Сафеин шайқасында имам Әли (ғ.с.) сахабаларынан Пайғамбардың (с.ғ.с.) ұрпағы осы екі тұлғаның өлімімен жойылып кетпеуі үшін оларды жаумен соғысты жалғастырудан тоқтатуды сұрады.

Хасан бен Әли (ғ.с.) өзінің бар батылдығымен, табандылығымен және әдептілігімен әкесінен кейін Ислам үмбетінің имамы болғаннан кейін Ирак, Хижаз және Иран халқы оған бият етті. Тек Умайя ұлдары  Әли (ғ.с.) мен оның балаларымен әлі күнге дейін ымыраға келмей, соғыс дабылын соқты. Үшінші халифа Осман тарапынан Сирияны басқару үшін тағайындаған Муавие бен Әбу Суфиян Османнан кейін Әли бен Әбуталибке де, Хасан бен Әлиге де биятт етпеген. Имам Хасан (ғ.с.) бұдан бұрын  әкесімен бірге Муавиемен соғысып, оның айла-амалын жақыннан көрген еді. Имам (ғ.с.) көптеген келіссөздерден кейін Муавиемен соғысу ғана қалды деген қорытындыға келді. Сондықтан имам (ғ.с.) куфилктердің шағын әскерін жиһад жолына жіберіп, өзі мұсылмандарды жиһадқа шақыру үшін Мадаинге аттанды. Муавие тағы да өзінің қулығы мен айла-амалын пайдаланып, бір миллион дирхам ұсынысымен куфилік әлсіз жасақтарын имамға қиянат жасауға итермеледі. Куфилердің үштен екісіне жуығы Муавие жағына шығып, имамға қиянат жасады.

Осыдан кейін Муавие имамның әскерімен соғысады, бірақ қайтадан жеңіледі. Ол Мадаинге тыңшылар жіберіп, имам әскерлерінің сатқындығы туралы хабарды таратты, бірақ өзінің жеңіліске ұшырағанын құпия ұстады. Оның барлаушылары Куфеде өсек-аяң таратқаны сонша, барлығы имам Хасан (ғ.с.) Муавиемен бітімге келіп, барлық нәрсе аяқталды деп ойлады. Осы кезде Муавиенің билігінен қатты қорыққан кейбір Куфе ақсүйектері оған хат жазып,  оған бият етіп, егер Муавие Куфеге келсе, имам Хасанды (ғ.с.) оған тапсырамыз деп уәде берді. Басқа жағынан имамға «Мадаин сабағында» сахабаларының құрамындағы хаваридждер тарапынан шабуыл жасалып, ол жарақат алды.

Міне, осындай жағдайда имам Хасан (ғ.с.) достарының надандығы мен дұшпандарының қулығының салдарынан әкесі сияқты Муавиямен соғысуда басқа жолды таңдауға мәжбүр болды. Ол ешқашан риза болмаған бейбітшілікке бағынды. Әрине, Имам Хасанның (ғ.с.)  Муавиемен татулығының шарты бар еді, Муавие кейін олардың барлығын бұзды. Бітімгершілік келісімінен кейін Муавие Куфеге кірген кезде имам Хасан (ғ.с.) мінберге шығып, бейбітшілік келісімінің мақсаты мен Әли (ғ.с.) отбасының артықшылықтары туралы баяндады. Содан кейін жақтастары мен қарсыластарының алдында Муавиеның осал тұстарын көрсетіп, оны және оның соғыс пен үкіметтегі қорқақ әрі исламға қайшы жолын қатаң әрі ашық сынады.

Имам Хасан (ғ.с.) Муавиемен  бейбітшілік келісімнен кейін Куфеден Мәдинаға барып, ешқашан ақиқатты айтуда және Исламның қасиеттілігін қорғауда әлсіздік танытпады. Имам (ғ.с.) Муавиенің исламға қарсы әрекеттерін ашық түрде сынап, Муавия мен Омеяд әулетінің  қастықтарын ойланбастан әшкереледі. Имамның (ғ.с.) халықты хабардар етуі Муавиенің  хазіретті (ғ.с.) өлтіру туралы ойына себеп болды. Бірақ Муавие  баршаның оны Хасан бен Әлидің (ғ.с.) өлтірушісі деп санайтынынан қорықты. Сондықтан ол тағы  қулыққа барды. Джуде әкесі имам Әлиді (ғ.с.) өлтіруге қатысқан имам Хасанның (ғ.с.) әйелдерінің бірі болды.

Муавие ақша мен байлық пен ұлы Язидке әйел қылып беруді уәде етіп, Джудені алдап, имамды (ғ.с.) өлтіруге итермеледі. Джуде Муавие берген уды ыдыстағы сүтке құйып, имам Хасан (ғ.с.) бір күндік оразадан кейін ауыз ашайын деп жатқанда, сол ыдыстағы сүтті оған берді. Удың күшті болғаны сонша,  күн сайын имамның алдынан бір тостаған қанды алып тастайтын және ақырында осы удың салдарынан имам Хасан бен Әли (ғ.с.) хижраның 50 жылы сафар айында шәһид болды. Имамның шәһид болғаны туралы хабарды естіген Муавие бин Әбу Суфиян қуанышын жасыра алмай қатты қуанып, тәкбір айтқаны сонша, оның даусын бәрі естіді.

Имам Хасанның (ғ.с.) көрген зорлық-зомбылығы туралы не айтсақ та, әлі де жеткіліксіз. Ол  бауыры имам Хұсейнге (ғ.с.) оны Пайғамбардың (с.ғ.с.) жерленген жерінің жанына жерлеуді, бірақ егер біреу бұл әрекетке кедергі жасаса, қан төгілмеуі үшін ешқашан күш көрсетпеуді өсиет етті.  Имам Хасанның (ғ.с.) мәйітін Алла елшісінің үйі мен қабіріне қарай апарып жатқанда Муавияның атынан Мәдинаның әкімі болған Марван кейбір омеядтармен бірге  имам Хасанды (ғ.с.) ата-бабасының  қасына жерлемеу үшін қолына қару алып, жолды жауып тастады. Омеядтар имам Хасан Моджтабаның (ғ.с.) мәйітіне жебе атқылады, сондықтан жерлеу алдында имамның (ғ.с.) жансыз денесінен 70-ке жуық жебе суырып алынды. Бану Хашим мен Бану Умайяд арасында қақтығыс болайын деп тұрған еді, бірақ имам Хұсейн (ғ.с.) ағасының өсиетіне сай қақтығыстың алдын алды. Хасан бен Әлидің (ғ.с.) денесі Бақиға жеткізіліп, хазірет Әлидің (ғ.с.)  сүйікті анасы Фатима бент Асадтың қабірінің жанына жерленді.

 

 

Тегтер