Қаз 05, 2022 09:59 Asia/Almaty
  • Уәде етілген Мәһди  -  адамзаттың құтқарушысы

Әркім Пайғамбардың (с.ғ.с.) ең лайықты перзенттерінің көтеріліп, таухид пен бауырмалдықты жаңғыртып, адамзаттың жайлылық нығметінен пайда тауып, іріткі салуды жоюын асыға күтеді. Бұл Алланың уәдесі және оны бұзуға болмайды. Әлем сол нұрлы, уәде етілген дәуірге қарай жылжып келеді, уақыт ағымы адамзатты осындай дәуірге жақындатады.

 

 

Рабиул-ауал айының тоғызы - әділет, шынайылық, махаббат, иман сияқты өмірдің әсем гүлдері жайқалған келе жатқан көктемнің хабаршысы.

Әлем мұсылмандарын жер мен көктің нығметінің бастауы болған әлемді құтқарушының имаматының басталуы  күнімен құттықтаймыз!

 

Хиджри-қамари күнтізбесінің рабиул-ауал айының 9 адамзат әлемінің нұрлы күнінің және дінді жаңғыртушы, зұлымдықты жоюшы және бүкіл әлемде әділеттілікті орнатушы, таухид пен әділеттің жаршысы, ұлы Пайғамбар (с.ғ.с.) мен пәк имамдардың (ғ.с.) шынайы мұрагері хазірет Ходжжат бен әл-Хасан әл-Аскари – уәде етілген Мәһди (ғ.с.) имаматының басталуы. Уәде етілген Мәһдидің (ғ.с.) нағыз күтушілері тарих бойында таухид сенімімен бірге әділеттілікті, үмітті, қарсыласуды және ақиқатты іздеуді қажет етушілер. 

Дәл осы себепті  Ғадир Хом  мерекесін тойлап,  имамдық дәрежесін және пәк имамның (ғ.с.) басшылығын құрметтеу керек.

Рабиул-ауал айының 9-ы имам Мәһдидің (ғ.с.) имаматының бірінші күні ғана емес, шиіттер тарихындағы   маңызды кезеңнің басы болып табылады. Ислам тарихындағы деректерге қарағанда, хиджри-қамари күнтізбесінің 260 жылы рабиул-ауал айының 8 жұма күні имам Хасан Аскари (ғ.с.) таң намазын оқып болған соң,   осыдан бұрын Мотамед ішуге мәжбүрлеген удың салдарынан шәһид болды. Имам Хасан Аскаридің (ғ.с.)  ағасы имамның жаназа намазын оқуды және осылайша өзін келесі имам әрі оның мұрагері деп жариялауды мақсат етті. Бірақ имам Хасан Аскаридің (ғ.с.)  ұлы шейх Садуқтың айтуынша, хазірет Мәһди (ғ.с.) әкесінің жаназа намаз оқып, осылайша өзін келесі имам ретінде таныстырды. Аббасилер үкіметі имам Хасан Аскари (ғ.с.) балалы болмау үшін оны ұзақ уақыт бойы бақылап отырды, бірақ имам Хасан Аскари баласының дүниеге келгені туралы хабарды құпия ұстау арқылы бұл жобасын жоққа шығарды. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) шәһид болғаннан кейін сол кезде бес жаста болған Мәһди (ғ.с.) есімді бала туралы хабар тарады. Сөйтіп Аббасид халифасының имам Мәһдиді (ғ.с.) табу үшін жасаған талпыныстары сәтсіз аяқталды.

Имам Мәһди имам Хасан Аскаридің (ғ.с.)  жаназа намаз оқып, шиіттерге имаматын жария еткеннен кейін Алланың қалауымен ғайып болды. Негізінде ғайыптың басталуы хазірет Мәһдидің (ғ.с.) имаматының басталуымен тұспа-тұс келді және ол ғайып  болуға мәжбүр болды. Өйткені үкіметтің көптеген нқкерлері оны шәһид етіп, имамат тізбегін кеспек болған. Осы себепті Алла Тағала нұры бұлттардың артында да қолданылатын күн сияқты, шиіттердің  имамның   нұрын ғайып жағдайда пайдалануын дұрыс деп білді.

Имам Мәһдидің (ғ.с.) қысқа мерзімді ғайыбы кезінде хазірет пен шиіттердің байланыстыратын төрт арнайы өкілі және олардың барлығы да атақты әрі танымал болды. Олар имам Заманның (ғ.с.) дін үкімдерін шиіттерге жеткізетін. Олардың сұрақтары (жазбаша және ауызша)  имамға жеткізіліп,   шиіттерге жауап берілді. Имам Мәһдидің (ғ.с.) қысқа мерзімді ғайыбы 69 жылға созылды. Бұл кезеңде шиіттер имаммен (ғ.с.) орынбасарлары арқылы байланыста болды.   69 жылдан кейін  ұзақ уақыт ғайып кезең  басталды және осы уақытқа дейін жалғасуда. Бұл кезеңде имаммен (ғ.с.) байланыс мүмкін емес.  

Имам Мәһдидің (ғ.с.)  имаматы мен имам Хасан Аскаридің (ғ.с.)   мұрагері болған кездегі оның бала туралы маңызды бір жайтты білген жөн. Исламдағы мирасқорлық пен имамат мәселесі тек жеке адамдардың лайықтылығына негізделген және жастың ешқандай әсері жоқ.  Исламның ұлық пайғамбары (с.ғ.с.) хижраның үшінші жылында туыстарын Исламға шақырғаннан кейін жасөспірім болған Әлиді (ғ.с.) өзіне мұрагер етіп тағайындап, халқына оған мойынсұнуды бұйырды. Сондай-ақ, Алла елшісі (с.ғ.с.) имам Хасан мен имам Хұсейнді (ғ.с.) балалық шағында Нәжран христиандарымен болған Мубаһела оқиғасында өзімен бірге алып кетті. Осы оқиғалар және басқа да көптеген тарихи дәлелдер хазірет Мәһдидің (ғ.с.) жас кезіндегі имаматын растайтын себептер болып табылады.

Тағы бір маңызды мәселе – хазірет Мәһдидің (ғ.с.) жоқтығындағы хикмет пен себепті түсіндіру. Негізінде,  имам (ғ.с.) болмаған уақытта шиіттер   илаһи сынаққа ұшырайды. Имамның (ғ.с.) билігі мен басшылығына мойынсұнғандар шынайы шиіттер. Оларды тек имамға ілесіп, оған бағынамыз деген шиіттерден ажырату керек. Имам Садықтан (ғ.с.) жеткен рауаяттардың бірінде: «Адамдар еріксіз сынақтан өтіп, рухани електен өтуі керек және мұндай жағдайда електен ластың көп бөлігі жойылады»,- деп айтылды.

 

Хазірет Мәһдидің (ғ.с.)  ақырзаманда шығуы – Исламның әртүрлі діндері мен мәзһабтары шоғырланған мәселелердің бірі. Барша жаһандық рухани көтеріліс пен Аллаға иман мен Ислам ережелеріне негізделген әлеуметтік әділеттілік пен әлемдік жүйені орнататын, әлемді залымдардан құтқарып, барлық жерде Ислам туын желбірететін құтқарушыны күтуде. Алла Елшісінің (с.ғ.с.) рауаяттының бірінде: «Оның (имам Мәһдидің (ғ.с.)) үкіметінде адамдар бұрын-соңды болмаған молшылық пен жайлылықта өмір сүреді»,- деді.

Иә,  барша Пайғамбардың (с.ғ.с.) ең лайықты перзенттерінің көтеріліп, таухид пен бауырмалдықты жаңғыртып, адамзаттың жайлылық нығметінен пайда тауып, іріткі салуды жоюын асыға күтеді. Бұл Құдайдың уәдесі және оны бұзуға болмайды. Әлем сол нұрлы, уәде етілген дәуірге қарай жылжып келеді,   уақыт ағымы адамзатты осындай дәуірге жақындатады. Хазірет Мәһдидің (ғ.с.)  келуіне сену және Исламның жаһандануы Құран Кәрімнің бірнеше аяттарына және жиі кездесетін рауаяттарға негізделген. Құранға және Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) жолдауларына сенген әрбір мұсылман құтқарушының келуіне шынайы сенуі керек.

 

 

Тегтер