ДАИШ лаңкестік әрекеті Иран халқы дұшпандарына қызмет етуде
Сәрсенбі, 27 қазан күні Иранның оңтүстігіндегі Шираз қаласындағы хазірет Ахмед бен Мұса (ғ.с.) қасиетті кесенесінде қанды оқиға орын алып, халық қайғыға батты.
ДАИШ лаңкестерінің бірі Исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с.) осы ұрпағының қасиетті кесенесіндегі зияратшыларын аяусыз атып, олардың 13-ін өлтіріп, 30 шақтысын жаралады. Қасиетті орынға кіргеннен кейін бұл қылмыскер террорист барлық бейкүнә адамдарды, ерлер мен әйелдер мен балаларды нысанаға алып, шәһид етті. Лаңкес қауіпсіздік күштерінің қолынан жараланып, бірнеше күннен кейін өлді.
Бұл азапты қайғылы оқиға, әсіресе оның жан түршіктірер бейнесі таратылғаннан кейін Иран мұсылман халқының терең қайғысына себеп болып, олардың ашу-ызасын тудырды. Осы құрбандардың арасынан екі шәһид пен жараланған үш баланың аты-жөні көрінсе, Артин Серайдаранның жағдайы ең қиын. Осы оқиғада әкесінен, анасынан және ағасынан айырылған бұл 5 жасар бала ДАИШ лаңкестік әрекетінің құрбандарының символына айналды.
Имам Мұса Каземнің (ғ.с.) тақуа, салихалы, ержүрек ұлы хазірет Ахмад бен Мұса – қасиетті Пайғамбардың (с.ғ.с.) пәк ұрпағы, оның қасиетті кесенесі Ирандағы ең маңызды қасиетті орындардың бірі болып саналады. Жыл сайын жүздеген Әһле Бәйттың (ғ.с.) мыңдаған ғашықтары оның қасиетті жеріне зиярат етіп, осы қасиетті мекеннің нұры мен руханиятынан игілігін көріп, Ахмад бен Мұсаның мәртебесінің жоғары болуына байланысты Алладан олардың мұқтаждықтары мен дұға-тілектерін қабыл етіп, жауап беруін сұрайды.
Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) жоғары дәрежелі перзенттерінің зираттары мен кесенелері – мұсылмандар олардың рухани кеңістігін пайдаланып, өздерінің рухтарын көтеріп, осы әулиелердің қадір-қасиетінен пайдалана алатын қасиетті орындар. Бірақ ваххабизмнің бұрмаланған нанымдарын ұстанатын ДАИШ тобы бұл тақуалық әрекетті қабылдамай, басқа мұсылмандарды да өз пікірін қабылдауға міндеттейді, олай болмаса өлімді күтуді жариялайды.
Осы уақытқа дейін бұл топ мүшелері Исламның сүйікті Пайғамбарының бірқатар ардақты ұрпақтары мен халықтың ықыласына бөленген діндар ақсақалдардың қасиетті орындарын бүлдіріп немесе толығымен қиратып келді. ДАИШ – Сирия, Ирак, Ауғанстан, Ливия және басқа да аймақтар сияқты бірнеше елдерде әрекет ететін ваххабилік нанымдарды ұстанатын ең ірі экстремистік және зорлықшыл топ. Әрине, бірқатар ислам елдерінде зияткерлік негізін арам пиғылды және бұрмаланған ваххабилік ойлар қалыптастырған басқа да лаңкестік және соғыс тудырушы топтар бар. Әл-Қаида, Нигериядағы Боко Харам және Пәкістандағы Сипах Сахаба осы зорлық-зомбылық сенімдер негізінде құрылған лаңкестік топтардың қатарында. Негізінде ваххабизм оның орталығында, яғни Сауд Арабиясында құлдырады. Мұхаммед бен Абдул Уаххаб басқаратын ваххабилік секта өз қызметін 18 ғасырдың ортасында бастады. Олар Сауд әулетінің қолдауымен Арабстан түбегі мен Иракта қарсыластарын өлтірді, Кербаладағы Имам Хусейннің (ғ.с.) және Мәдинадағы Бақи зиратында жерленген имамдар сияқты ұлық Пайғамбардың көптеген ұрпақтарының зираттарын, сонымен қатар Мекке мен Мәдинадағы ислам көне жәдігерлерін де қиратты. 1932 жылы Сауд Арабиясы Корольдігінің құрылуымен уахабшылар мұнай долларларының қолдауымен ислам елдерінде өздерінің жалған сенімдерін кеңінен насихаттап, көптеген діни мектептер салды. Бұл әрекеттердің нәтижесі – көптеген үгіт-насихат және лаңкестік әрекеттердің арқасында ваххабилік ой-пікірлері мен зорлық-зомбылыққа толы адамдарды тәрбиелеу.
ДАИШ сырт көзге теріс және экстремистік нанымдары бар діни топ болғанымен, көп жағдайда оның АҚШ және сионистік режиммен ұстанымдары мен мақсаттары ортақ. Американың осы тәкфиршіл топпен күресу туралы көптеген үгіт-насихаттарына қарамастан, көптеген дәлелдер Вашингтонның ДАИШ-ті өз мақсаттарына жету үшін құрал ретінде пайдаланып жатқанын көрсетеді. АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп елдің өзіне дейінгі президентін Барак Обама мен Мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтонды ДАИШ-тің негізін қалаушылардың бірі деп ашық айтты. Сондай-ақ Американың ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден бұл туралы: «АҚШ, Англия және сионистік режимнің барлау мекемелері ДАИШ-тың құрылуына қатысты. ДАИШ «Ара ұясы» деп аталатын операцияда құрылды»,- деді. ДАИШ Сирия мен Иракта әскери күштерден бөлек он мыңдаған жазықсыз адамды өлтірді. Бірақ қазір бұл содырлар тобы ең белсенді болып отырған ел – Ауғанстан. Ауғанстаннан АҚШ күштері шығарылғаннан кейін ДАИШ-тің әскери қозғалыстары күшейді. Кейбір сенімді мәліметтерге қарағанда, АҚШ осы топты күшейту үшін Сирия мен Ирактан көптеген мүшелерін Ауғанстанға көшіруге жағдай жасады. ДАИШ-тің аяусыз жауынгерлері Талибан билікке келгеннен бері, бұл топпен соғысуымен бірге ондаған лаңкестік операцияларда жүздеген ауғандықтарды шәһид етті. Олардың соңғы қылмыстық әрекеттерінің бірі Кабулдағы білім беру орталығына шабуыл болып, 53 студент, көбісі қыздар қаза тауып, жүзден астамы жараланғанын көрді.
Күмәнсіз, Америка мен ДАИШ-тың күшті әрі ұзақ уақыт бойы дұшпандығы бар елдердің бірі – Иран. Күмәнсіз, Америка мен ДАИШ-тың күшті әрі ұзақ уақыт бойы дұшпандығы бар елдердің бірі – Иран. 1979 жылғы Ислам революциясынан кейін АҚШ-тың Ираннан қолы қысқарып қана қоймай, Ислам республикасының осы үстемшіл үкіметке қарсы тұруы басқа елдерге үлгі болды.Біріншіден, ваххабизмнің теріс әрі негізсіз идеяларына сай шиіттер мен Пайғамбар әулетінің ізбасарлары Пайғамбар мен оның әулеті және басқа да имамдар ұрпақтарының зиярат етуін адасудың нәтижесі деп біледі. Ырымшылдар тобы да осы надандық сенімдерге сүйеніп, бұл үлкендердің Аллаға жалбарынып, шапағат етуін шиіттердің көпқұдайшыл екендігіне және соның салдарынан оларды өлтіруге болатындығына дәлел деп санайды. ДАИШ-тің Иранмен дұшпандық танытуының екінші себебі – Исламның ұлы генералы, шәһид Қасем Сүлейманидің қолбасшылығында ирандық және ирандық емес жауынгерлердің Сирия мен Иракта осы содыр топқа қарсы шайқасы. Бұл шайқас олардың 2017 жылдың қарашасында осы екі елдегі өзін-өзі жариялаған билігінің аяқталуына әкелді. Екі жылдан кейін американдықтар Иракта лаңкестікке қарсы күрестің осы батыл қолбасшысын аяусыз өлтірді. Ирандағы Ахмад бен Мұсаның қасиетті кесенесінде жазықсыз адамдардың өлтірілуінің әскери құндылығы болмаса да, ДАИШ пен АҚШ-ты қуантты. Сондай-ақ, ДАИШ-тің бұл қылмысын АҚШ-тың Иранның халқына қысым көрсету үшін салған экономикалық санкцияларына сәйкес көруге болады. Бірақ өткен тәжірибелер көрсеткендей, Иран халқының қауіпсіздігі мен өміріне қарсы әрекет жасаған кез келген лаңкестік топ ерте ме, кеш пе, Иранның ержүрек және сергек күштерінен соққы алған.