Қар 05, 2022 09:01 Asia/Almaty
  • Фатима Масуме (ғ.с.) - білім мен иман ханымы

Тарих бойында көптеген әйелдер білім мен Алла Тағалаға иманының жоғары деңгейіне жеткен.

 

Тарих бойында көптеген әйелдер білім мен Алла Тағалаға иманының жоғары деңгейіне жеткен және олар ізгілік пен кемелдік жолында шынайы қадамдар жасады. Алла Тағала олардың кейбір мысалдарын болашақ адамдарға үлгі болсын деп Құранда келтірген. Қасиетті Құран хазірет Мәриям мен Әсия сияқты адами  қадір-қасиет пен абыройға қол жеткізген асыл әйелдерді әйелдер мен ерлерге үлгі етіп таныстырды. Олар туралы аяттар түскен. Ислам ғалымдары мен тарихшылары бұл әйелдердің тарих бойындағы өмірлерінің ақиқат іздеушілерге әсері айқын болды деп есептейді. Ислам қоғамындағы беделді әйелдердің арасында имам Каземнің (ғ.с.) қыздарының арасында ерекше орынға ие болған хазірет Масуме (ғ.с.) еді. Хазірет Масуменің ғылым мен сенім саласында белсенді болуы Ислам тарихы мен мәдениетіндегі әйелдердің жоғары орны мен құндылығын көрсетеді.

 

Фатима Масуме (ғ.с.) білімді, дана ханым, сөзге шешен, шебер ұстаз болған. Ол мүшелері дәуірінің данышпан, тақуа адамдары болған шаңырақта білімнің жауһарына бөленді. Хазірет Масуменің көптеген ізгі қасиеттер айтылады, бұл иманды ханымның Алланың алдында рухы биік, абыройы биік екенін көрсетеді. Тарихшылар хазірет Масуменің (ғ.с.) хадис ғұламасы болғанын және ғылым мен білімде беделді орынға ие болғанын айтады.

Хазірет Масуме (ғ.с.) - шиіт әлеміндегі ең ардақты және жоғары дәрежелі әлі ғылыми дәрежесі жоғары әйелдердің бірі. Рауаяттардың бірінде Пайғамбар (с.ғ.с.) жақтастары керуенінің Мәдине қаласына кіргеннен кейін сұрақтарына жауап алу үшін  имам Каземнің (ғ.с.) үйіне қарай бет алғаны туралы айтылған. Шаршап-шалдыққан жолаушылар имамның үйіне жеткен кезде хазіреттің жол жүріп кеткенін ұғыпты.  Не имамды көре алмағанға, не сұрақтарына жауап ала алмағанға мұңайған адамдар жол ауырлығынан одан сайын күйзеліпті. Сөйтіп, керуенді үнсіздік жайлапты. Олар қайтуға бет алған кезде имам Каземнің үйінен үстіне хиджаб киген ибалы қыз шығып, керуендегі адамдарға: "Сұрақтарыңызды маған қойыңыздар",-дейді.  Шыққан қыз хазірет Фатима Масуме (с.) еді.  Ол сұрақтарды жазбаша алып, әрқайсына бөлек-бөлек жауап жазып, керуендегілерге қайтарыпты. Керуендегілер жас қыздың фикхтың осындай сұрақтарына жауап бере алғанына қайран қалыпты.  Керуендегілер жолда сапардан оралып келе жатқан имам Мұса Каземді (ғ.с.) көріпті. Қуана-қуана имамның алдынан шығып, оған болған жайтты баяндап, қызының қолжазбасын әкесіне көрсетіпті. Имам Казем (ғ.с.) қолжазбаны ашқан кезде шаттықтан жүзі  жайнап кетіпті. Ол керуендегілерге қарап, жымиып: "Жолыңда құрбаның болайын!"- дейді.

Хазірет Масуменің (ғ.с.) өмірінің маңызды бөлігі – оның Мәдинадан хижрат етуі және Марв жеріне сапары. Бұл сапар Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінің тарихы үшін маңызды оқиғалармен қатар жүрді. Аббасид халифасы Мамунның күшімен имам Реза (ғ.с.) Мәдинаны тастап, Марв жерінде қалуға мәжбүр болғанда, хазірет Масуме (ғ.с.) да бауырына деген үлкен сүйіспеншілігіне байланысты оған баруды ұйғарды. Аббасид халифасы Мамунның күшімен имам Резаны (ғ.с.) Мәдинаны тастап, Марв жерінде қалуға мәжбүрлегенде хазірет Масуме (ғ.с.) да бауырына деген үлкен сүйіспеншілігіне байланысты оған баруды ұйғарды. Мәдинадағы кеңістік Пайғамбар әулетінің өміріне де қауіп төндірді. Сондықтан имам Реза (ғ.с.) хазірет Масумеге (ғ.с.) Марвке хижрат ету үшін хат жазды.   Хазірет Масуме отбасының жиырмадан астам мүшесімен Мәдинадан шықты.

Бұл аяулы ханымның керуенін әр қалада, жеткен жерде халық қарсы алды. Хазірет Масуме (ғ.с.) сапар барысында мүмкіндіктерді пайдаланып, адамдарды үздіксіз хабардар етіп, Пайғамбар әулетінің мәртебесі мен қадір-қасиетін халыққа еске салды. Осы себепті оның керуені Саве қаласына жеткенде Пайғамбар әулетінің кейбір қарсыластары оның жолын бөгеп, кеуеннің жолын жалғастыруға   кедергі жасады. Олар хазірет Масуменің   кейбір сахабаларын шәһид етті. Осы оқиғаның салдарынан бұл аяулы ханым ауырып, сапарын жалғастыра алмады. Хазірет Масуме: «Мен әкемнен Құм біздің шәкірттеріміздің орталығы дегенін естідім»,- деген.

Құм ақсақалдары хазірет Масуменің (ғ.с.) сол қалаға келгені туралы хабарды естіп, оны жылы қарсы алды. Олар Ислам пайғамбары мен илаһи жетекшілердің ізгі амалдар мен нығметтерге жол көрсетуші екенін білді. Мұсылмандар Алла Елшісінен (с.ғ.с.) отбасына деген сүйіспеншіліктің абырой мен құрметтің қайнар көзі екенін естіген. Құрметті ханым, ол Құмда он жеті күн ғана өмір сүріп,  ауруының салдарына байланысты  дүниеден озды. Бірақ хазірет Масуменің бірнеше күн болсада Құм қаласында болуы көптеген игіліктермен бірге болды. Бірнеше ғасырлар өтсе де, бұл қала игілігін көруде.

Құм қаоасындағы хазірет Масуменің қасиетті кесенесінде

Сол күндерден бастап, Құм қаласы хазірет Масуменің (ғ.с.) болуына байланысты ерекше артықшылықтарға ие болды. Ұлы ханымның мекені үйдегі аяулы әйелдер мен ерлердің, білім мен руханият іздеушілерінің келіп-кететін жеріне айналды. Осылайша Әһли Байт ғылымдарының ең үлкен саласын құруға негіз болды. Қазіргі әлемде шынайы ислам ілімдерін жариялаудың орталығы болып саналатын діни оқу орталықтары ғылыми және діни мақсаттарды алға жылжытумен қатар, қысымға қарсыласу, тұрақтылық және көтеріліс символы ретінде танымал.

 

Хазірет Масуме (ғ.с.) зияратшылары нұр ​​мен тазалық сарайынан және оның мектебінен Алла жолында ізгілік, пәктік және күш-жігерді үйренеді. Хазірет Масуменің (ғ.с.) киелі зияратының ғимараты ерекше сән-салтанатқа ие және оның ғимараты ирандық мұсылман суретшілерінің көркемдік талғамы мен сенімін көрсетеді. Негізінде, хазірет Масуменің зияраты он екі ғасыр бойы Пайғамбар әулетінің ғашықтары илаһи әулиелердің мәртебесі мен қадір-қасиетін сақтады.

Имам Садық (ғ.с.): «Ол қалада (Қум) дүниеден менің ұрпағымнан Мұсаның қызы Фатима есімді әйел көрінді және оның шапағатымен біздің шәкірттеріміз жәннатқа кіреді».                                                                                  

 

Тегтер