Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) шәһид болған күн
(last modified Thu, 08 Dec 2022 12:35:21 GMT )
Жел 08, 2022 18:35 Asia/Almaty
  •  Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) шәһид болған күн

Бүгін джамади әл-аууал айының 13-і жұлдызы - Исламның сүйікті елшісі хазірет Мұхаммад-Мұстафаның (с.ғ.с.) қызы шәһид болған және мұсылмандар мен хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) мектебінің жақтастары үшін аза тұту күні.

 

 

Бүгін джамади әл-аууал айының 13-і жұлдызы - Исламның сүйікті елшісі хазірет Мұхаммад-Мұстафаның (с.ғ.с.) қызы шәһид болған және мұсылмандар мен хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) мектебінің жақтастары үшін аза тұту күні. Фатима-Заһра (ғ.с.) екі дүниедегі ең жақсы әйел және әлемдегі барлық әйелдердің басшысы және өзінен кейінгі әйелдер үшін   ең жақсы үлгі. Хазірет Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күні туралы шиіт ғалымдары арасында екі пікір  бар. Бірінші пікір бойынша, хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) әкесі (с.ғ.с.) дүниеден өткеннен кейін жетпіс бес күннен кейін, яғни джамади әл-аууал айының 13-де, ал келесі пікірге сәйкес Алла елшісі (с.ғ.с.) қайтыс болғаннан  тоқсан бес күн өткен соң, яғни джамади ас-сани айының 3-де шәһид болды. 

 

Фатима-Заһра (ғ.с.) - хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) пен хазірет Хадиджаның қызы және имам Әлидің (ғ.с.)  жары, имам Хасан (ғ.с.) мен имам Хусейннің (ғ.с.) анасы. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) Исламда өте жоғары мәртебеге және көптеген қадір-қасиеттерге ие.  Құранның «Кәусар» мен «Инсан» сүрелері, «Татһир» мен  «Мұвадат» аяттары хазірет Әли (ғ.с.), хазіретің жұбайы және перзенттеріне арналған.   

 Барша танымал рауаяттардың бірі бойынша, Пайғамбар (с.ғ.с.): «Фатима –тәнімнің бір бөлігі, оны ренжіткен адам мені ренжітеді, ал кім оны риза етсе, мені риза етеді»,- деген. Исламның ардақты Пайғамбарының мақсаты Фатиманың (ғ.с.) Алла мен Елшісінің алдындағы орнын таныстырумен қатар, хазірет Фатимаға (ғ.с.) зиян тигізбеуді ескерту болды. Бұл хадистегі (тәнімнің бір бөлігі» деген денесінің бір бөлігін білдірмейді. Фатима Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) рухының, ғылымының, білімінің, әдебінің, иманының және қасиетінің бір бөлшегі болды. Теңдесі жоқ тұлғаның (с.ғ.с.)   нұры.

 

Хадистерде Исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с.) 3 ұлы және 4 қызы болғаны айтылады: Қасым, Абдулла және Ибраһим ұлдары,  сондай-ақ Руғае, Зейнеп, Умму Күлсум және Фатима (ғ.с.) - қыздары. Пайғамбардың (с.ғ.с.) Фатима (ғ.с.) басқа барлық балалары Исламның сүйікті пайғамбарының көзі тірісінде дүниеден өтіп, оның жалғыз қызы  Фатима-Заһра (ғ.с.) қалды, Пайғамбардың (с.ғ.с.) ұрпағы тек хазірет Заһра (ғ.с.) арқылы қана жалғасын тапты.  Хазірет Фатима (ғ.с.)  әкесінің құшағындағы жоғары орынға жетті, Пайғамбар (с.ғ.с.) оны  Хура, сейда әл-Ниса және ақырында  Умм әл-Абиха деп атады». Ардақты Пайғамбар осы лақаб баттармен әлемге хазірет Фатиманың (ғ.с.) ұлы бану болғанын және жер бетінде оған хазірет Әлиден (ғ.с.)    басқа ешкім тең есе екенін жариялағысы келді. Ол Фатима (ғ.с.)-ның қасында тұра алатын ер адам болмағанда.  Алла елшісі сөзінің бірінде: «Егер Әли жаратылмаса, Фатимаға лайықты жұбай болмас еді»,- деп айтқан.

 

Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) туралы, әсіресе, оның ғылыми дәрежесі туралы пәк имамдармен (ғ.с.) көп айтылған. Имам Садық (ғ.с.): «Фатима  сөзінің мағынасын білесіз бе?»- деген сұрақ қойғанда, адам білмейтінін айтып,  мағнасың айтап беруді сұрайды.  Имам Садық (ғ.с.): «Фатима  – болмысында жамандыға жоқ адамды білдіреді. Алла Тағала оны білімді жаратып, адамзат біліміне мұқтаж емес, ешқашан басқалардан үйренудің қажеті етпейтін қылды.   Өйткені оның әкесі Исламның алғашқы ұстазы және Алланың соңғы елшісі, алла оны кемел діні және қасиетті кітабымен адамдарға қарай жіберді»,- деп айтты.   

Хазірет Фатима (ғ.с.) – білімді молынан менгергеннен надандықтан алыстаған адам.  Оның білімінің көптігі сонша, надандыққа ешқашан бет бқрмайды және жаратылғаннан бері илаһи білімге ие болды. Ол  Пайғамбардың (с.ғ.с.) қызы болған және оның балалары Хасан (ғ.с.) мен Хусейн (ғ.с.) сияқты пәк имамдар, олардың әрқайсысы илаһи білімнің бұлағы болған және сол ханымнан  білім мен тәрбие алған.

Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) Алланың оған берген білімі арқылы мәселелерден хабардар болды және оның өмірінде періштелер онымен сөйлесіп, ол алдағы мәселелерден хабардар болды. Имам Садық (ғ.с.) бұл жайында былай деді: «Алла елшісінің қызы Фатима  «Мұхадесе» болды, яғни оның қасына періштелердің түсіп, онымен сырласып, сөйлескенін білдіреді.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи хазірет Заһраның (ғ.с.) рухани өлшемі мен оның заманауилігі туралы былай дейді: «Фатима-заһра (ғ.с.) миһрабта тұрған кезде мыңдаған илаһи періштелер оған сәлем беріп, осыдан бұрын  хазірет Мәриямға атқан сөздерін айтқан тұлға. Құран Кәрімнің «Әл-Имран» сүресінің 42-ші аятында хазірет Мәриямға  періштелер: «Әй, Мәриям! Шәксіз, Алла сені таңдады, тазартты және әлемдегі әйелдерден ардақты қылды» деп айтқан сөзін хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ға да айтып: «Уа, Фатима! Алла сені таңдап, пәк сақтап, сені әлемнің әйелдерінің ең жақсысы етті», - деген.  Имам Садық (ғ.с.) өзінің рауаятында: «Түндердің бірңнде періштелер хазіретпен сөйлесіп, оған осы сөздерді айтқан кезде хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) періштелерге: «Мәриям Алла тарапынан  әлем әйелдерінің ең жақсысы болып таңдалған әйелдің өзі емес пе?» деп сұрағанда періштелер: «Мәриям  өз кезеңінің әйелдерінің ең жақсысы болып таңдалды, ал сіз жаратылған әлемнің басынан соңына дейінгі барлық кезеңдердің ең артық бануы болып сайландыңыз»,- деп жауап берген. Діни жетекші бұл туралы: «Бұл қандай жоғары дәреже! Ол жас кезінде рухани дәрежесі жағынан періштелер    онымен сөйлесіп, ақиқаттарды үйретіп, ұсынатын дәрежеге жетеді.  Ол «Мұхадесе»,- деді. 

Хазірет Заһраның (ғ.с.) ерекше білімге ие болғаны соншалық, ол өзінің шәһид болғанынан хабардар болған. Тарихи дереккөздерден алынған әртүрлі хабарларда  ол жұбайы хазірет Әлиді (ғ.с.) өзінің қайтыс болуынан  хабардар еткен: «Уа, Аба әл-Хасан! Мен осы сағатта ұйықтап қалдым.   Алла елшісін (ғ.с.) ақ маржан сарайында көрдім.  Ол мені көргенде: «Қызым! Қасыма келуге асық,  сені сағынып қалдым»,- деді. Сонда мен былай деп жауап бердім: «Аллаға ант етемін, сізді қатты сағынып, сізге көруге асығыспын». Осы кезде [әкем]: «Бүгін түнде менің қасыма келесін», - деді. Ол уәде берсе, ол рас және уәдесін орындайды».

Хазірет  Фатима-Заһра (ғ.с.) күйеуі хазірет Әлимен (ғ.с.) қоштасарда: «Уа, Аба әл-Хасан! Расында, Алла Елшісі (с.ғ.с) менімен келісім жасап, маған оған бірінші болып қосылатынымды хабарлады. Олай болса, Алланың әмірріне сабыр етіп, оның үкіміне разы бол»,- деді. Алла Тағала уахи етпейінше, өлетін сәтін ешкім білмейтіні сөзсіз. Хазірет Заһраның (ғ.с.) жұбайымен қоштасуы Фатима-Заһраның (ғ.с.) күнә мен ластанудан аулақ болып,  дүниелік нәпсілеріне көз жұмып, Аллаға жақындық дәрежесіне жеткенін жақсы көрсетеді. Сондықтан ол Раббысымен кездесу сәттерін санап, дүниеден кететін уақытынан хабардар болды.