Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) қадір-қасиеттері (9)
(last modified Sat, 17 Dec 2022 13:30:23 GMT )
Жел 17, 2022 19:30 Asia/Almaty
  • Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) қадір-қасиеттері (9)

Ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с.) қызы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) жанкүйерлері сансыз. Оның ізгі қасиеттері, ізгілігі, жоғары дәрежесі көп мадақталды. Достар мен дұшпандар оның кемелдігі мен ұлылығын мойындап, ұлылығын мадақтады.

Хазірет Фатима (ғ.с.) Алланың алдында қымбат болғаны сонша, Алла Тағала оған талай рет ерекше қамқорлық көрсетті. Рауаятта бірде Әлидің (ғ.с.) қатты аш болып, Фатимадан (ғ.с.) тамақ сұрағаны айтылды. Хазірет Фатима (ғ.с.): «Уа, Әли! Үйде жейтін ештеңеміз жоқ»,- деді. Хазірет Әли (ғ.с.): «Фатимажан! Неге мұны маған бұрын айтпадың, саған және балаларға бірдеңе дайындап әкелетін едім»,- деді. Хазірет Фатима (ғ.с.): «Уә, Аба әл-Хасан, мен сені қиындыққа тірейтін нәрсеге мәжбүрлеуден Алладан ұяламын»,- деп айтты. Әли (ғ.с.) үйден шығып, бір дирхам қарызға алды. Кездейсоқ аптап ыстықтан беті қызарған Алла елшісінің асыл серігі  Мекдад бен Асуадты кездестіреді. Хазірет Меқдадтан  мына ыстықта үйден не үшін шыққанын сұрады. Меқдад басында ештеңе айтқысы келмеді. Бірақ Әли (ғ.с.) сұрағын қаталап, ол: «Уа, Абу әл-Хасан,   Мұхаммадты (с.ғ.с.) пайғамбарлыққа және өзіңді оның орыньасары сайлаған Алланың атымен ант етемін, мені үйден жоқшылық  шығарды. Отбасым қатты аш болып, мен үйден шықтым,- деді. Бұл сөздерді естіген Әлидің (ғ.с.) көздері жасқа толып, қарызға алған дирхамын Меқдадқа береді. Өзі мешітке бет алып, бесін және екінті   намаздарын Пайғамбардың (с.ғ.с.) артында тұрып оқыды. Намаздан кейін Алла Елшісі (с.ғ.с.) намаздың бірінші қатарында тұрған Әлиді (ғ.с.) көріп, жанына барып: «Уа, Аба әл-Хасан? Үйіңде мені қонақ қылатын тамақ бар ма?»- деп сұрады. Әли (ғ.с.) ұялғанынан басын иіп, Алла Елшісіне (с.ғ.с.) жауап ретінде не айтарын білмей қалды. Алла Елшісі (с.ғ.с.) Әлидің (ғ.с.) үнсіздігін көріп: «Уа, Аба әл-Хасан, не жоқ, мен қайтайын, не иә де, сонда Фатимаға бірге барамыз»,- деді. Әли (ғ.с.): «Үйге жүріңіз». Алла Елшісі (с.ғ.с.) Әлидің (ғ.с.) қолынан ұстады да, олар үйге қарай жүріп, үйге кірді. Фатима (ғ.с.) намаз оқып болып, намаз оқитын бөлмесінде отырды,  артында буы шығып тұрған ыстық тамақ толы ыдыс бар еді. Әкесінің дауысын естігенде орнынан тұрып әлгі сәлемін берді. Алла Елшісі (с.ғ.с.) Фатиманың (ғ.с.) сәлеміне жылы жауап беріп, қызының басынан сипап: «Қызым, бізге тамақ әкел»,- деді. Фатима (ғ.с.)  тамаққа толы ыдысты әкелді. Әли (ғ.с.) тамақты көргенде, таңғалып: «Фатимажан, бұл тағам қайдан? Үйде тамақ жоқ еді ғой!»- деді. Бәрін илаһи періште арқылы білген  Алла Елшісі (с.ғ.с.) мүбәрак қолын Әлидің (ғ.с.) иығына қойып: «Уа, Әли (ғ.с.), бұл Алланың Мәриямға сый еткендеі, Фатимаға жұмақ ризығынан нәсіп еткен жәннат ризығы»,- деді.