Сүлеймани мектебі 1: Өмірбаяны
(last modified Thu, 29 Dec 2022 13:22:33 GMT )
Жел 29, 2022 19:22 Asia/Almaty
  • Сүлеймани мектебі 1: Өмірбаяны

Бұл күндер жүректердің қолбасшысы, шәһид Қасым Сүлейманидің шәһид болғанының үш жылдығымен тұспа-тұс келді.

 

Бұл күндер жүректердің қолбасшысы, шәһид Қасым Сүлейманидің шәһид болғанының үш жылдығымен тұспа-тұс келді. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бұл тұлғаның шәһид болғанының алғашқы күндерінде оны жеке адам емес, мектеп ретінде сипаттап, былай деді: «Қадірлі шәһид Қасым Сүлейманиге жеке адамның көзімен емес, мектеп, жол, тағылым мектебінің көзімен қарау керек». Бұл сөйлемдер Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің шәһидті сипаттау кезінде айтқан сипаттамаларының бірі болып табылады. «Сүлеймани мектебі» бағдарламалар топтамасында Алланың осынау адал құлының қиын-қыстау өміріне шолу жасағымыз келеді.  

 

«1398 жылдың 13 дейі (2020 жылдың 3 қаңтары) еді. Радионы қостым, Құранның даусы көліктің ішін ерекше толқытты. Қарудің даусында әлдебір мұң барын сездім. Құран оқудың әуені бұрынғы күндерден өзгеше болды. Бірнеше секунд ойға кеттім. Құран оқу бір сәт үзіліп, радио дикторының даусы естілді. Сөйлеу қысқа болды, жаңалық ауыр болды. Иранның Құдс күштерінің қолбасшысы генерал  Қасым Сүлеймани сол кездегі Ирак үкіметінің шақыруымен осы елге барған  кезде, таңертең Бағдад әуежайында америкалық ұшқышсыз ұшақтар мен тікұшақтардың зымырандық шабуылына ұшырады және шәһид болды. Осылайша Ислам жерлерін қорғау, Алланың есімі мен дінін тарату жолындағы күреске толы адамның дүниелік өмірі аяқталды. Оның аты соғыс қоздырушылар мен залымдардың жүрегіне қаншалықты үрей тудырса, күпірлік пен атеизм әлемінің жойқын соғыстарынан мазлұм мен жәбір көргендердің көңілдерін жұбатып, жүректерін нығайтты».  

Шәһид Қасым Сүлеймани Иранның оңтүстік-шығысындағы Керман облысында орналасқан Қенат Малек ауылында дүниеге келген. Шәһид болған соң «Мен ештеңеден қорықпадым» деген атпен жарық көрген оның өмірбаянында: «Мен 1956 жылы дүниеге келдім. Қатты суық қыста мен қызылшамен ауырдым. Ата-анам менің сауығып кетуіме үміттенбеді. Олар барлық жергілікті дәрілерді қолданады, бірақ нәтиже бермеді. Әкемнің айтуы бойынша, қар тіземе дейін жауып тұрғанда анамның арқасына байлап, Рабор қаласына дәрігерге қаралу үшін көшті. Қалай болғанда да, біраз уақыттан кейін Алланың қалауымен аман қалдым».

Пехлеви режимі кезіндегі Ирандағы көптеген ауылдар сияқты Шәһид Сардардың туған ауылы кедей ауыл еді. Оның халқы қиын күндерді бастан өткізді. Осылайша Қасым 14 жасында ауылды тастап, қалаға кетуге мәжбүр болды. Ол өз естелігінде былай деп жазады: «Мені анамнан гөрі әкемнің кооперативтік ауылдық банкке алған несиесі алаңдатты. Әкем түрмеге түседі деп қорқып талай рет жыладым.... Қалаға барып әкемнің қарызын қалай болса да өтеуді жөн көрдім. Ата-анам келіспеді. Мен он төртке енді ғана толдым.   Осы уақытқа дейін  Қенат Малектің маңындағы Рабор қаланы ғана көрген әлсіз бала едім».

Оның алғашқы жұмыс тәжірибесі жартылай құрылыста және кірпіш тасымалдауда болды. Оның кішкентай қолдары кірпішті де ұстай алмады. Ол: «Алты күн бойы жартылай салынған ғимараттың алдында күн шыққаннан күн батқанға дейін жұмыс істедім. Арық денем мен жасым ондай жұмысқа шыдай алмады. Кішкентай қолдарым қансырап кетті»,- деп есіне алатын.

Оның табысы төмен болды. Сол жиған-тергенімен әкесінің несиесін өтеу үшін көп уақыт керек болды. Сондықтан қонақүйде жұмыс істей бастады. Сонымен қатар жеміс шырындарын сатумен де айналысты. Ақыры әкесінің несиесін 5 айдан кейін төлей алды. Ол енді қаладан қорықпайтын болды. Ол өзі үшін табыс табуға мүмкіндік алды. Ол  «Джахан» зурханасына тіркелді, каратэ сабағына барып, жасыл белбеу алды (каратэ бойынша 9 шеберлік дәрежесінің төртінші орыны). Аптасына екі күн ауыр атлетикамен айналысты. Сардар Сұлеймани «Мен ештеңеден қорықпадым» кітабында былай деп жазды: «Спорт менің діни ақлағыма үлкен әсер етті және тәртәпсіздік пен өнегесіздікке бой алдыруыма кедергі болған маңызды факторлардың бірі спорт болды. Әсіресе моральдық және діни негіздері бар ежелгі спорт түрі».   

Ол алғаш рет шахқа қарсы сөзді  1353 (1974) жылы естіді. Қонақ үйдегі жұмыс берушінің ұлы шахтың жемқорлық орталықтары туралы айтқан кезде. Біраз уақыттан кейін отбасы мүшелерінің бірі, өзінің айтуы бойынша, жемқорлық туралы емес, шахтың қысымы туралы айтқан. Шәһид  Қасым «Мен ештеңеден қорықпадым» деген кітабында: «Мен Бахрамның да Әли Яздан Панахтың сөзіне ұқсас сөздермен пана болғанын, бірақ патшаның бұзақылығынан емес, адамдарды тұтқындап, түрмеге қамап, өлтіретін патшаның езгісі туралы. Шах имам Хұсейнге (ғ.с.) аза тұтып, жоқтау айтуға  рұқсат бермеді. Мен имам Хұсейнге (ғ.с.) аза тұтып өскен бала едім және  осы аза тұту рәсімдерін күтіп жүргенімнен дауыстап: «Ол қателесуде», - дедім. Осы сөзден Бахрамның түсі бордай аппақ болып, абдырап: «Бізді ұстағанын қалайсың ба?» -деді.

Екі жылдан кейін ол мешітке бара бастады. Құранды және оның тәпсірін зерттеді. Оның айтуынша, оның бойында рух пен діни фанатизм баяу қалыптасып келе жатқан. Шах облыстардың орталықтарында жастарды адастыру үшін жемқорлық орталықтарын құрды. Бірақ бұл орталықтардың ешқайсысы Керманда құрылмады. 1355 жылы (1976) жазында үкімет тарапынан Керманда әншілер мен бишілерді шақырылуымен, той өтті. Екі досымен ол бірнеше көлікті дөңгелегін тесіп, наразылығын көрсетті: «Жасөспірім кезімізде жемқорлықпен осындай күресті мақтанышпен жүргіздік, ешкімнен қорықпайтынбыз. Әрине, мен әлі де САВАК (Патшаның барлау және қауіпсіздік ұйымы) туралы егжей-тегжейлі білмедім. Савактың атын, Савақтан қорқатынын талай рет естідім, сездім. Бірақ ештеңеден қорықпадым».

Шәһид Сардар Қасым Сүлеймани полициямен алғашқы қақтығысы туралы «Мен ештеңеден қорықпадым» кітабында: «Бұл 1355 (1976) мұхаррам айы болатын. Мен қонақүйге келіп, терезеден көшеге қарап тұрдым. Алдымызда көшенің арғы жағында Керман муниципалитеті мен полициясы тұрды. Басы жалаңаш (хиджабсыз) жас қыз, шашы ұзын бойжеткен жаяу жүргіншілер жолында келе жатты. Ол кезде бұл табиғи нәрсе еді. Жаяу жүргіншілер жолында полиция қызметкері оған тиісті. Ашура күніндегі оның бұл сұмдық әрекеті мені қатты ренжітті. Салдарына қарамастан мен  оған қарсы тұру шешім қабылдадым»,- деп жазды. Ол тез көшеге шығып,  бірнеше каратэ әрекетімен полицияны құлатты, оның мұрнынан қан ағып кетті. Жол полициясы ысқырды. Екі полиция қызметкері оған қарай жүгірді. Қонақ үйге жүгіріп барып, бір бөлменің төсегінің астына тығылды. Көптеген полицейлер қонақүйді тінту кезінде оны таппады. Полицияны ұру оның батылдығын арттырды. Енді ештеңеден қорықпады.

Мешхед сапарында ол екі жас жігітпен танысады. Аятолла Хомейнидің есімін алғаш рет солардан естиді. 1357 (1978) жылы Құм және Тебриз қалаларында шах билігіне қарсы шерулердің таралуымен Кермандағы жағдай да өзгерді. Күн сайын халықтың патшаға наразылығының қатты дауысы естілді. Тәжірибесіздігінен, жастық шамадан тыс жігерлілігімен, спорттық рухы мен көшпелі ержүректігінен шах үкіметі мен оның отбасына қарсы шығып, қабырғалар «Шахқа өлім», «Хомейниге сәлем» деген ұрандарды жазды. «Мен ештеңеден қорықпадым» деген кітабында: «Хомейнидің фотосы менің күнделікті айнам болды. Мен оның суретіне күніне бірнеше рет қарайтынмын. Ол дәл қазір қасымда және оның Құран оқып отырған суретіне қарап, қасында отырғандай болдым. Ол менің бір бөлігіме айналды»,- деді.