Қаң 20, 2023 19:57 Asia/Almaty
  • Тіл тигізу - Исламға қарсы Батыс ойының әлсіздігі

Францияның «Шарли Эбдо» (Charlie Hebdo) журналының Иран Ислам революциясының жетекшісіне тіл тигізуі батыстық газеттер мен бұқаралық ақпарат құралдарының басым бөлігінің басты тақырыбына айналды. Исламның ұлық пайғамбарына (с.ғ.с.) және мұсылмандардың қасиетті нәрселеріне тіл тигізгеннен кейін Еуропада тағы бір келемеж, қорлау басталған сияқты.

Алла Елшісіне тіл тигізетін (с.ғ.с.) карикатуралар шығарған «Charlie Hebdo» журналы дінге қайшы мазмұндағы, ешбір дінді құрметтемейтін басылым.  Исламды қорлауда  ол тек француз басылымы ретінде ғана емес, сонымен бірге үстемшіл майданның исламға қарсы  бір бөлігі ретінде қызмет етеді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                

                                                                                                                                                    Францияның өзінде бұл басылым қаржы дағдарысынан талай рет толық күйреу шегіне жеткен, бір-екі рет жабылып қалған шағын басылым. Олардың аман қалу үшін өмір белгісін тапқан жалғыз жолы - осы жоғары деңгейдегі дау.

Әрине, француз билігі мұны сөз бостандығының белгісі деп атайды, бірақ бұл талап көбірек ащы әзіл болып қала береді. Өйткені 90-шы жылдарды ұмытпағандар Роджер Гародиді жақсы біледі. Бұл француз философы Франциядағы Холокостқа қарсы болғаны үшін ғана айыпталды. Сондай-ақ 1998 жылы «Израиль саясатының негізін қалаушы мифтер» кітабын жазғаны үшін француз соты оған 120 000 француз франкіне тең 40 000 доллар айыппұл салды. Сонымен қатар, Франция үкіметі бірнеше жылға арнайы қауіпсіздік мәртебесін ұзартқан ел және оның президенті Макрон 2021 жылы оны Гитлермен салыстырған билбордтың дизайнерін президентті қорлағаны үшін сотқа берді. Бұл ел сөз бостандығын қалай талап ете алады?

Роджер Гаруди - Холокостқа қарсы деген сылтаумен Францияда сотталған француз философы.

 

Charlie Hebdo да сөз бостандығының трибунасы бола алмайды. Өйткені, біріншіден, оның соңғы жылдары тіл тигізуден басқа өнері болған жоқ. Мысал ретінде осы журналдың өткен жылдары Ислам пайғамбарына тіл тигізуін атап кетуге болды. Екіншіден, оның сөз бостандығына қатынасы жоқ. Өйткені соңғы жылдары осы басылымның карикатурсисті Морис Синет (1928-2016) Францияның бұрынғы президенті Саркозидің ұлын «неліктен ол бай отбасынан шыққан және ақша үшін иудаизмді қабылдаған еврей қызы Джессика Дартиге үйленді?» деп сынағаны үшін  жұмыстан кетуге мәжбүр болды. Морис еврей дініне ешбір түрде тіл тигізбеді. Бірақ иудаизмді еске алудың өзі оған осы дінге дұшпандық танытты деп айыпталып, сот органдарына тапсырылып, жұмыстан қуылуына жеткілікті болды. Ол кезде Charlie Hebdo журналы өз қызметкерін қорғаған жоқ және оның жұмысын «сөз бостандығы» деген өтірікпен ақтауға тырыспады.

Америкада, Англияда, Францияда, Данияда, Нидерландыда және басқа да бірқатар Еуропа елдерінде мұсылмандардың сенімдерін қорлау мен келемеждеудің көптеген мысалдарын жинақтау   әрекеттер - бірнеше науқас жазушылар мен пасторлардың ойыны ғана емес, бұл үлкен мәселелерді тоқтататын және басқа жаққа бұратын ағын.

  

                                                                                                                                                    Бүгінде Ислам республикасының дұшпандары жүйе басшылығы мен діни биліктің Республика мен Ислам арасындағы негізгі тірек екенін жақсы біледі. Осыны негізге ала отырып, Ислам революциясы діни және исламдық наным-сенімдерді орнатып, ел шекарасынан шығарды, басқа жағынан, француз революциясының екіжүзді құндылықтары мен Батыстың жалған адам құқықтарына қарсы ышқыты. Олар бұл жүйенің тіректерін нысанаға алған.     

Бұл қорлау және тіл тигізетін әрекетті Ирандағы ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен толқулар әлсізденіп, соңғы демін алып жатқан кезде жасау – жартылай өлі денеге көмектесумен бірдей. Жау бұл зорлық-зомбылық пен наразылықтардың жалғасуын және бүліктердің қайталануын қалайды. Сондықтан олар алауыздық пен бүлікті арттыру үшін кез келген арандатушылық жасайды. Бірақ бұл жартылай өлі дене бұл дем берумен тірілмейді,  тек олардың азаптары артады. Мақалда «әр ыдыстан ішіндегі нәрсе ағады» деп айтылғандай,  жаман, төмен адамнан жамандықтан, төмендіктен басқа ештеңе шықпайды.

Дәлел жоқ кез келген адам қисынсыз әдістерге жүгінеді немесе тіл тигізеді. Мекке мүшріктері Алла Елшісінің (с.ғ.с.) басына түйенің қарнын төгіп жібергендей әрекеттенеді. Немесе Алланың пайғамбарын (с.ғ.с.) қарғағандай жаман сөз айтып, қарғыс айтады. Мекке ақындары Алла елшісін өлеңдерімен келекелеп, мазақ етіп, қорлағаны сонша, Алла елшісінің жүрегі ауырып,   Алла Тағала өз елшісін жұбатып, былай дейді: «Рас сені мазақтаушыларға қарсы Біз жетіп асамыз». («Хижр» сүресі, 95-ші аят).

Бұл келеке, қорлау қазір де жалғасуда. Исламның пайда болуына 1500 жылдан кейін осы илаһи діннің таралуына және хазірет Мұхаммадтың  (с.ғ.с.) нұрының әлемге жарқырауына байланысты ара-тұра Алла Елшісінің (с.ғ.с.) асыл тұлғасына тіл тигізу оқиғаларының куәсі болудамыз, Әрине, бұл күннің бетіне тікен лақтырғандай бос әрекет. Сарапшылар сондай-ақ Charlie Hebdo журналының ақымақ жұмысын Иран Ислам Республикасы жүйесінің таңғажайып күш-қуаты мен ілгерілеуінің артуы алдындағы үстемдік пен жаһандық сионизмнің шарасыздығы  деп бағалайды.

 

Аятолла Хаменеи өзінің даңқы мен беделінің шыңында және мұндай қорлау, карикатура немесе тіл тигізу оған ешқандай әсер етпейді. Бұл кісіні келемеждеу немесе мазақ ететін бейнелермен қорлау, шын мәнінде, Ислам үмбетінің ең құрметті тұлғасын қорлау болып табылады. Қара ниетті адамдардың абыройлы, ұлы тұлғаларға тіл тигізулері таңғаларлық емес. Бірақ Алла Тағала қазіргі кәпірлер мен көпқұдайшылдардан құтылып, олардың жамандықтарын өздеріне қайтаруды өз мойнына алады. Құран «Бақара» сүресінің 15-ші аятында: «Алла оларды мазаққа ұшыратып, азғындықтарында қаңғыртып қояды»,- деді.

Аятолла Хаменеи

Осы орайда шәһид Сани өзінің «Маниех әл-мурид фи адааб әл-муфид уа әл-мустафид» атты кітабында семинарияға бөлек келген екі адамның оқиғасын баяндайды. Олардың аяқ киімінің астына шеге қадалған. Бірінен мұның себебін сұрағанда: «Ислам пайғамбары ғылым мен білімнің маңыздылығы туралы періштелердің қанаты білім шәкіртінің табанының астындағы кілем екенін айтқан. Мен періштелердің қанаттарын шегелеп қойғым келеді»,- деп жауап берді.  Шаһид Сани олардың екеуінің де бірнеше күннен кейін азап шеккенін баяндайды. Құран Кәрім өз аятында: «Олар, Алланың нұрын (дінін) ауыздарымен өшіруді қалайды. Егер кәпірлер жек көрсе де, Алла Тағала мұны ұнатпайды да өз нұрын толықтайды»,- деді. («Тәубе» сүресі, 32-ші аят).   

Әрекетке, бедғатқа, қалыптан тыс, ұнамсыз әрекетке реакция білдіру керек екені сөзсіз. Ислам логикасында кез келген жағымсыз реакцияның орнына сол әрекетті жасаушылардың бет-бейнесін әшкерелеу қажет. Хазірет Әли (ғ.с.) Сефеин шайқасында өз сарбаздарына Муавия ізбасарларын қарғамауды, балағаттамауды, керісінше олардың хал-ахуалын біліп, оларды таныстыруға шақырған, бұл қарғыс айтудан жақсы. (Нәһдж ул-Балаға, 206-ші сөз).

Басқа жағынан, Charlie Hebdo журналы Ислам пайғамбарына (с.ғ.с.) қарсы мазақ ететін карикатуралар арқылы исламофобияны қоздыруға бағытталған бірнеше әрекеттен кейін және қазір аятолла Хаменеиге қарсы карикатураларымен аятолла Хаменеидің ислам әлеміндегі беделіне ешбір әсер етпегенін білмейді.  Аятолла Хаменеи әлі де ықпалды тұлға және бұл тқлғаның исламы Мұхаммад пайғамбардың (с.ғ.с.) таза Исламының жалғасы болып табылады.  Алла қаласа, бұл ақымақ әрекеттер Ислам әлемінің Ислам мен Ислам революциясының төңірегіне көбірек топтасуына себеп болады.

Тегтер