Рамазан 2023: Достың қасында (13)
Күнәләрді жасыратын пердесі жыртылмайтын, мейірімінің есіктері ешқашан жабылмайтын, мұқтаждарды қайтармайтын, оның мейіріміне үміт артқандар үмітсіз қалмайтын Аллаға мадақ айтамыз.
Рамазан – жүректердің айы, Рамазан мектебіне қатысып, Алланың әулиелерінен білім алатын ай. Біз осы аяулы айдың ортасына ақырындап таяп қалдық, осы күндері болашақ үшін, алдымыздағы қиын жолдан өту үшін жүк алдың ба? Дүниеде де, ақыретте де жақсылыққа жетуге талпыну, әрқашан Алланың мейіріміне үмітті болу керек.
Алла Тағала халықты пұттарға табынудан шығарып, Өзіне құлшылық етуге шақырып, оны барлық адамдарға үлгі ету үшін соңғы пайғамбар Мұхаммадты (с.ғ.с.) жіберді. Ахзаб сүресінің 21-аятында: «... Алланың Елшісінде көркем өнегелер бар»,- деп айтылды. Мұхаммад пайғамбар (с.ғ.с.) ғибадат пен қызметте барлық жаратылыстың жетекшісі және осы жолда жүруді қалайтындарға үлгі. Пайғамбарлық міндетіне кіріспестен бұрын да ол құлшылық еткен. Көптеген күндері мен түндетін Хира үңгірінде ғибадатпен өткізетін. Бүкіл Рамазан айы бойы бір бұрышта тірліктен алыстап, Аллаға жалбарынып отырды. Ислам пайғамбары (с.ғ.с.) өмір бойы бір сәт құлшылық етуден, қызмет етуден жалықпаған және оны бір сәтке де тоқтатқан емес. Түн ортасында Аллаға жалбарынып: «Уа, Раббым, маған берген ізгі амалдарыңды қайтарма және дұшпандар мен көреалмаушыларды қуантпа. Уа, Алла, мені құтқарған жамандықтарыңды қайтарма, мені жалғыз қалдырма»,- деп сұрады. Алла елшісінің дұғада көп ғибадат етіп, көз жасын төккені сонша, бір күні туыстары оған наразылық білдіріп: «Алла сенің барлық күнәларыңды кешіріп, сені кешіретінін уәде еткенде, сен неге сонша жылайсың, жоқтайсың»,- деді. Пайғамбар: «Барлық ғибадаттар мен түнді ояу өткізу азаптан құтқару үшін бе?! Мен шүкір етуші пенде болуым керек емес пе?!»- деп жауап берді.
Хазірет Әли (ғ.с.) былай дейді: «Кімде-кім өзі мен Алланың арасындағы қарым-қатынасты түзетсе, Алла Тағала оны мен адамдардың арасындағы қарым-қатынасты түзейді, дәл осы біздің бүгінгі дүниемізге қажеттілігіміз». Ертеңгі күніміз жақсы болуы үшін байлық пен сәнді сарайлар көп болуы шарт емес, бірақ жақсы болашақ құру үшін бізге Алланың сүйіспеншілігі қажет. Рамазанды Өзімен қарым-қатынасымызды жақсарту үшін жасағанына және Өз нығметінен мақрұм қалдырмағаны үшін Аллаға шүкіршілік етеміз.
Алламен сырласу - шүкіршілік пен мақтау уәжіп саналатын илаһи нығметтердің бірі. Күнәһар, адасқан құлдарын қабылдап, сырлары мен мұқтаждықтарына құлақ асатын ұлылығы мен құдіреті шексіз бір Алла. Алламен сырласу мейірім, махаббаттан басқа ештеңе жоқ. Тәңірмен оңашада сырласудың шексіз қуанышын, махаббаты мен мейірімін ешбір жолмен жеткізу мүмкін емес. «Эфтетах» дұғадан: «Күнәләрді жасыратын пердесі жыртылмайтын, мейірімінің есіктері ешқашан жабылмайтын, мұқтаждарды қайтармайтын, оның мейіріміне үміт артқандар үмітсіз қалмайтын Аллаға мадақ айтамыз».
Алланың рақымына ие болуға ешбір қақпашы кедергі жасамайды. Кім оны шақырса, Алла оған жауап береді, ең бастысы, ол өз құлдарын өзіне шақырып, сізді қабылдауға бәрі дайын болу үшін әрекет етуге шақырады. Оның мейірімі жабылмайды.Алла әрбір үміт пен тілеушінің үміті мен тілегімен бірге. Өйткені мейірімі мен кешірімінен үміт етудің есігін ашқан Алла. Сондықтан адам Аллаға жалбарынып, тілегінің орындалатынына үміттенуге міндетті. Алла Оған үміт артқандардың көңілін қалдырмайды. Біз бүкіл әлем үшін жақсы болашақ, билеушілер әділеттілікпен басқаратын және езілгендердің құқығы бұзылмайтын болашаққа үміттенеміз. «Қасас» сүресінің 5-ші аятында былай деген: «Ол жердегі езілгендерге қамқорлық істеуді, оларды бастық жасап, өздерін мұрагер қылуды қалаймыз».
Рауаятта: «Адамның барлық қасіретінің кілті – жалқаулық пен сабырсыздық» делінген. Хазірет Әли (ғ.с.) айтқандай, «талпынысқа әкелмейтін үміт өтіріктен басқа ештеңе емес». «Нәһджул-Балағә» кітабының 160-шы уағызында: «Ол өзін Алладан үміт күтуші деп санайды. Аллаға ант етемін, ол өтірік айтады. Неліктен оның үміті іс-әрекетінде көрінбейді? Кім үміттенсе, оның үміті іс-әрекетінен көрінеді» (және ол мақсатына жетуге ұмтылады).
Біз үміттенеміз және бұл үмітімізде жалған болмас үшін біз осы уәденің орындалуына жағлай жасауға талпынамыз. Барлық илаһи діндер сенетін уәде: адамзатты құтқарушының пайда болуы туралы уәде. Құтқарушының пайда болуын күткен, бірақ күш салмайтын адам шынымен күтпейді.
Иә! Үміт күтумен бірге қозғаушы фактор болып табылады. Уәде етілген Мәһдидің (ғ.с.) келуіне және Алланың нақты уәделері бойынша оның жаһандық әділ үкіметін орнатуына үміт барлық адамдарды жігерлендіреді. Жарқын болашаққа үмітпен қадам басқанша өмір сүруді күтуде. Біздің бүкіл болмысымыз Алланың сүйіспеншілігіне үміттенетін осы жарқын күндерде: «Уа, қайғы-қасіреттерді кетіруші және дүние мен ақыретте кешіруші! Уа, Раббым, дүниеге мұқтаждығымызды жойып, бізді Өзіңмен бірге болған нәрсеге тарта гөр және өмірімізді Өзіңе шынайы сеніммен ет. Раббым, бізге сабырлық пен төзімділік бер және бізді тура жолда берік ұста және кәпірлер мен залымдарды жеңуімізге көмектес»,- деп тілейміз.