Рамазан 2023:  Ұлылық жолында (14)
(last modified Wed, 05 Apr 2023 12:12:04 GMT )
Сәу 05, 2023 18:12 Asia/Almaty
  • Рамазан 2023:  Ұлылық жолында (14)

Қасиетті Құранда ерте тұрғандар мен түнді ғибадат жасап ояу өткізетіндер, жылы төсектерін тастап Алламен сырласуға асыққандар жоғары бағаланады. Алла Тағала «Сәжде» сүресінің 16-17-ші аяттарында: «Олардың жамбастары төсектерінен ажырап, (түнде ұйқыдан тұрып,) Раббыларына қорқа-дәмете жалбарынады. Сондай-ақ олар берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды. Ешкім қылмысы жаққандықтан өздерше көмес сақтаулы қуанышты сыйлықты білмейді»,- деп айтылды.

Таң сәріде оянып, дұға жасаушыларға Алладан сәлем.  Имам Саджадтың (ғ.с.)  «Макарем Ахлақ» дұғасының келесі үзіндісінде: «Уа, Алла! Мені қажет кезде сенің көмегіңмен дұшпандармен соғысатындай ет, қажет болған кезде Өзіңнен сұраймын, дәрменсіз және панасыз болған кезде Өзіңе жалбарынамын. Қиналғанда Өзіннен басқа біреуден көмек сұрауға, менде жоқ кезде басқаға жалбарынуға, қорқатын кезде басқаға жылауға мәжбүр етпе. Сол себепті мен Өзіңнің мейіріміңнен айырыламын. Уа, мейірімділердің мейірімдісі.

 Жүректерімізді Алланы еске алып тыныштандырамыз

 

Кейде адам басқалармен бетпе-бет келетін жағдайға тап болады. Қалыпты жағдайда адамның басқалармен төбелесуге ынтасы болмайды, бірақ біреудің адамға шабуыл жасап, оны өлтіру ниеті болуы немесе ұры адамның мүлкін тартып алғысы келуі немесе басқа жағдайларда адамның беделіне қауіп төніп, адам одан өзін қорғауға мәжбүр болады. Мұндай жағдайда ынтымағы жарасқан адам ең алдымен бар күшімен жауға қарсы тұрып, жауды жеңу үшін Алладан жәрдем тілейді.

Хазірет «Макарем Ахлақ» дұғасында мұқтаждық және көмекке мұқтаж кезде бар күш-қуатымызбен Аллаға қол жайып, мәселені Алла Тағаланың алдында көтеруіміз керектігін үйретеді. Имам (ғ.с.) Алла Тағаладан осындай қиын-қыстау заманда кедейлік пен мұқтаждықты байлық пен мұқтажсыздықтың көзі болған Аллаға барынша жалбарынып, кішіпейілділікпен айтуы керек. Мұқтаждық білдіру алдында ішкі намысыңды таптап, Аллаға мұқтаждықтарыңды білдіруде ешбір тәкаппарлық танытпа. Өмірдің қиындықтары илаһи сынақ алаңдары. Имам Саджад (ғ.с.) дұғасының жалғасында   илаһи сынақтарға сілтеме жасап: «Олардан намысшыл адам шықса,  алтындай болады»,- деген.

Сондықтан хазірет Алладан: «Уа, Раббым, қиын-қыстау кездерде, алдымнан барлық есіктер жабылған кезде, өзіңнен басқа біреуге сілтеп мені сынама. Алаңдау мен уайымда маған көмектес, сенен басқа ешкімнен пана іздемейін, өйткені бұл маған зиян тигізеді және көңілім қалдырады»,- деп сұрады.  

Адамның үміті өзгеде болса, оның үстіне ол басқаларға жалбарынса, оның көңілі қалады, яғни Алла Тағала амалдардың табысқа жете алмайтындай етеді. Бұл ең үлкен апат. Өйткені, адам Аллаға қаншалықты жақын болса, соғұрлым оның күш-қуаты, абыройы мен байлығы артып, оған илаһи сәттілік есіктері ашылып, амалдары орындалады. Алайда қаншама адамдардан пана іздеп, олардан жәрдем сұрап, Алланы шетке қалдырса да қадірі мен абыройы төмендеп, сәтсіздікке ұшырап, көңілі қалады.