Рамазан 2023: Достың қасында (16)
(last modified Sat, 08 Apr 2023 16:14:13 GMT )
Сәу 08, 2023 22:14 Asia/Almaty
  • Рамазан 2023: Достың қасында (16)

Бізді осы велаятқа жетелеген Аллаға сансыз шүкірлер болсын, егер ол хидаят пен велаяттың шырағын жақпаса, адасу жолына түсіп, ешқайда жете алмас едік.

Алла Тағала әрбір жаратылысқа қажет нәрсенің бәрін берді, дүниеге келген әрбір жаратылыс өзінің бойында жинақталған күш-қуат, дарын және инстинкт негізінде өмірін қалай жалғастыратынын біледі. Жаратылыстардың әрқайсысы өз күштерін өмір сүру жолында дәл пайдалануды біледі. Ұя салу, ұрпақ өсіру, балаларын өсіру, жаудың қолы жетпейтін жерге жасыру немесе жаумен күресу үшін қалай көтерілу керек. Осының бәрі ғаламдағы барлық тіршілік иелерінің артында бір құдіретті жетелеушінің  бар екенін көрсетеді. Алла Тағала жаратылыстарға күштері мен таланттарын қалай пайдалану керектігін үйретті және сол арқылы оларды өз мақсаттары мен кемелдігіне жеткізеді. Егер осы басшылық пен нұсқау болмаса, жаратылыстар ешқашан мақсатына жете алмас еді. Құран Кәрімнің «Таха» сүресінің 50-аятында жетелеудің  бұл түрі туралы былай делінген:  «Раббымыз, әр нәрсеге бір бейне беріп, сонан соң оны тура жолға салған».  Бірақ бұл нұсқау тек болмыстардың материалдық өмірін бақылайды. Адам тәрізді, материалдық денеден бөлек жаны бар, ешбір періште жете алмаған жерге жетуі керек, әрине, жетелеудің басқа түрдің қажет етеді. Адамзаттың ең биік мақсатына жету үшін тамақты, ұйықтауды және осы материалдық әлемде қалай өмір сүруді білу жеткіліксіз.

Адамзат тек ұйықтап, тамақтанып, өмір сүру емес, адамзат билікке, байлыққа, атақ-даңққа жету емес. Адамзаттың өз жолы,  әдет-ғұрпы бар, оны адам жаратушы басқалардан жақсы біледі және пайғамбарлар арқылы бізге өзінің жолын, әдет-ғұрпын айтып берді.

Иә! Жетелеу нығметі – Алланың көп шүкіршілікті қажет ететін ең үлкен нығметтерінің бірі. Бұл нығмет денсаулық, ризық немесе тіпті қауіпсіздік нығметінен әлдеқайда үлкен, өйткені басқа барлық нығметтер уақытша, бірақ жетелеу нығметі адамның  дүние мен ақыретте илаһи разылыққа, жақсылыққа қол жеткізе алатын ұлы нығмет. Ешқашан жоғалмаған және адамдармен мәңгілік болатын жақсылық. Мұндай ұлы нығмет үлкен, өміріміздің барлық саласын қамтитын шүкіршілікті қажет етеді. Сондықтан біз бәріміз бірге дұғпа оқи бастаймыз және имам Мәһдм (ғ.с.) «Эфтетах» дұғғасында үйреткендей айтамыз: «Бізді осы велаятқа жетелеген Аллаға сансыз шүкірлер болсын, егер ол жетелеу пен велаяттың шырағын жақпаса, адасу жолында жүріп, ешқайда жете алмас едік».

 

Алланы шақыратын есімдердің бірі – Раб. «Раб» тәрбиеші дегенді білдіреді, ал білім берудің қажеттілігі – нұсқау. Алла Тағала бұл нұсқауды өзіне парыз санап, «Ләйл» сүресінің 12-аятында былай дейді: «Негізінде тура жол көрсету бізге тән». Алла Тағала адамдарды тура жолға салу, Өзіне құлшылық етуге шақыру және адамзаттың жолын, әдет-ғұрпын айту үшін пайғамбарларды таңдады. Хазірет Мұхаммад-Мұстафаның (с.ғ.с.) жіберілуімен набават аяқталып, одан кейін халықты тура жолға бағыттау міндеті Пайғамбардың (с.ғ.с.) мұрагерлерінің қолында болды.

Оларға мойынсұну Алланың пайғамбарына мойынсұну сияқты сондықтан бізге уәжіп етілді.

Алла мойынсұнуды парыз еткен адам күнәһар бола алмайды.

Пәк имамдар (ғ.с.), оларға Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Алланың халыққа билігі болды және өз дәуірінде адамзат қоғамдарын дұрыс жолға қоюға жауапты болды. Бірақ олардың әрқайсысында бір жағынан залымдардың қысымы мен билеушілердің шектен шығуы және халықтың дін және қоғам істерін талдау қабілетінің төмендігі, ал екінші жағынан олардың түсінігі мен парасаттылығы имамдардың дін үкімдерін толық жүзеге асыра алмайтындығына әкелді.

Тарих бойында мүміндер бірде билеушілердің зұлымдығынан, бірде халықтың надандығынан қорқып, бұл надандық пен зұлымдық Алла Тағала өзінің соңғы өкілін жасырғанша  жалғасты. Алла адамдар діннің үкімдері мен бұйрықтарын түсініп, талдай алатын және Алланың дінін жүзеге асыру үшін залымдармен күресетін уақыт келгенше оны аман-есен, мейірімінің қасында ұстайды. Міне, осындай жағдайда Алла бізге  уәде етілген Мәһдиді (ғ.с.) тағы да жібереді.  

Соңғы пәк имам (ғ.с.) Алланың әмірімен көзден ғайып болғанымен, ол әрқашан адамдар арасында жүреді, бізді бір-бірден танып, іс-әрекеттерімізді  бақылап отырады. Имам Заманның (ғ.с.) болуының ең маңызды нәтижесі – жетелеу берекесі.

Осы себепті сол пайғамбардың ең әйгілі есімі - Мәһди.Қазірдің өзінде ол ғайып пердесінің арғы жағындағы имамдық пен Ислам үмбетінің тура жолына жауапты. Хадистерде ғайып имамды бұлт астына тығылған күнге теңейді. Бұл теңеуде екі ұқсастық бар: бірі – бұлтты күндері жерге түсетін күннің нұрын, жылуын және пайдалы сәулелерін адамдардың пайдалану қағидасы болса, екіншісі – шуақты күндерге қарағанда сол пайданың аз мөлшері. Ендеше, адамдар шуақты күндері күннен көбірек пайда көретіні сияқты, Қиямет дәуірінде де  Имамның (ғ.с.) қатысуының берекетінен көбірек пайда көреді. Біз дұға жасап: «Уа. Алла! Мұхаммадқа (с.ғ.с.) және хазіреттің әулетіне (ғ.с.) бізге мойынсұнуды бұйырғандарға және осының арқасында олардың жағдайын бізге хабардар еткендерге сәлем болсын»,- дейміз.