Ұлылық жолында (16)
(last modified Mon, 10 Apr 2023 12:22:59 GMT )
Сәу 10, 2023 18:22 Asia/Almaty
  • Ұлылық жолында (16)

Рамазан – адамның өзің құруы үшін ең жақсы мүмкіндігі. Құлдық жолына түсіп, дұрыс өмір салтын таңдау. Бұл айда наным-сенімдер, ахлақ пен жеке және қоғамдық әрекеттер жиынтығы болып табылатын исламдық өмір салтын тереңірек тану қажет.

Исламдық өмір салтында діни жетекшілер ең жақсы тәжірибелік үлгі болып табылады және сол үлкендердің амалдары  мен сөздеріне сүйену арқылы осы бағытта қадам басуға болады.  Мұсылмандардың төртінші басшысы имам  Саджад (ғ.с.)  «Макарем әл-Ахлақ» дұғасында исламдық, имандық және Құрандық өмірдің  өлшемдерін ең жақсы және ең әдемі түрде бейнелеген.

Рамазан айы – құлшылық айы

Олар Алланың асқақ мұраттары  мен таухидті ең жоғары тәсілдермен баяндады  және Аллаға деген ғашықтығын мистикалық  сөздерімен білдіріп, жеке және қоғамдық сенімнің, ахлақ және әрекеттердәі  терең негіздерін ашып берді.  Бұл нұрлы дұғада Пайғамбар адамның орынсыз  мінез-құлқына тоқталып, Алла Тағаладан  өзінің асыл қасиеттерін еске түсіру арқылы осы орынсыз сипаттарды жоюды сұрайды.

«Уа,  Алла, маған көмектесе гөр,  қарғау, жала жабу немесе  өтірік, мүміннің ғайбатынан және  сол сияқты шайтанның тіліме салған нәрселерінің орнына  мен саған шүкір айтайын,  мақтауларыңды асырып, ұлылығыңды бар болмысыммен мадақтайын, берген нығметтеріңе шүкір етіп, мейіріміңді мойындайын».

Ібіліс пенденің жан дүниесіне үстемдік етіп,  оның тізгінін қолына алса, адамды  күнәлардың, әсіресе тіл күнәларының торына түсіреді.  Қарғау, жала жабу, ғайбаттау  сияқты кейбір тіл күнәлары Алланы ашуландырып, Алланың мейірімінен айыруымен  қатар, адамдар арасындағы сау  қарым-қатынастарды қатты бұзады. Таңның алғашқы сәттерінен түннің соңына дейін сөзімізді қадағаласақ,  қаншама сөздеріміздің тілдік күнә болғанын байқаймыз.  Қарапайым, бірақ үлкен күнәлардың бірі – ғайбат.  Ғайбат айтушы ғайбатымен өзгенің абыройы мен беделін түсіреді.  Қарғыс айту да қарым-қатынасты қатты бұзады, сондықтан  мүмін ашуланған кезде ешбір сөзге тілін ашпауы керек.

 Ғайбат пен басқа да үлкен тілдік күнәларға тосқауыл болатын адамдар арасындағы қарым-қатынасты жақсартудың негізгі жолдарының бірі – өзгенің жақсылығын айту әдеті.  Егер адам өзгенің жақсы қасиеттерін айтуды әдетке айналдырса, бұл лайықты қасиет оның бойында  қалыптасады. Өзгелердің  жақсы жақтарын айтып, осылайша дағдылану басқаларды да осы жақсы әдетке үйретеді және мәдениет отбасылық және достық ортада қалыптасады. Бұл адамгершілік пен Алла  сүйетін әдет әдемі қарым-қатынастар мен дұрыс ахлақ  және достық, берік қарым-қатынас пен салауатты және серпінді қоғамды қалыптастырады.

Адам баласы Алла Тағалаға  сенім артып, илаһи нұрдың жер бетіндегі көрінісі  болу арқылы өзін іштей қайта құруға және тазарту   құдіретке ие  және Рамазан  айы жақсы әдеттерге ең жақсы мүмкіндік.  Адамның болмысына жамандықтың толқыны кірсе, оның жүрегінің нұры жойылып, керісінше, жақсылығы артқанда жүрегі   жамандықтан тазарып, нұрға бөленеді.

 Бұл жерде имам Саджад (ғ.с.) Жаратқан Иеге: «Рақым мен мейіріміңді маған бер, сонда мен жаным мен ар-ұжданымды лас пен шайтандық ұсыныстардан тазартамын,  ернімді, тілімді және ойымды нұрмен нұрландырамын.  Мен Құдайды мадақтау мен мадақта тұратын ақылға ие болғым, ауызымды тек илаһи білімді жеткізуге ашқым келеді. Ондай ауыз бен тіл бұдан былай күпірлікке, бос сөзге, ғайбатқа және мұндай күнәларға ашылмайды»,- деді.