Рамазан 2023: Достың қасында (18)Хазірет Әли (ғ.с.) шәһид болған күн
Рамазан айының соңғы онкүндігіне де жеттік. Бұл күндер әділет күнінің батқанын, хазірет Әлидің (ғ.с.) шәһид болған күнің еске түсіреді.
Хазірет Әли (ғ.с.) өмірінің соңғы түнінде қызы Умму Күлсімнің қонағы болды, бірақ оның көңіл-күйі өзгеріп, әдеттегіден мазасыз болды. Оразасын ашар кезде нан мен тұзбен ауыз ашты. Ол бөлмеден жиі шығып, аспанға қарап: «Аллаға ант етемін, мен өтірік айтпаймын және маған өтірік айтылмады. Бұл маған шәһид болуым туралы уәде берілді»,- деді. Сол түні таң атқанша ешнәрсені естімей, көрмегей намаз оқыды. Таң ата баяу қадамдармен мешітке қарай кетті. Біраз уақыттан кейін мешітте хазірет Әлидің (ғ.с.) дұғасының дауысы естілді. Мүміндер мешітке қарай жылжып, оның артында тұрып намаз оқыды. Бірінші рәкатта басын игенде өшпенділік пен надандық қылышы хазреттің басын екіге жарып, сақалы қанға былғанды. «Алланың атымен және Алла елшісінің дінімен, Қағбаның Раббысымен ант етемін, құтқарылдым»,- деген хазірет Әлидің (ғ.с.) сөздері естілді. Сол кезде Жәбірейілдің дауысы аспан мен жер арасында жаңғырды: «Аллаға ант етемін, тура жолдың тіректері бұзылып, пайғамбарлық білімнің жұлдыздары қараңғы болып, тақуалық белгілері жойылып, илаһи сенім байланысы үзілді».
Хазірет Әлидің (ғ.с.) билігі бес жылдан аспады, бірақ бұл уақыт адамдар сөздің тура мағынасында әділеттілікке қол жеткізіп, илаһи жетекшілер мен басқа басшылар арасындағы айырмашылықты білуге жеткілікті болды. Билікке құштар, түрлі амалдармен халыққа үстемдік жүргізетін басшылардан айырмашылығы - хазірет Әли (ғ.с.)Алланың құлы ретінде қызметке құмар және осы мақсатта әрқашан халықпен бірге болды. Негізі Аллаға қызмет ету болып табылатын үкіметте халық пен қоғам басшыларының арасындағы қашықтық өте аз болады. Өйткені олар бір мақсат үшін бірігіп жұмыс істейді және Алланың заңына барлығы бірдей жауапты. Бұл үкімет мейірімділікке сүйенеді. Әли (ғ.с.) өзінің әкімі Мәлік Аштарға жазған хатында Алдымен өзін Алланың құлы деп атап, былай деп жазды: «Адамдардың көп бөлігіне мейірімді болып, жақсы мінез-құлықты жүрегіңізде сақтаңыз және оларға сүйіспеншілікпен және жақсылықпен қараңыз, ешқашан оларды олжа деп санайтын жыртқышы болмаңыз».
Күш пен батылдық – хазірет Әлидің (ғ.с.) басты ерекшеліктері. Қасиетті Құран аяттарының бірінде мүміндерді сипаттауда олардың кәпірлерге қаһарлы және ашулы екендігі және олардың өз араларында ең мейірімді адамдар екендігі айтылады. Хазірет Әли (ғ.с.) осы илаһи сипаттың нақты үлгісі. Әлидің (ғ.с.) қол астындағы қызметкерлері, әсіресе жетімдер мен кедей-кепшіктерге әрқашан мейірімді әке ретінде қарайтын. Бірақ кәпірлермен және мүшріктермен соғысып, мазлұмдардың әділдігі мен құқығын қорғап жатқан жерде Әлиден (ғ.с.) асқан батыл әрі күшті ешкім жоқ еді. «Хейбар шайқасы» деп аталып кеткен Ислам пайғамбарының соғыстарының бірінде Пайғамбар әскерінің қолбасшылары Хейбар бекінісін аша алмаған соң, Ислам пайғамбары: «Ертең мен туды Алланы жақсы көретін және Алла мен Алла Елшісі оны жақсы көретін адамға беремін»,- деді. Келесі күні Пайғамбар туды Әлиге (ғ.с.) беріп, күшті Хейбар бекінісі Әлидің (ғ.с.) күш-құдыретімен мұсылмандар қолына түсті.
Алла Елшісінің (с.ғ.с.) қамқоршысы әрі мұрагері имам Әли (ғ.с.) шәһид болуы Қадір түні деп аталатын түндердің бірінде шәһид болды. Әли (ғ.с.) Алладан игі болашақ тілейтін түндерде оны өзіне үлгі ету үшін адамдарға кемел адамның айқын бейнесін ұсынады. Оның сөздері адам талабына сай, адамгершілік қасиеті бүгінде көп дертке дауа. Бұл адамдарға, әсіресе билеушілерге қауіп төндіреді. Хазірет (ғ.с.) руханилық пен Аллаға деген сүйіспеншіліктен алыстаған жүректерді емдеу үшін көптеген жолдар мен әдістерді ұсынған. Олар өмір беретін дәрілер. Имам Құранға жақын болуды адам жүрегінің өмір сүруінің себебі деп санайды. Құран адамның жүрегінен күпірлік, екіжүзділік, бүлік, адасушылықты алып тастап, оны нұрландырып, мәңгілік өмір береді.
Хазірет Әли (ғ.с.) Құранмен дұрыс қарым-қатынас жасаудың жемісі туралы былай деді: «Хабардар болыңыз! Бұл Құран – адастырмайтын тура жол көрсетуші, еш уақытта өтірік айтпайды. Біліңдер, Құранмен болған адам мұқтаж болмайды, Құрансыз мұқтажсыз бола алмайды. Ендеше шипаны Құраннан сұраңдар, қиын кезде Құраннан жәрдем тілеңдер, өйткені Құран ең үлкен дерттерге, яғни күпірлікке, екіжүзділікке, бағынбаушылыққа, адасуға дәрмен. Алладан тілектеріңізді Құран арқылы сұраңыз, Құранға сүйіспеншілікпен Аллаға жақындаңыз».
Жүрек өмірінің тағы бір факторы – ойлау. Дана Алланың аяттары мен белгілерін ойлау, пенделеріне берген илаһи нығметтерін ойлау және Алла Тағаланың хикмет, құдірет, кемел сипаттары туралы ойлау. Имам (ғ.с.): «Ойлау – көріпкелдің жүрегінің өмірі»,- айтады. Әли (ғ.с.) көзқарасы бойынша, жүректің өмірін сақтау және оның өлімінен сақтану үшін жолдас, дос, өмірлік серік таңдауда өте сақ болу керек. Кейбір сахабалар өлімнің көзі болса, кейбіреулері өмірдің көзі. Ол былай дейді: «Жақсы адамдармен араласу – жүрек тірлігі».
Хазірет Әли (ғ.с.) өмірінің соңғы сәттерінде адамдардың жақсылығы мен бақыты туралы ойланып, балаларына, туыстарына және барша мұсылмандарға дұрыс өмір сүрудің негізгі тұстарын ұсынды. Алланың жалғыздығына және Алла елшісінің пайғамбарлығына куәлік еткеннен кейін ол өз өсиетнамасында былай деді: «...Уа, Хасан, мен саған және менің барлық бала-шағама, отбасыма және осы жазбам жеткен мүміндердің әрқайсысына Аллаға тақуалығын өсиет етемін. Исламды қабылдамайынша бұл дүниені тастама. Бәрің де Алланың жібіне берік болыңдар, тарамаңдар. Мен Пайғамбардың «Адамдарды тура жолға салатын намаз бен оразадан артық нәрсе жоқ. Адамдар арасын кек пен бұзақылық бұзады, Алланың жәрдемінен басқа күш жоқ» деп айтқанын естідім. Туыс-туғандарыңызға көңіл бөліңдер, олармен қарым-қатынаста болыңдар, сонда Алла сізге есеп беруді жеңілдетеді. Жетімдер туралы ойлағдар, оларды кейде тоқ, кейде аш қалдырмаңдар, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Жетімнің мүлкіне қол салғандарға тозақ отын уәжіп еткендей, Алла бір жетімнің шығынын өз мойнына алған адамға, оның есесіне оған жәннатқа кіруді уәжіп етеді» деген».
Хазірет Әлидің (ғ.с.) өсиетнамасы: «Алланың атымен, Құранды ұмытпаңдар, оған сай амал етуде басқалар өзіңнен озбасын. Көршілеріңізді ұмытпаңдар, Пайғамбар (с.ғ.с.) олар туралы тапсырған. Раббыңның үйін ұмытпаңдар, тірі болғандарынша сендерден бос қалмасын, Алланың үйі босқалса, саған мұрсат берілмейді. Қажылардың алатын ең аз сыйы – өткен күнәларының кешірілуі. Дініңіздің ең жақсы амалы және тірегі болған намазды ұмытпаңдар. Раббыңның ашуын басатын зекет туралы ұмытпаңдар. Оразасы оттан қалқан болған Рамазан айын ұмытпаңдар. Кедейлер мен мұқтаждарды ұмытпаңдар, олармен бөлісіңдер. Алланың жолындағы жиһадты мал-мүлкіңізбен және өміріңізбен есептеңіз. Алла жолында екі адам соғысады: бірі – жолдың әміршісі және басшысы, екіншісі – оған ерген мойынсұнушы».
Тарихтың ұлы тұлғасы хазірет Әлидің (ғ.с.) шәһид болған күніне байланысты, әлемнің барша мұсылмандарына көңіл айтамыз.