Рамазан 2023: Ұлылық жолында (17)
«Макарам Ахлақ» дұғасында былай деп айтылды: «Уа, Алла! Мен сенің кешіріміңе бет бұрдым және сенің кешіріміңе келдім және сенің кешіріміңді аңсаймын, сенің рақымыңа тәуекел еттім, менде сенің кешіріміңді алатын ешнәрсе жоқ, кешірімге лайық амалым жоқ. Өзім туралы ойланып, істерімді бағалағаннан кейін мен сенің рақымың мен мейірімділігіңнен басқа пана жоқ деген қорытындыға келдім. Хазірет Мұхаммадқа (с.ғ.с.) және оның отбасына салауат айт және маған мейірімді бола гөр».
Бұл үзіндінің алғашқы үш сөйлемінде хазірет Алладан кешірім сұрайды. «Кешірім» – Алланың ерекше сыйы және кешіруден жоғары мағынаға ие. Кешірімділікте ар-намысты сақтау да бар. Күнәһар Алладан кешірім сұраса, ол Алладан абыройын сақтап, күнәларын әшкере етпеуін, кешірім тілейтінін білдіреді. Бұл «кешірім» тек қылмыс пен күнәға қатысты қолданылады және қылмысты қудаламауды білдіреді. Тұтқынға рақымшылық жасалса, бұл оның қылмысы бұдан былай жауапқа тартылмай, бостандыққа шыққанын білдіреді. Алла Тағаланың кешірімі күнәһарларға үміт ұялатып, адамдарды көптеген бақытсыздықтар мен жоқшылықтардың бастауы болып табылатын үмітсіздік қаупінен сақтайды.
Хазірет Алладан кешірім сұрап: «Уа, Раббым, егер мен сенен кешірім сұраған болсам, мен сенің кешіріміңді қатты ұнатамын және өзіңе қарай асығамын», - дейді. Иә, адам өзінің жалғыз емес екенін және оны шексіз бір күштің үнемі бақылап тұрғанын іштей сезінеді. Оның даусын естіп, оған назар аударады. Оның көз жасын, қызметшілерін еркелетіп жатқанын көреді. Тіпті кейде адам бала сияқты өзінің бар ынта-жігерімен Алланың құшағында болғанды ұнатады, өйткені шексіз кешірім, рақымдылық және сүйіспеншілікке ие екенін біледі.
Бұл үзіндіде хазіреттің (ғ.с.) Аллаға айтқан дұғасынан мистикалық сипатқа ие болады. Имам Саджад (ғ.с.) былай дейді: Уа, Алла, мен сенен кешірім сұраймын, бірақ өз бойымнан бұл кешірімге лайықты ешнәрсе таппаймын. Сондықтан мен сенің кешірімің мен рақымыңа лайық емеспін деп өзіме үкім шығарамын, одан кейін маған сенің рақымың мен мейірімің ғана қалады!
Имам Саджадтың (ғ.с.) менің кешірімге лайық ешнәрсем жоқ деп айтуы нені білдіреді? Алла Тағалаға ең жақсы құлшылық пен ықыласпен қызмет етуді ұсынып, күнә жасамаған дін жетекшілері қалайша өздерін сауапқа лайық көрмей, қалай амалдарын ешнрәсе емес деп саанйды? Негізінде бұл сөздер имам Саджадтың (ғ.с.) барынша кішіпейілділік пен құлдықты білдіреді және мистикалық өтініштер болып табылады.
Алланың әулиелері сондай дәрежеге жетіп, өздерінің барлық амалдары мен мойынсұнушылықтарын Алланың алдында кішкентай және елеусіз көреді және Алланың ұлылығымен салыстырғанда, олар жасаған нәрселердің барлығын жоғары деңгейде орындаған жоқ деп санайды.
Имам Хұсейн (ғ.с.) Арафадағы әдемі дұғаларында Аллаға өзі туралы: «Уа, Раббым, жақсылығы да жаман болғанның жамандығы қалайша жаман болмасын?» - дейді. Имамның ниеті – Сенің ұлылығың мен ұлы сипаттарыңның алдында менің жақсылықтарым жаман болып саналсын, енді жаман істерімнің тағдыры не боларын білмеймін. Аллаға жақын болғандар Алланың бар болуы мен Оның рақымы мен сыйларының алдында барлық нәрсені кемшілік ретінде көреді. Осылайша шын ықыласпен, көз жасы мен дұғасы арасында Алла Тағаланың шексіз рақымы мен кешірімін тілейді.