Рамазан 2023: Ұлылық жолында (18)
(last modified Thu, 13 Apr 2023 15:03:48 GMT )
Сәу 13, 2023 21:03 Asia/Almaty
  • Рамазан 2023:  Ұлылық жолында (18)

Мың айдан да биік саналатын Рамазан айының соңғы онкүндігі мен Қадір түндері келді.

Осы нұрлы ай күндерінің әр сәтін пайдаланып, имамдардың нұрлы сөздерімен ілгерілеу мен білім баспалдақтарына көтеріліп, Аллаға жақындау кеңістікті тыныс алу қандай жақсы.

Имам Саджад (ғ.с.) адамдардың кемелдікке жету жолында қасиетті дұңалар ұсынды, олардың арасында «Макарем Ахлақ» дұғасы жарқырайды. Бұл дұғаның бір бөлімінде былац деп айтылған: «Уа, Алла! Тілімді адамдарды  тура жолына нұқсау үшін ашық қыл және жүрегіме тақуалық ұялатып, мені ең жақсы істерде табысты ет және барлық таза істерде нәсіп ет және мені ең ұнамды істерге тағайында». Сөз құдіреті – Алла Тағаланың ұлы нығметтерінің бірі, ол да кез келген нығмет сияқты азапқа айналуы мүмкін. Яғни, жақсы сөз татулық пен сүйіспеншілікті тудыратыны сияқты,  ыдырауға да әкелуі мүмкін. Сондықтан тілді дұрыс қолдану өте маңызды. Имам Саджад (ғ.с.) осы құнды үзіндіде сөз берекесінің маңыздылығына тоқталып, Алладан оның сөзін басқаларды ақиқатқа жетелеп, адасушылықтан шығару жолында қоюын сұрайды.

Сөз құдіретін адамдарға бағыт-бағдар беруге қолдану – үлкен кемелдік. Исламның сүйікті елшісі ең жоғары үлгісі болған Алланың пайғамбарлары бұл нығметтен барынша пайдаланды. Имам Саджад (ғ.с.) теңдесі жоқ Жаратушыға жалбарынуын жалғастырады: «Уа, Раббым, жүрегіме тақуалығыңды ұялат. Шабыт – уахидың бір түрі, Алла оны құлының рухына арашасыз салады».

Адам ақиқат жолында жүріп, үнемі Алладан тақуалықтың табысын тілесе, Алла Тағала да оның ұстазы әрі жолбасшысы болып, ұғымдар мен ақиқатты оның жүрегіне тікелей жеткізеді. Бұл тақуалықтың бірінші дәрежесі емес, ол илаһи уахи мүмінге жол көрсететін тақуалықтың ең жоғарғы дәрежесі болып табылады. Имам тақуалықты сұрағаннан кейін Алладан ең қайырлы амалды сұрайды. Біз адамдар ең жақсы әрекеттің не екенін білмеуіміз мүмкін бе?

Имам да осыны Алладан сұрайды. Имам бұл өтінішімен адамның әдеттегі сауығу жолына қанағаттанбай, әрқашан ең жақсысы мен ұнамды жолды іздеу керектігін көрсетеді. Ол ең жақсы болуға ұмтылып, кемелдік пен жақсылыққа ұмтылуы керек. Сосын имам «уа, Алла, маған сенің ең жоғары разылығыңа ие болатын істі нәсіп ете гөр» деп телуді жалғастырады. Егер біз адамдар, Алланың ризалығын барлық болмысымызбен қаласақ және іс жүзінде Алланың разлығына ие болғымыз келсе, біз барлық материалдық және рухани салаларда дамудың  шыңына жете аламыз. Сонда біз адам болуда, басқалармен араласуда, әйел алуда, бала тәрбиелеуде, дін, саясат, бизнес және басқа салаларда ең жақсы және тиімді боламыз.

Осы жарқын сәтте имам тағы да біз адамдарға дұға етудің және Алладан сұраудың ең жақсы жолын үйретті, осылайша біз жақсыны білуіміз, оларды дұғаларымыздың басымдықтарына қоюымыз және ең жақсы болуға қадам жасауымыз керек.