Рамазан 2023: Ұлылық жолында (19)
Өмір сүру мен пенделіктің ең жақсы, ең дұрыс жолын білу және оны ұстану - қиын іс.
Имам Саджад (ғ.с.) «Макарем Ахлақ» дұғасында Алладан ең жақсы жолға жетелеуді сұрайды. Олар Алладан: «Уа, Алла! Мені ең жақсы жолға апарып, дініңің ізбасары ете гөр, мен соған сәйкес өлемін және соған сәйкес өмір сүремін»,- деп сұрайды. Ең жақсы және ең дұрыс жолды білу және оның ережелерін сақтау оңай емес.
Адамның сезім мен көріністерге бейімділігі өте жоғары, сондықтан ол ұзақ жылдар бойы пұттарға табынуға бет бұрды. Тіпті Бәни Исраил халқы Аллаға құлшылық еткеннен кейін Құранда айтылғандай Мұсадан (ғ.с.) пұт сұрады. Исраил ұрпақтары ұзақ жылдар перғауын мен перғауын жақстарының тұтқынында болды және Мұса пайғамбар оларды Алланың құдіретінің нұрымен құтқарып, теңізден аман-есен алып шықты. Бірақ Бәни Исраил халқына Алла Тағаланың барлық рақымы мен түрлі нығметтерін бергеніне қарамастан, пұттарға табынып, тура жолдан тайды.
Осыған орай «Ағраф» сүресінің 138-аятында былай делінген: «Исраил ұрпақтарын теңізден өткіздік. Сонда олар бұттарына шоқынған бір елге келді: «Әй Мұса! Бұлардың тәңірлері құсаған бізге тәңір жаса» деді. (Мұса ғ.с.): «Шынында сендер білмейтін елсіңдер» деді.
Адамдардың ықыластары мен олардың нақты нәрселерге табынуға бейімділігіне кері, Алланың діні уахи мен ғайыпқа шын жүректен сенуге негізделген. Аллаға иман келтіру және басқа дүние мен қиямет күніне сену – барлық пайғамбарлар адамдарды шақырған маңызды мәселелер.
Имам Саджад (ғ.с.) бұл үзіндіде: «Уа, Раббым! Мені мейіріміңе бағындыр және қиямет күні сенің дініңмен өліп, сенің дініңмен қайта тірілетіндей ет»,- деп тілейді. Тақуа адамдар үшін тақуалық өмірден кейін өлу өте маңызды және олар мұны адам бақытының өлшемі деп санайды, сонымен қатар дінсіз өлу және рухани және материалдық ластанумен өлу құдайшыл әулиелердің алдында өте айыпты, олар мұны қасірет пен бақытсыздықтың өлшемі деп атайды. Осы себепті имам Саджад (ғ.с.) Алладан ең жақсы жолға түсуін, сондай-ақ осы жолдағы өмірі мен өлімін сұрайды. Бұл дүние және ақырет бақытына кепілдік беретін жол. Адамның бақытқа қалай жететінін бір Алла хабардар екенін имам толық біледі. Өйткені ол адамдардың барлық материалдық және рухани қажеттіліктерінен хабардар. Сондықтан әр намазда «Хамд» сүресін оқу парыз және мұсылмандар әр намазда «Хамд» сүресін оқығаннан кейін мына аятты қайталайды: «Бізді тура жолға сала гөр». Енді надан өмір жолын анықтағысы келсе, қателесетіні сөзсіз.
Пұтқа табынушылар, отқа табынушылар, сиырға табынушылар және т.б. өз сенімдерін ең жақсы жол деп есептеп, адамдарды соған шақыратындар адам баласының барлық рухани қажеттіліктері мен істеріне лайықты жауап бере алмайды.
Бұл туралы Құран Кәрімнің «Рум» сүресінің 32-аятында: «Сондай олар діндерін бөлшектеп, топтарға бөлініп, әрбірі өз алдындағыларына мәз болғандар»,- деп айтылды.