Рамазан 2023: Ұлылық жолында (21)
(last modified Mon, 17 Apr 2023 10:43:07 GMT )
Сәу 17, 2023 16:43 Asia/Almaty
  • Рамазан 2023:  Ұлылық жолында (21)

Рамазан – Алладан жәрдем сұрау айы. Бұл өзін-өзі қалпына келтіру және есептеу, ерік-жігерді нығайту және нәпсіні тежеу маусымы.

Имам Саджад (ғ.с.) «Макарам Ахлақ» дұғасының бір тарауында осы мәселеге тоқталып, Алладан: «Уа, Алла! Рақымыңмен нәпсімнен оның еркіндігі мен сұлулығына себеп болатын нәрсені алып таста және оған жақсылық болатын нәрсені қалдыр, өйткені сен оны қорғамасаң, менің рухым жойылады»,- деп сұрайды.

Адамда білім көтерілсе, пенденің Алламен сөйлесуі  сүйіспеншілікпен әрі шынайы болады. Имам Саджад (ғ.с.) осы нұрлы үзіндіде Алладан оның рухындағы және өзі мен Алланың арасындағы қарым-қатынасқа кедергі болып табылатын барлық нәрселерді алып тастауын, осылайша оның рухын құтқаруды сұрайды. Енді оны мен Алланың арасында ешбір кедергі болмайды. Қызметші өзінің нәпсісіне шағымданады, өйткені нәпсі адамды кез келген жерге апарады, бәріне жабысады. Имам Алладан жанды тек Аллаға ғана сүйенетіндей етуді сұрайды. Бұл өтініш Хұсейннің ұлы Имам Саджадтың (ғ.с.) мистицизмі мен тазалығының шыңын көрсетеді.

Аллаға ғашықтар материалдық өмірдің бұғауларына байланбайды. Олар жүректерін өшпенділіктен, көреалмаушылықтан, тәкаппарлықтан, шектен тыс нәпсіқұмарлықтан және байлыққа табынудан тазартты. Олар материалдық қажеттіліктерге мән беріп, күнкөріс үшін талпынғанымен, өмірді ақыреттің шаруасы санап, әрқашан илаһи разылыққа ұмтылады. Алла Тағала да осындай құлдарын қатты жақсы көреді және оларға Дәуіт пайғамбарға былай деген: «О, Дәуіт, мені сүйгеннің досымын, мен серігімнің серігімін, мені атап құрметке ие болғанның досымын». Имам (ғ.с.) нәпсісіне назар аударып: «Уа, Алла! Жақсы жақса қарай өзгеруіме себеп болып табылатын өз нәпсімнен өзіме қалдыр. Өйткені сен оны қорғап, қауіп-қатерден сақтамасаң, менің жаным жойылу қаупінде»,- деді.

Адамның жойылуының себебі оның нәпсі болып табылады және бұл үлкен дұшпан адамдарды күнәға, зұлым істерге шақырады. Ол Алланың рақымы мен мейіріміне бөленіп, қауіп-қатерден сақталмаса, адамның жойылуына жол ашады. Имам Әли (ғ.с.): «Нәпсің сенің қас жауың, оны жең, әйтпесе ол сені құртады».

Нәпсінің  қауіп-қатерінен сақтану үшін Алладан көмек сұрау керек, діни парыздарды орындауда иман күшімен, қамқорлықпен бүлікшіл нәпсіні бағындыру, оны ақылға тапсыру керек.Осындай ұлы жеңіске қол жеткізген адам адамгершіліктің ең биік дәрежесіне жетеді