Рамазан 2023:  Ұлылық жолында (22)
(last modified Tue, 18 Apr 2023 12:10:21 GMT )
Сәу 18, 2023 18:10 Asia/Almaty
  • Рамазан 2023:  Ұлылық жолында (22)

Алламен сөйлесу - бұл психикалық денсаулыққа арналған шешімдердің бірі.

 

Алламен сөйлесу - бұл психикалық денсаулыққа арналған шешімдердің бірі. Мәселелерді айтып, бүкіл болмыс қолында болған Алладан пана іздеу адамды тыныштық жағасына шығарып, үмітсіздіктен арылтады. «Макарем Ахлақ» дұғасының 20-шы тармағы - депрессия мен қайғыдан құтылудың негізгі шешімі. Бұл дұғада имам Саджад (ғ.с.) Раббысына былай дейді:

«Уа, Алла, мұңайсам қорымсың, мұқтаж болғанымда панашымсың. Уа, Алла, сен менің айқайыма жауап бересің және мен жоғалтқанның бәрі сенің жаныңда қауіпсіз, ал бұзылған нәрсені Өзіңнің арқанда қалпына келтіруге болады, ал жаман нәрселерді жақсылыққа айналдыра аласың. Уа, Раббым, қиыншылыққа түспей тұрғанда мені жарылқап, денсаулық бер, сұрамай тұрып мұңымды орында және адаспай тұрып тура жолға сал. Сондай-ақ мені пенделерді азаптаудың қиындығынан сақтай гөр. Қиямет күні маған амандық бер және маған жақсылық жасауды нәсіп ете гөр».  

Қайғы – қайғы-қасірет пен қиындықтарға тап болған адамдардың табиғи түрде болатын күйі. Адам өзін және өзіне қатысты барлық мәселелерді жақсы көріп, уақыт дөңгелегі өз еркіне сай айналуын қалағандықтан, ол бәле-жаладан мұңаяды, кейде аузын шағымданып, Аллаға дөрекі болады. Бірақ уақыттың өтуі Алланың хикметті ережелеріне сәйкес келетінін білу керек. Имам Әли (ғ.с.) бұл жайында былай деген: «Алла Тағала дүние істерін жеке адамдардың рахаты мен қанағат етуіне қарай емес, қажетіне қарай басқарады». Олай болса, Аллаға шынайы иман келтірген пенде барлық қуанышты немесе қайғылы оқиғаларда Оның үкіміне разы болып, Алланың әмірі мен қалауына жан-тәнімен мойынсұнады және бұл асыл көңіл-күй шынайы иманның белгісі.

Бұл тармақтың жалғасында имам Саджад (ғ.с.) жаман қасиетке тоқталып, Алладан оны жоюды сұрайды, өйткені бұл айыпты қасиет адамдардың жан тыныштығын алады. Имам көрсеткен  орынсыз сипаттардың бірі – басқаларды ренжіту. Адамдар кейде қызғаныш, өшпенділік, сараңдық және осыған ұқсас қасиеттерімен басқаларды мазалайды. Шындығында, әлемде ешкім жаман сөйлейтіндердің зұлымдығынан және кінәлілердің мазалауынан қауіпсіз емес. Осы себепті имам (ғ.с.) Алла Тағаладан өзінің мәңгілік құдіреті арқылы зұлымдардың зұлымдығын жойып, олардың айыбын табуын сұрайды. Имам Саджад (ғ.с.): «Уа, Алла! Адамдардың дүниесі мін іздеу мен жаман сөздің кесірінен ашу мен ренішке толы. Қиямет күні тілдің күнәсі оларды кінәлі етіп, жазаға тартады. Бұл күнәні барынша азайту үшін адамдарға  тура жол көрсету керек. Сондықтан адамдарға ең жақсы жол көрсетуім және тілден туындаған қиындықтарды түсіндіруім үшін мені табысты ет». Әрине, имам Саджад (ғ.с.) ғана емес, ардақты Пайғамбар (с.ғ.с.), оған дейінгі және одан кейінгі пәк имамдар да (ғ.с.) осы жолда шынай талпынып, халыққа тілді  өзгерту жөнінде көп бағыт-бағдар берді. Рамазан тіл мен әрекетті жақсартудың ең жақсы мүмкіндігі. Сондықтан қасиетті Қадір түндерінде Алладан тілімізді түзеп, имамдардың сөзімен өзімізді жетілдіруді сұраймыз.