Рамазан 2023: Достың қасында (22)
(last modified Tue, 18 Apr 2023 12:13:30 GMT )
Сәу 18, 2023 18:13 Asia/Almaty
  • Рамазан 2023: Достың қасында (22)

Барлық дұғалардың ішінде оның орындалуы адамдардың барлық мәселелерін шеше алатын, барлық адамдардың әділеттілікті орнату және  зұлымдықты жою  көптен бергі тілегін орындай алатын бір дұға бар. Ол дұға – Алланың таңдаулы қолы мен халифасы басқаратын илаһи үкіметтің құрылуына тілейтін дұға.

Түн болып, қаланың күйбең тірлігі тыныштыққа ұласты. Пайғамбардың қызы Фатима (ғ.с.) үй шаруасын бітірді. Бөлменің құбылаға қараған бір бұрышына төсеніш жайып, намаз оқыды. Баласы Хасан (ғ.с.) анасының дұғасына куә болды. Анасының барша мұсылман ерлер мен әйелдер үшін дұға жасап, Алладан олардың әрқайсысына бақыт, мейірім, жақсылық пен береке тілеп жатқанын естіді.  Хасан (ғ.с.) анасының өзі туралы қалай дұға еткенін, Алладан қандай жақсылық пен бақыт сұрағанын тағатсыздана күтті. Түн өтті, таң атты хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) бар уақытын өзгелер үшін дұға етумен өткізді. Имам Хасан (ғ.с.) анасының өзі үшін дұға еткенін естіген жоқ. Таңертең себебін сұрағанда анасы: «Жаным балам! Алдымен көршіңіз, сосын өз үйіңіз» -деді.

Иә, өзгені өзінен жоғары қойып, өзіне дұға етуден бұрын барша мүміндерге дұға ету - жомарт адамдардың қасиеті. Барлық дұғалардың ішінде оның орындалуы адамдардың барлық мәселелерін  шеше алатын, барлық адамдардың әділеттілікті орнату және  зұлымдықты жою  көптен бергі тілегін орындай алатын бір дұға бар. Ол дұға – Алланың таңдаулы қолы мен халифасы басқаратын илаһи үкіметтің құрылуына тілейтін дұға.

Мұндай үкімет құру туралы уәде барлық илаһи діндерде әрқашан болған. Тарих куәландыратындай, илаһи діндерді ұстанушылар әрқашан құтқарушының пайда болуын күтіп, оның орындалуы үшін дұға еткен. Алла Тағала пайғамбарлар жіберген сайын дұрыс үкімет орнатуға жағдай дайындады. Бірақ Алланың уәдесі орындалып, құтқарушы келмек болған сайын, көрегендік пен пайданы ойлаған адамдар тек өз қалауларын орындап, мұқтаждықтарын өтеуді көздеп, дұрыс үкіметті қажетінше қолдамады.  

Исраил ұрпақтары Мысыр перғауынынан қиын жағдайға тап болғанда, Алла Тағала оларға Мұса пайғамбардың (ғ.с.) туылуын және пайда болуын уәде етті. Олардың ғалымдары жиналып, халықты хазірет Мұсаның (ғ.с.) келуі үшін дұға етуге шақырады. Хазірет Мұса дүниеге келді және біраз уақыттан кейін перғауынға қарсы шықты. Мұса (ғ.с.) Исраил ұрпақтарын перғауынның зұлымдығынан құтқарып, Алланың көмегімен Ніл өзенінің толқындарынан жол ашып, олардан аман-есен өтуге мүмкіндік берді. Исраил ұрпақтары Перғауын мен оның серіктерінің теңіз толқындарына қалай түсіп, суға батып кеткенін өз көздерімен көрді. Алайда перғауынның уысынан құтылған соң, Алла Тағалаға шүкіршілік етудің орнына, лайықсыз істерге бет бұрып, Мұса пайғамбарға (ғ.с.) орынсыз өтініштер жасады. Олардың Мұсадан алғашқы өтініштері: «Біз сеніп, құлшылыққа шақыратын Алланы көрмейміз, біз пұттардың құдайы сияқты құдайды қалаймыз, бізге де олардың құдайлары сияқты тәңір бер.

Осы оқиғадан кейін хазірет Мұса (ғ.с.) ғибадат ету үшін Тор тауына шығады. Оны сонда отыз күн ғибадао жасауға шақырылды. Бірақ бұл кезең қырық күнге созылды. Осы уақытта Самари есімді адам алтын бұзау жасап, исраилдіктерге: «Бұл сендердің құдайың және Мұсаның құдайы!» - деді. Исраил ұрпағы оған сәжде етті.

Соңғы пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.) тұсында көптеген кітап иелері, әсіресе Мәдиналық яһудилер ақырзаман пайғамбарының келуін күтті. Олар Мәдина мен оның төңірегінде шоғырланды, сонда олар сол пайғамбар келген кезде оған басқалардан ерте иман келтіреді. Құран Кәрімнің «Бақара» сүресінің 146-аятында былай деп айтылды: «Өздеріне кітап бергендеріміз (Мұхаммадты с.ғ.с.) ұлдарын танығандай таниды. Негізінен олардан бip тобы (ғалымдары) шындықты біле тұра  жасырады». Бірақ әлгі Пайғамбар дүниеге келіп, оларды Ислам дініне шақырған кезде оның мақсаттарының өз нәпсілерімен үйлесетінін көрмеді, оның шақыруын қабылдамай, онымен қайта-қайта соғысты. Әрине, кейбір араб тайпаларымен бірге кейбір яһудилер де мұсылман болды және осылайша Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Исламды енгізіп, Мәдина мен оның төңірегіндегі қалаларда Алланың дінін орнықтырды. Үкіметі екі негізге негізделді: жазықсыз басқару және Құранның илаһи заңдары. 

Құранның илаһи заңдарының бірі адамның қадір-қасиетін сақтау болатын. Алла Тағала «Исра» сүресінің 70-аятында: «Расында Адам баласын ардақтадық. Сондай-ақ оларды құрылықта да, теңізде де көліктендірдік. Әрі оларды жақсы нәрселермен қоректендірдік. Әм оларды жаратқандарымыздың көбінен не құрлым артық  жараттық»,- деп айтылды. Бірақ адамның қадір-қасиеті нені білдіреді және оны қалай сақтау керек?

Алла Тағала «Хужрат» сүресінің 13-ші аятында: «Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың»,- деді. Демек, адамдық қадір – тақуалықпен сақталатын, нығайтылатын нәрсе. Тақуа – Алланың алдында күнә жасаудан ұялумен бірдей. Алланы дүниенің жаратушысы және оның іс-әрекетінің бақылаушысы деп санайтын адам Алланың алдында Оның әмірлерін елемеуден ұялады. Ондай адам жеке өмірінде ғана емес, қоғамда да сүрінбейді және қателіктен сақтану үшін оған ешбір сыртқы күш қажет болмайды, қателесуден сақтайтын барлық күш оның ішінде. Мұндай адамдардан құралған қоғам заңсыз қоғам емес, бірақ ол заң мен жазаға азырақ мұқтаж, тіпті мадақтау мен марапатқа мұқтаж емес. Мұндай қоғамның адамдары тек Алланың разылығы үшін ғана зұлымдық пен сыбайластықтан алыстап, тек Алланың разылығы үшін ғана әділдікпен әрекет етеді және әрине мұны өз қалауымен жасайды.

Ықтияр, таңдау - нығметтердің бірі, Алла Тағала Адам атаның балаларына соның  негізінде жаратқан. Адамның басқа жаратылыстардан айырмашылығы осы таңдауда. Адамның қадір-қасиеті – жақсылыққа мәжбүрлеу емес, өз еркімен жақсылыққа ұмтылу. Демек, үкімет ізгі адамдар үкіметінің құқығы, әрине бұл үкіметтің әміршісі ең ізгі адамдардан болады және адамдарға құрметпен қарайды. Рамазан айында біз Алладан бізге бір күн болсада ізгі адамдар үкіметінеде өмір сүруге мүмкін етуді сұрайды. «Уа, Алла, Ізгі үкіметте өмір сүргіміз келеді».  

 

Пайғамбар (с.ғ.с.) және хазіреттің пәк ізбасарлары әрқашан халықтың абыройын сақтап, қоғамды басқаруға тырысқанымен, қоғамда өз мүдделері үшін билеушінің қадір-қасиетіне қиянат жасайтындар бар. Тарих  хазірет Әли (ғ.с.) Муавиямен соғысқанда, хазіреттің осы қадір-қасиеті бір топ сахабаның оған бағынудан бас тартып, соғысуды тоқтатып, Муавиямен бітімге келуге мәжбүр еткенін ұмытпады. Хазірет адамдардың дұрыс жолды өз таңдауымен табуын қалаған, сондықтан олар халықтың әлі қажетті интеллектуалдық дамуға жетпегенін көргенде, оларды ешқашан дұрыс нәрсеге, яғни Муавия және оның екіжүзділігімен күресуге мәжбүрлемеген.  Ислам тарихында   пайда мен өз мүддесін ойлайтын адамдардың болуы үлгілі ислам қоғамының қалыптасуына кедергі болды.

Біз тек өз пайдасын ойлайтын адамдардан болмасақ екен, өйткені  уәде етілген хазірет Мәһди (ғ.с.) үкіметінде ондайларға орын жоқ. Ол ақиқаттың бір бөлігін жүзеге асыру немесе бүкіл құқықты әлем халқының бір бөлігіне әкелу үшін емес, Исламды толығымен жүзеге асыру үшін келеді.